Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Сорғыш сипаттамасы

Сорғыш сипаттамасы .
Сорғыштар мен тораптың (су өткізуші құбырдың) бірлескен жұмысы, параллель және тізбекті жұмыстары тұрғызылады.
Сорғыштың маркасы мен типін таңдау тасушы беруінің негізгі шарттарын орындауға негізделген қажетті шығын мен арын. Өнімділігі Q және арыннан H басқа айдауыштың жұмысын толық N және пайдалы қуат Nn ,пайдалы әсер коэффициенті η сипаттайды.
Сорғыштарға мыналар қолданылады:
-сорғыштың арыны Н-бұл меншікті энергия сорғыштың соратын қысқа құбырынан (сорғышқа кіретін жері)айдауыштың қысқа құбырына дейінгі(сорғыштан шығатын жері) өсімі. Геометриялық талдауда (интерпритацияда) арын дегеніміз ол сұйықтың көтерілу биіктігі немесе арын көтеру қашықтығы,м;
-сорғыштың беретін (шығын) Q –бұл м3/с, м3/сағ,л/с уақыт бірлігінде сорғышпен берілетін сұйық көлемі немесе сорғыштың өнімділігі ;
-сорғыштың қуаты N қажетті арынның пайда болуына және кедергіні жеңуге қолданылады, кВт;
-пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) қозғалтқыш тетіктің механикалық энергиясының сорғыш арқылы қозғалыстағы сұйықтың
энергиясына айналуына байланысты шығынды ескереді және жұмысының басқа параметрлері өзгерген кездегі сорғыштың пайдаланылуының мақсатқа сәйкестігін анықтайтын экономикалық
параметр болып табылады.
Сумен жабдықтау, суды әкету, жылыту және жылу энергетикасы жүйелерінде көбінде қалақты сорғыштар, арын мен берудің үлкен кеңістігінде (диапазонында) жұмыс істейтін ортадан тепкіш және өстік сорғыштар қолданылады. Ортадан тепкіш сорғыштардың жұмыс істеу принціпі мынадай: жұмыс доңғалағының айналуы кезінде сұйыққа ортадан тепкіш күш Fо әсер етеді, осы күштің әсерінен сұйық жұмыс доңғалағынан арынды қысқа құбырға беріледі. Fо-ның пайда болуына байланысты жұмыс доңғалағының ортасында разрядталу пайда болады. Ал жұмыс доңғалағының шеткі бөлігінде қысым көбейеді.
Сорғыштың агрегатын таңдау және есептеу кезінде оның жұмысының шамаланған (құю кезіндегі жұмыс,су көзінен суды алу), суды тұтынушыға беру (бірқалыпты немесе бірқалыпсыз беру) және де тұтынушының суды қолдануды көбейту мүмкіншілігін немесе жоғары деңгейде қосымша су беруді ескеру қажет. Бұл ерекшеліктер курстық жұмысты орындау кезінде ескеріледі және жұмыс


сорғыштарының саны оларды іске қосу сызба нұсқасы (сорғыштың қатар және тізбектелген жұмысы), сорғыш сипаттамасы (жұмыс доңғалағының айналу саны немесе диаметрі), сорғыштар мен тораптың бірлескен жұмысы өзгерген кездегі сорғыш станцияларының немесе сорғыштың жұмысын реттеуге мүмкіндік береді.
Сорғыштың маркасы мен типін таңдауда туындайтын ең негізгі есептің бірі оның толық арынын анықтау, соратын және айдауыш (арынды ) құбырдағы арын жоғалуын анықтау болып табылады.
Сорғыштың маркасы мен типін таңдау үшін керекті есептік шығынға сәйкес өнімділігінен басқа оның толық арынын (Н) анықтау қажет.
Сорғыштардың соратын құбырлары тек болат құбырдан жасалады.
Сору құбыр желісінің қалыпты жұмыс істеу тәртібі.құбыр желілері пропорциональды су мөлшерін өткізеді.
Екі сору құбыры болғанда, олардың әрбіреуі екі есе аз шығын өткізеді.
Сорғыш станциясы тәулік бойы бірқалыпты жұмыс істейтін діктен,сорғыш типін таңдауды келесі әдістеме бойынша жүргізуге болады.
Сорғыштың параллель жұмысы дегеніміз сорылатын сұйықтың бірнеше сорғышпен бір су өткізуші құбырға бір мезгілде берілуі. Сорғыштың параллель жұмысына қажеттілік керекті су шығынын бір сорғыштың беруімен қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда туындайды.
Ортадан тепкіш сорғыштар тек қана тең арын аймағында параллель жұмыс атқара алады.
Сорғыштардың тіркескен жұмысы дегеніміз бір сорғыштың қотарылатын (сорылатын )сұйықты екінші сорғыштың соратын қысқа құбырына беруі . Одан ары сұйықбір сорғыштың жұмысымен салыстырғанда үлкен арынмен арынды құбыр желісіне құйылады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]