Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Мадрид келіссөз үрдісі.

4.2. Мадрид келіссөз үрдісі.
АҚШ пен КСРОның белсенді дипломатиялық қарым-қатынасының нәтижесінде 1991 жылы 30 қазан - 3 қараша аралығында салтанатты түрде Мадрид конференциясы өтті.
1991 жылдың 18 қазанында бейбіт келісімге толығымен келіспей отырған мемлекеттерге АҚШ пен КСРО хат жолдады. Олар БҰҰның 242 және 338 қарарларына сүйене отырып конференцияға Израиль, Сирия, Ливан, Иордания және Египет мемлекеттерін шақырды. БҰҰнан бақылаушы адамдар болды.
Мадрид конференциясы үлкен дайындықты талап етті. Екі жақ бұл конференцияны өз жағына өз жағына тиімді өткізуге тырысты.
Мадрид конференциясы қолға ұстарлық нәтиже бермеді, оны сәтті деп айтуға болмайды. Бұл оқиғаның маңыздылығы мен тарихи маңызы- қарсылас қарама-қарсы топтарды келісімдер үстеліне отырғызып, шешімін тапқан жағдайда аймақтың халықтарына бейбітшілік пен тұрақтылық әкелетін мәселелерді айқындауға мүмкіндік берді.
Конференцияны бейбітшілік үрдісінің демеушілері (коспонсорлары) ашты. Алғашқы кіріспе сөзбен Дж.Буш пен М.Горбачев шықты. АҚШ-тың көшбасшысы араб-израиль қақтығысына қатысушыларды территориалдық компромиске және басқыншылыққа ұшыраған араб территориясындағы израилдық қоныстар мен Иерусалим статусы сияқты өткір сұрақтарды айналып өтіп, палестина мәселесінің әділетті шешімін табуға шақырды. КСРО басшысы Таяу Шығыста бейбітшілікке жетудің ерекше мүмкіндігін атап көрсетті. Бейбітшілік үрдісінің демеушілердің артынан ЕС өкілі Нидерландының сыртқы істер министрі Ханс ван ден Брок пен Египеттің сыртқы істер министрі Амр Муса сөз сөйледі. Біріншісі Израилге басқыншылыққа ұшыраған территориясында израилдық қоныстарн салуды тоқтатуға және арабтарға европа елінің сауда шет қақпайлауынан бас тартуға ұсынды. Екіншісі қақтығысты шешу жөніндегі араб позициясын көрсетті: 1) Израильдің палестина халқының құқықтарын сақтауы; 2) Иордан ө., Газ сызығы мен Голандық биіктіктерде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарының талаптарының тарауы; 3) бейбітшілікке кедергі ретінде болған Шығыс Иерусалимді қоса басқыншылыққа ұшыраған территорияларда израилдық қоныстарын салуды тоқтату; 4) қасиетті Иерусалимнің ерекше статусын мойындау.
Мадрид конференциясы екі жақтың жүзеге асыруға міндетті шешімдерді қабылдауға құқылы болған жоқ, және де ол екі жақ келген қандай да болсын келісімдерді қайтарып тастауға құқылы болған жоқ. Конференцияның қайта шақырылуы жұмысқа қатысқан барлық қарама-қарсы топтардың келісімімен ғана қайта жүзеге аса алды.
Конференциядан кейін бірнеше ай өткен соң 1992 жылдың басында мадрид келісімдерінің аясында аймақтың түрлі мәселелерімен айналысатын көпжақты арнайы жұмыс топтары құрылды. Мысалы, қарулану мен аймақтық қауіпсіздікті қадағалау, аймақтық экономикалық даму, су ресурстары, экология, босқындар сұрақтарымен. Әрине, бұл комиссиялардың жұмысының нәтижелілігі саяси реттеу үрдісіне тікелей байланысты болды.
Мадрид конференциясынан соң екі жылдан кейінгі Вашингтаонда өткен израиль-араб келіссөздерінің 11 раунды айтарлықтай нәтижелерге әкелген жоқ. Көп жылдардан бері шатасқан шумаққа айналған таяушығыстық қақтығыстың жылдам әрі оңай шешілетінін күтуге болмады. Жағдайды, сонымен қатар, жинақталған өзара сенімсіздік, күдіктілік, дұшпандық, кейде жекелеген көшбасшылардың жеке амбицияларымен де қиындатты.
Бүкіл келіссөздік үрдіс бір жақтың арандатушылық әрекеттерінен дәл шегіне бірнеше рет келіп қалып тұрды.
Ең қатал инцедент- Израиль үкіметінің ешкім көмек бере алмайтын шөл аймағы ливан-израиль уақытша бітім сызығында бірнеше израилдық әскерінің өліміне әкелген бірнеше әскери қимылдарға қатысты 415 палестиналықтарды 1992 жылдың желтоқсанында депортациялау туралы шешімі болды.
И.Рабин өз үкіметінің қимылын терроризмге қарсы күрес пен бейбіт үрдістің дамуына деген қамқорлығы деп ақтады.
Палестиналықтар Израиль депортацияға ұшырағандарды отанына қайтармайынша ешқандай бейбіт келіссөздерге бара алмайтындықтарын айтты.
Израиль билігінің бассыздығы мен зорлық-зомбылығы, израилдық әскермен қатаң басылған, басқыншылыққа ұшыраған территорияларда қарсылықтық демонстрациялар толқынын әкелді.
Палестиналықтардың өтінішімен 1992 жылдың 18 желтоқсанында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі депортацияланғандарды қайтару туралы сұранымы бар 799-шы қарары қабылдады.
1993 жылдың 1 ақпанында израилдық жақтан шығарып тасталған палестиналықтардың мәселесі бойынша компромистік шешім ұсынылды: 100 депортацияланғандардың қайтуына рұқсат беру, ал қалғандарына 1993 жылдың аяғына шейін қайтуына рұқсат ету.
Осымен аймаққа үнемі мазасыздық беріп тұрған инцедент аяқталды. ПБҰның Израильмен келіссөздерді шет қақпайлауы туралы ұсынысы не араб мемлекеттерімен, не БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған жоқ.
Сол уақытта норвегиялық СІМ құпия келіссөздер арқылы қақтығысты шешу концепциясын құрастырды. Оның авторларының ойлары бойынша, бейбіт келіссөздерге қарсы болған халық қабаттарының қоғамдық ойларының қиратушы потенциалын шектейді. Мадрид формуласының негізінде қалыптасқан, яғни ПБҰ өкілдерінсіз, палестина делегациясы қатысқан Вашингтондағы ресми келіссөздермен қатар, Норвегияда құпия байланыстар басталды.
Ақпараттың шығып кетуін минималдау үшін білетіндер шеңбері қатаң түрде шектелді. Бейбіт үрдіске қарсылардың сыртқы жақтан ықпал етуінен қорғалғандықтан келіссөздер өз нәтижесін жылдам бере бастады. Болашақ палестина-израиль келісімдерінің алғашқы құжаттар топтамалары 1993 жылдың ақпанында болған екінші кездесуде-ақ ұсынылды. Құпия келіссөздердің нәтижелілігін біз ресми арналардың айтуы бойынша белгілі болған Вашингтонда өткен 2 кездесу де еш нәтиже берген жоқтығынан, ал құпиялы бойынша өткен 12 раундта келісімнің бөлімдері топтамаларын қарастырылуынан айқындалады.
1993 жылдың жазына қарай құжат топтамасы бойынша жұмыс аяқталды. Қол қойылған палестина-израиль келіссөздердің заңды күші болу үшін ПБҰ мен Израиль бір-бірін мойындау қажет.
1993 жылдың 9 қыркүйегінде ПБҰ-ның Тунистегі бас пәтерінде (штаб квартирасында) ПБҰ төрағасы Израильді мемлекет деп тану тураы хат мәтініне қол қойды. Сол күні Израиль премьер-министрі ПБҰ-қа қатысты жауап қадам жасады.
Уақытша өзін-өзі басқару принциптері туралы Декларацияға қол қою рәсімі Израиль премьер-министрі И.Рабиннің, ПБҰ көшбасшысы Я.Арафат және АҚШ президенті Б.Клинтонның қатысуымен Ақ Үйдің көгал жерінде өтті. Келісімге Израильдің Сыртқы Істер министрі Ш.Перес, ПБҰ-ның атқару комитетінің мүшесі М.Аббас және де таяушығыстық реттеудің кодемеушілері ретінде Ресей мен АҚШ-тың сыртқысаяси ведомстволарының басшылары қол қойды. Мамандар бұл келісімді өзара жаңа қарым-қатынастардың негізін құрастырған, палестиналық мемлекеттіліктің негізін қалаған қарама-қарсы топтардың арасындағы қатынасының маңызды алға жылжушылығы деп атап өтті. Бұл сәттің палестина халқы үшін маңыздылығын М.Аббас айтқан сөзінен көруге болады: “бір жарым сағат бойы біз аптаған күннің астында тұрдық... Ақ Үйдің көгал жерінде тұрып мен біздің бүткіл халықтың енді ғана күн астындағы орынын тауып, ал оның өмірге құқын мойындамағандар бұл оқиғаның куәгері болғанындай сезіндім...”

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]