Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Бұйымдар және өнімдер" шоты

Бұйымдар және өнімдер" шоты
Бұл шотта өндірістік (оқулық) шеберханалардың, қосалқы ауылдық және оқу-тәжірибелік шаруашылықтардың дайын бұйымдары мен өнімдері, сондай-ақ дайын баспа өнімі есептеледі.
03 "Бұйымдар мен өнімдер" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
030 "Өндірістік (оқулық) шеберханалардың бұйымдары";
031 "Қосалқы (оқулық) ауылдық шаруашылықтардың өнімдері".
030 "Өндірістік (оқулық) шеберханалардың бұйымдары" қосалқы шотында өндірістік (оқулық) шеберханаларда әзірленген дайын бұйымдар, сондай-ақ дайын баспа өнімі есептеледі. Дайын бұйымдар мен баспа өнімі оны дайындауға жұмсалған іс жүзіндегі шығындардың деректері бойынша анықталатын іс жүзіндегі құн бойынша есептеледі.
Қоймада дайын бұйымдар мен баспа өнімі қабылдау актілерінің немесе басқа да құжаттардың негізінде кіріске алынады.
Дайын өнімнің сомасына 030 қосалқы шотының дебеті және 080 қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жүргізіледі.
Өткізілген өнімнің сомасына 030 қосалқы шоты кредиттеледі және 280 қосалқы шоты дебеттеледі.
Дайын бұйымдар мен дайын баспа өнімінің талдама есебі атауы, мөлшері мен құны және сақталу орны бойынша н. 296-а карточкаларында жүргізіледі.
031 "Қосалқы (оқулық) ауылдық шаруашылықтардың өнімдері" қосалқы шотында қосалқы ауылдық шаруашылық және оқу-тәжірибелік шаруашылықтардың өнімдері есептеледі.
Өнімді кіріске алған кезде 031 қосалқы шоты дебеттеледі және 081 қосалқы шоты кредиттеледі.
Өнімді өткізген кезде өткізілген өнімнің жоспарланған құны 031 қосалқы шотының кредитінен 281 қосалқы шотының дебетіне жазылады.
Шаруашылықтың өз мұқтажына арналған өнім 06 шоттың тиісті қосалқы шотына 031 қосалқы шоттан көшіріледі.
Мұндай жағдайда, бір жылда алынған ауыл шаруашылығы өнімінің іс жүзіндегі құны жоспарланғаннан жоғары болса, өткізілмеген өнім бойынша айырмашылықтың сомасына 031 қосалқы шотының дебеті және 081 қосалқы шотының кредиті бойынша қосымша жазу жүргізіледі, ал өткізілген өнім бойынша 281 қосалқы шоты дебеттеледі және 081 қосалқы шоты кредиттеледі.
Егер бір жылда алынған ауыл шаруашылығы өнімінің іс жүзіндегі құны жоспарланғаннан төмен болса, онда айырмашылықтың сомасына (үнем сомасы) өткізілмеген өнім жөнінде
031 қосалқы шотының дебеті және 081 қосалқы шотының кредиті бойынша, ал өткізілген өнім жөнінде 281 қосалқы шотының дебеті және 081 қосалқы шотының кредиті бойынша теріс санды бухгалтерлік жазу жүргізіледі.
Қосалқы ауылдық қосалқы және оқу-тәжірибелік шаруашылықтардың өнімін талдамалық есептеу атауы, саны, құны және сақталу орны бойынша н. 296-а карточкаларында жүргізіледі.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]