Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Жаңа экономикалық сасат жылдарындағы Қазақстан.

Жаңа экономикалық сасат жылдарындағы
Қазақстан.



Өскемен 2007ж
а) Экономикалық саясаттағя өзгерістер
Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністер:
• 307 кәсіпорынының 250-і жұмыс істемеді.
• 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру – 4 есе, көмір өндіру- 5 есе қысқарып,мыс өндіру мүлде тоқтады.
• Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты.
• Өнеркәсіп өнімі 6,3% болды.
• Егіс көлемі Оралда 2 есе,Жетісуда 3 есе қысқарды.
• Мал саны 29,9 млн-нан – 16,3 млн.-ға кеміді.
1921 жылы кеңес үкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуді ойластырды:
- Азық-түлікті, отынды тегін босату;
- Коммуналдық қызметтерді тегін көрсету.
- Ақысыз асханалар ашу туралы деректер қабылдау.
Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады:
• Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды.
• 1921 жылғы ақпан – 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты.
• 1921 жылғы науырыз – Оралда 10 мың бүлікші көтерілді.
• Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия және кеңес қызметкерлері көтерлісшілер қолынан қаза тапты.
XX ғ. 20ж. басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаю себептері:
- Мемлекеттік еңбекші халыққа күш қолдану саясаты.
- 1921-1922 ж.ж жаппай ашаршылдық.
- Мал шаруашылығының ауыр жағдайы.
- Егін алқаптарының күрт азаюы.
Осы жағдайлардан ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалардың
мүделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат қажеттігі айқындала түсті.
• 1921 жылғы наурыз – жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды ( партияның X съезі)
ЖЭС-тің белгілері:
- Азық- түлік салығы.
- Сауда еркіндігі.
- Жерді және ұсқ кәсіпорындарды жалға беру.
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
ЖЭС-тің мәні- салғыртта салықпен ауыстыру.
• 1921 жылғы наурыз-сәуір - өлкеде салғарт салықпен ауыстырылды.Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды.
• 1921 жылғы маусым – Орынбордағы өткізілген 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС- ке көшу туралы айтылды.
Жаңа экономикалық саясатпен бірге тотаритарлық, авторитарлық башылыққа көшу басталды.

ә) 1921-1922 жылдардағы ашаршылық
Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді.
1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны 1/3 бөлігін қамтыды.
• 1921 жылғы қараша – 1млн.508 мың адам;
• 1922 жылғы науырыз – 2 млн.303200 адам.
Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей губернияларын аштық жайлады. Аштыққа індет қосылып, 1922 ж маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар менауру лар 82%-ға жетті.
Астық мол болған Семей, Ақмола тубернияларынан азық-түлік отрядтары ауыл шаруашылық өнімнің 80%-ын әкетті. Жиналған азық-түлік пролетариат орталықтары – Мәскеу,Петроград, Самара, Казан, жіберді.Нәтижесінде Қазақстанның астықты аймақтарының халқы ашыға бастады.
Кеңес өкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді:
• 1921 жылғы 14 маусым – «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды.
• 1922 жыл – егістіктің 60%-на Кеңес үкіметі берген дән себілді.
• 1922 жылғы 4 тамыз – ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн сом берілді.
• 1922 жыл мал сатып алу үшін 2 млн.131 мың сом бөлінді.
Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті:
• 2 млн пұт астық жіберілді.
• Республикадан 20 мың ашыққан адам қабылданды.
Осындай ауыр жағдайға қарамастан, 1921 жылы 7 қазанда В.И.Лениннің үдеуіне байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон балық жіберді.
1921-1922 жылғы аштықтың салдары:
• Демографиялық жағдай ауырлады.Орынбор,Қостанай, Ақтөбе Орал губернияларында халық саны 1/3- не дейін азайды.
• 700 мыңнан астам адамдар республикадан тыс жерлерге көшіп келді.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]