Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ӘЖЕЛЕР ӨМІРІ ӨНЕГЕ

ӘЖЕЛЕР ӨМІРІ ӨНЕГЕ
Қазиза апа,
мешіт намазханы.

Егер осыдан жиырма жыл бұрын «Қазақстанда Ислам діні қайта өркендейді, үлкен- кіші мешіттерге барып мінәжат жасап, Құдайға құлшылық жасайды,»- десе мен сенбес едім. Өйткені, сол кезеңдегі саясат тұрғысынан алып қарағанда бұл барып тұрған құр қиялдай көрінетін. Екінші жағынан, кеңес өкіметі дінді тұншықтырып ұстағаны соншалық, бас көтерген адам жазықсыз жалаға ұшырап, түрлі қудалауға ұшырауына тура келетін. Молдалардың өзі жаназаны шығарғанда да көп жағдайда құпиялау көрінетіні сондықтан еді.
Жасы жеткен қариялар кей кезде кейігенде: «Құдайдан қорықпайтын бұл заман не болып кетті? Әйтеуір түбінің жақсылығын берсін,»- деп бастарын шайқап, торыққандарын көзімізбен көрдік. Олар сонда да ауыздарынан «біссімілләсін» тастамай тәуба десіп, бар мен жоқты қанағат тұтты. Жатса да, тұрса имандылықты санамызға сіңіруге тырысты. Міне, сондықтан менің замандастарым діліне, дініне қастерлі құрметпен қарады. Қаншама өздерін «дінсізбін» деп сол дәуір мойындатқысы келгенімен, жан- дүниесінде беймәлім қарсылық имандылықтан аттап кетуге жол бермей, ата- бабаларымыздың салт- дәстүрін, жөн- жоралғысын көмескіленуіне көнбеді.
Мешітке адамдардың көптеп келе бастауы бертініректе ғой. Өскеменде мешіттің қалай ашылғаны бәрі көз алдымызда. Облыстық телеарнадан мешіттің ашылғаны, оған жаңадан имам тағайындалғанын естіп, хабарланған мекенжайға жұма күні барғанымызда бізді Зылиқа әже қарсы алып, төрде отырған жас жігітті имам деп сырттай таныстырды. Мешіт деген аты болмаса, бар болғаны ескі үйдің екі бөлмесі ғана екен. Оған да шүкіршілік қылып, Құран оқытып, садақамызды беріп қайтып жүрдік. Уақыт өте келе намаз үйрене бастадық.
Күндердің күнінде «Мешіт қаланың Сафонова көшесіне көшіпті» дегенді естіп, адасып жүріп оны да таптық. Бұл да шағын үй екен. Пеште от лаулап жанғанымен, бөлме іші өте салқын еді. Ораза кезі әрі күн жұма болғандықтан отызға жуық жамағат жиналдық. Имам баламыз азан шақырып, «Аллаһу акбар» дегеннен бастап, намазға тұрған кейбір адамдардың көз жастары жауынның тамшыларындай жайнамазға төгіліп түсті. Құран сөздерінің құдіреттілігін, ал оқу мақамының жүректі қалай елжіретіп, тербететінін тұңғыш рет сонда байқадым.
Мешітке келген сайын имамымыз: «Имандылықтың кілті- тазалықта, тақуалықтың кілті- лә илләһә иллаллаһ, «Мұхаммадур расуллаһ» деп зікір айтуда және намазды дұрыс оқуда»- деген уағыздары мешітке бір рет кіріп шыққан адамды да имандылыққа бет бұруға демеу салғандай болатын. Ораза айт намазында жамағат саны жетпістей адам санын құрады. Сол тұста мешіт бұрынғы «Факел» кинотеатрына көшіп кетті де, Айт намазына сонда жиналдық. Намаздан кейін Халифа Алтайдың қазақ тілінде шыққан «Бейнелі намаз» кітабын тегін таратты. Өте риза болып, қуанып қалдық. Мешітке қанша барып жүрсек те имамымыздың аты- жөні Ибраһим қажы Қарнақбайұлы екенін сонда білдік. Бәлкім, бұл біздің білімді дін адамын тұңғыш рет көргендіктен тегін сұрамай келгендігіміз және жас та болса да оны өте құрмет тұтып сыйлағандығымыз болар деп ойлаймын.
Десек те, кинотеатрды мешітке бергеніне іштей ренжулі едік. Біріншіден, алқам- салқамы шыққан кинотеатрдың мешітке берілуі жергілікті биліктің мұсылман қауымының талап- тілегін орындап, үлкен ғимаратқа көшірдік деген найза бойламас құлық- сұмдығы болса, екіншіден, қаншама жөндеуден өткізіп, сылап- сыйпасаң да жалаңаш адамға шапан кидіргендей мешіт талғамына ешқандай сай келмейтіндігі, үшіншіден, оны жөндеп құлшылық ғибатханасына айналдыруға кететін қаржыға жаңа мешіт салу әлдеқайда арзанға түсетіні анық болатын. Шынымды айтсам, сол кездегі қазақы намысымызды әлдекімдер көпе- көрнеу қорлағандай, аяғымен
1


таптағандай жыларман күйде жүрдім.
Қазіргі Өскемен орталық мешіті ашылғандағы қуанышымызды тілмен жеткізіп айта алмаймын. «Ақ түйенің қарны жарылып, Аллаһ Тағала тілеген тілеуімізді берді» дестік. Мешіт жанынан діни дәріс беру курсы ұйымдастырылғанда Түркиядан келген Ережеп Чифшиден араб тілінен сабақ оқи бастадық. Әжелердің де қатары көбейе түсті. Кейіннен Мұстафа Шал ұстаздық етті. Бастапқыда біздер түрікше, олар қазақша түсінбей біраз қиналғанымыз бар. Бірақ уақыт өте келе олар қазақ тіліне тез төселіп кетті. Сабақ оқу бізге де жеңілдеді. Арабша тіл сындырып қана қоймай, Құранды өз бетімізше оқуға машықтандық. Қызыға, құмарлана, құлшына оқыдық.
Қай жылы екені есімде жоқ, Бараат түнін мешітте қарсы алып отырғанымызда бір әйелдің:
- Тезірек далаға шығыңдар. Аспанда жазу сияқты құбылыс көрінеді,- дегенін ести сала далаға шықтық. Міне, ғажап! Жарты аспанды алып, оңтүстік жақта көк аспанға «Аллаһ» деген жазу көзге оттай басылып, анық көрініп тұрды. Бұл түнгі 12- ден 27 минут өткенде баршамыз таңқалдырған керемет оқиға еді. Бұлт тез тарап кетті.
2003 жылы Ибрагим қажы Қарнақбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің бұйрығымен Қарағанды облысының өкіл имамы болып тағайындалды да, оның орнына Қондыбай қажы Акпаров келді. Оның ең алғаш азан шақырып айтқан уағыздарына жамағат шын жүректен ұйыды. Сонда Мұстафа ұстаз «Сіздерге тағы бір тақуа, тәртіпті, жауапкершілігі мол имам келді. Мешіттеріңіздің жұмысы жанданып, жамағаттарыңыз көбейеді,»- деген еді. Қонақ аз отырып, көп сынайды демекші, айтқаны дәл келді. Оған бүгінгі мешіттің тынысы, жамағат санының артқаны куә болса керек.
Мұстафа ұстаз Түркияға кетерінің алдында сабағына үзбей қатысып жүрген 37 шәкіртінен емтихан алды. Өзінің төрт жылда сіңірген еңбегінің нәтижесін көргендей: «Сендер бұдан былай да сабақтарыңды жалғастырыңдар көбің Құран- хатымды ешкімнен кем оқымайсыңдар. Молда болмағанда өздерің оқыңдар,»- деп риза көңілмен Түркияның Қазақстандағы елшісі Мұстафа Юлдыздың қолы қойылған куәліктерді табыс еткен еді- тін.
Одан кейінде біз ұстазымыздан алған білімімізді үнемі толықтырумен болдық. Биылғы жылдан бастап Аллаһтың қалауымен, Қондыбай қажы Серікбайұлының өтінішімен Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің ұлықсатымен дінтанушы жас маман Ербол Нұраллаұлы Жүсіпов мешіт жанындағы діни дәріс беру курсына ұстаз болып келді. Араб, түрік, ағылшын, қазақ тілдерін жетік меңгерген Ербол баламыздың сабағына келушілердің қатары тіптен көбейе түсті. Ол нүніне үш маусыммен әр топтағы 30- 40 адамға дәріс беріп жүр.
Әжерел де бұрынғы оқығандарын сусап шөліркен жүргендей, оның әрбір өткен сабағынан нәр алып, Құранды қырағаттап оқу дәрежесіне жетіп қалды. өткен Мәуліт мерекесінде Құран жарысына 8 әже қатысып, Мәзипа Көжебаева бірінші орынды, Рахима Сүлейменова екінші орынды, Рәзия--------------------, үшінші орынды иеленіп, жүлдегер деп танылып, оларға бағалы сыйлықтар мен Мақтау қағаздары табыс етілді. Бұның өзі әрбір сабақта әдістемелік құралдарды пайдалана отырып, үйретуден жалықпайтын мінезі салмақты да төзімді, ісіне жауапкершілікпен қарайтын Ербол ұстазымыздың еңбегінің жемсі деп білеміз.
Әжелер тобындағы аң жасы үленіміз Мәзипа Көжебаева 82 жаста, ал қалғанымыз 60 пен 70 жастан жоғары. Біздер Рәзия-----------, Шәрипа ---------------, Ж.------------- --------------, Рахима Сүлейменова, Бибісара--------------, Нағима -------------, Ғайния ---------------, Нұрлығайын-------------, Әмина-----------, Нұрбану-------------, Зәуре---------------, Өскемен орталық мешітінің бас имамы Қондыбай қажы Акпаровқа, ұстазымыз Ербол Жүсіповке аналық- әжелік шын жүрегімізден ризашылығымызды білдіреміз. Аллаһ Тағала олардың дендеріне саулық, бойларына қуат, отбасыларына амандық беруін тілейміз.





2

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]