Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Жасөспірімдер

Жасөспірімдер - 16-18 жас аралығындағы балалар. Бұлар ересек жасқа әлі жетпегендігімен, жеткіншек жастағы қылықтарын қойып, өзгелерге дұрыс қатынаса бастайды. Сырттай қарағанда мәдениетті, көмектесуге даяр тұрады. осы уақытқа дейін ойнап, тапсырмаларды дұрыс орындамай жүрсе, осы жаста келешегін ойлап, мамандық таңдауға кіріседі, оқуға салмақты қарайды. Жақсы оқуға тырысады. Ақыл-ойы едәуір дамып, өз ісіне, ойына дәлелді талдау жасап, рефлексиясы дамиды. Негізгі әрекеті оқу мен еңбек. Кейбіреулері мектепте қалса, енді біреулері мамандық таңдап, қалаған оқу орындарына барып оқиды. Жауапершілігі ұлғаяды, өздері, туғандары және өззгелер жайлы ойлап, қамқоршы болады.
Денелерінің дамуына келсек, жеткіншек жастағы бойының дамуы тоқтайды, әсіресе бойы. Бірақ, кеудесі, қол-аяғының бұлшүық еттері әлі өсетін болады. Қыздардың бойы 17 жасқа, ұлдардың бойы 18 жасқа дейін өседі. Егепр жеткіншек кезде қыздардың салмағы менбойы ұлдардан басым келетін болса, жоғары кластарда ұлдар қыздардың бойын қуып жетеді. Қыздар мен ұлдар бұл кезде күшті келеді.
Физиологиялық жетілу жағын алсақ, органдарда әртүрлі. Жасына орай психикасының дамуында кездесетін ерекшеліктер жыныс процесінің дамуына ба йланысты. Бұлшық еттерінің, сүйектері мен шемішектерінің өзгеруі де осы өзгеруі де осыған байланысты. Сонымен қатар теампераменттеріне де байланысты.
Баланың психикалық, анатомо-биологиялық дамуына оның әлеуметтік орны да көп әсерін тигізеді. Cонымен қатар, оның айналысатын жұмысы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Мысал үшін, 50 жыл бұрын өмір сүрген бала мен қазіргі бала арасында көп айырмашылық табуға болады.




















Ең алдымен біз жасөспірімдерді азамат деп атаймыз, себебі олар осы жасқа жеткенде есея түседі. Және бұлар жеке тұлға бола алады. Психолог мамандардың айтуынща өз істеріне өздері жауап бере алады, өзбеттерімен шешім қабылдайды, психикалық тұрғыдан сау. Ал, психикалық мүгедек адамдарды біз жеке тұлға деп атай алмаймыз.
Ал азамат болудың өзі қоғам қатынасының жемісі. Осылай деп анықтама беру азамат қасиеттері( мақсатқуалаушылық, ардың болуы, өзгелердің мүддесімен санасу, қиыншылықтан бас тартпау, берген уәдесінде тұру,..) баланың есеюөміріндегі әлеуметтік қатынастың жемісі.
Азаматтық қасиетке жасөспірім тек өзі жөнінде ойланып қоймай, өзгелердің, коллективтің мүддесі мен қамын ойлай білуі де жатады.Өзгелерді де ойлай отырып, өнеге бобла алады, азамат юолады.
Жеке тұлғалық қасиеттің ең бір көзге түсетін белгісі - мінез-құлқының, ісінің моральдық мөлшерге дәл келуі. Егер жастайынан ары болса, жеке басын көпшілік алдында көрсете алса, ойы мен пікірін дұрыс дәлелдей алса, бұл тұлғалық көрсеткіші.
Жеке тұлғалықтың тағы бір көрсеткіші - өззбеттілік қасиеті. Олар үлкендердің қамқорлығынан босап, өзбеттерімен әрекет етуді қалйды және осыдан бастап дами түрседі.
Қиыншылықтан бас тартпауды алсақ, осы қасиет өспірімде күшті дамиды. Себебі, кім еңбек не оқу қиыншылығынан қорықпай, осыларға ұмтыла білсе, сол оқушылар көптің көзінше тұлға деп есептеледі. Сонымен қатар, осы қасиетұлдар ұлдардың өзгелер алдында өзін көрсеткісі келіп, әсіресе қыздардың алдында тиісті объектіге барлық күшін салып ұмтылады. Бірақ осының өзі кейде тек өзін көрсету үшін болуы мүмкін.
Тұлғалық қасиеттің көріністерінің бірі - әр өспірім өз уәдесінде тұруы. Егер ол өзгені алдап кетіп, берген уәдесінде тұрмаса, осының өзіазаматтық қасиет емес. Себебі бұл әрекеті үнемі оны аңдып, алдына кедергі болады, өзгелер оған сенбейтін болады.
«Мен» қасиеті өспірімдерде де болады. Және олар өздерінің жасына сай қасиет, мүмкіндіктерін барынша көрсеткенге даяр болады. «Мен» деген мағынаны психологтар адам өзіне өзі тең екенін білу деп түсіндіреді. Осы жастағы кейбір қыздар айнадан өз ажарын көріп, түрінің өзгергенін сезіп, қатты ойлана түседі. Бұл ойлану ажардың өзгеруінен емес, әркім өз денесінің өзгеше келуіне риза болмай, осы туралы қапалануынан да кездеседі. Бұлардың бәрі өспірімдердің жас ерекшеліктеріне сай қасиет. Қапаланудың себебі өздеріне жолдас, кейде болашақ жар іздеу де болуы мүмкін. Осының нәтижесінде, өінің қаншалықты ажарлы болып кеуіне және денесінің әсем екеніне үлкен мән беріп, осы қасиеттерді қалайда дамытып, жақсартуға тырысады. Жасөспірімдер өздерінің «мен» қасиетін өз ісін, қылығын бағалаумен байланыстырады. Өз келешегі жөнінде арман ететіндіктен, өзінің әрбір кемістігіне, сәтсіздігіне мән беріп, осыған талдау жасайды. Осы жастағыларда өзін бағалаудың мнадай түрлері кездеседі: бірі - өзі туралы алдын-ала көздеген мақсатын қаншалықты жүзеге асырғанымен, салыстырып теңдестіреді. Егер өзінің бұл турыалы ойлағаны мен өзгеклердің соған қойған бағасы дәл келсе, осы жетістікке жеткенінің белгісі деп санайды. Ал керісінше болса, сәтсіздік деп түсінеді. Және бұл өзін төмен бағалауға әкелуі мүмкін. Ал, екінші түрі - өзгелердің өзі жөніндегі пікірін жинап, соларды өзара салыстыру арқылы кеміс жақтарын білу. Мұндай жағдайда, өз ісі жөніндегі бағасы оған берген ересекткр бағасына дәл келмеуі ықтимал. Мысалы, олар өздері қалаған шешімді дұрыс деп біледі, ал үлкендер мұны қате деп табады. Мұны еске алмағанда бала өзі және ісі жөнінде өзгелрдің бағасын салыстырып, қажет жағдайда кемшілігін түзете алады. Бұл өспірім өмірінде ерекше рөл атқарады. Себебі, егер әркім өзінің кеміс жағын, табыстарын дұрыс бағалай алса, осының өзі бұдан дұрыс қорытынды жасап, алдағы кезде өз мінез-құлқын, ісін одан әрі жақсартуға мүмкіндік ббереді.
«Мен» әркелкі болады(шындығында кім, өзгелер үшін кім, қандай болғым келеді, келешекте кім). Меннің әр жағдайға байланысты түрлері жөнінде бала ойланып, әрекет үстінде өзінің көпшілік алдында қандай орын алатынын бағалап және осыны өзгелердің берген бағасымен салыстырып, сөйтіп өзінің «мен» деген байлығын одан әрі дамыта түседі. Өз пікіріне қарағанда өзгелердің пікірлері дәл келеді. Сондықтан «мен» қасиетін өзгелер көмегімен ғана дәл анықтай алады, тек әлеумет қана көмек бере алады. Егер «мені» дұрыс болмаса, бұл фантастикалық тұрғыда болып, кедергі болады. Соымен қатар, өзіне сыни тұрғыдан қарай білгені абзал.
Жасөспірімдердің ересектермен қарым-қатынасы жеткіншек жасқа қарағанда түзеле түседі. Өзгеру себебі мынада: егер жеткіншектердің үлкендермен келіспеушілігі көбіне оны ешкімнің аңдымауын, қамқорлық жасамауын билікті өзіне беруін қалауы. Ал есейген сайын осының қате екенін түсініп, үлкендермен қатынасы қзгере түседі. сонымен қатар, өспірімдердің үлкейген сайын есі, ақылы толысады. Осының нәтижесінде, жасөспірім мен туыстарының арасында бұрынғы түсінбеушілік жойылып, түзеле түседі. Қарым-қатынастағы өзгерістермен бірге баланың өзбеттілігі де дами түседі. Бірақ тлпынудың мазмұны өзгереді: бала үлкендер сияқтықызмет ету үшін көп оқып, еңбектену қажет екендігін, өз бетімен өмір сүріп, игіліктерді өндіру оңайға түспейтінін сезе бастайды. Осындай өзбеттіліктің түріне ұмтылу - әке-шешесінің қамқорлғынан, соның ішінде экономикалық жәрдемнен, бірте-бірті босану деген сөз. осындай қамқорлықты жөн көрмегенімен, қол үзгісі де клмейді. Өзбеттілікке бірден енеалмайды, себебі барлық өмірлік мәселелерді өздері шеше алмайды. Оларға демеу болу қажет. Бұл жағдайда баланың еңбекке ерте араласуы оның дамуына, азамат болуына бірден-бір жол аша алады.
Ал өз құрбыларымен қарым-қатынасын алсақ, оның бұл қасиеттері жеткіншекитерге қарағанда ірі өзгерістерге ұшырайцды. Жолдас-жоралары, достары бұрынғыдай құр босқа соны ермек етіп, уақытын бос өткізбей, көбінесе өз оқу мақсатын көздейді, болашағы туралы толғанады, достарынан пікірлесуді қалайды. Құрбыларын қай салада көп білетіндігіне, қызығушылығына қарап таңдайды. Себебі адам тек өз оқығанымен ғана дамымайды, қоршаған ортасы, қатынас жасау шеңберіне қарап та дамиды. ОЛар әр кезде бір болып, бір-біріне көмек береді, әңгімелеседі, білмегендерін сұрап біледі. Және бұл оқу жұмысында да көмектеседі, нәтижелі болады. Қызықты уақыт өткізіп, жалықпайды. Оқу таңдау қызығушылығымен қоса, жолдасының мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, түсініктерінеде мән береді. Ішкі пейілдерінің сай келуі де жолдастық қатынастың орнығуына әсеретеді. Бұл жақсы түсіністік пен қарым-қатынасқа әкеледі.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]