Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Материалдық запастар

Материалдық запастар
Бұл бөлімнің шоттарында бюджеттік ұйымға тиесілі құрылыс материалдары, қондырғы жабдықтары, материалдар, тамақ өнімдері, отын мен жанармай, мал азығы, жем, ыдыс, машиналар мен жабдықтардың запас бөлшектері, қосалқы шаруашылықтардың өнімдері мен бұйымдары, малдың төлдері мен бордақыдағы малдар, оқулық, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдар, сондай-ақ ұзақ пайдаланылатын және лабораториялық сынақтағы материалдар, шаруашылық шарттарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған арнаулы жабдықтар есептеледі.
Материалдық запастар есепке алуда және есеп беруде, берерменнен алынған несие үшін проценттердің төлемін, жабдықтау, делдал, сыртқы экономикалық ұйымдар төлеген үстеме бағаларды (үстеме ақыларды), тауарлық биржалар қызметтерінің құнын, кедендік баждарды, өзге ұйымдардың күшімен жүзеге асырылатын тасымалдау, сақтау және жеткізу шығындарын қоса, оларды сатып алу шығындары бойынша анықталатын олардың іс жүзіндегі құны бойынша көрсетіледі.
Материалдық запастарды есептеудің негізгі міндеттері: барлық материалдық құндылықтардың сақталуын және қозғалысы мен дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету; запастар мен шығыстардың белгіленген нормаларын сақтау, белгіленген тәртіппен өткізуге жататын, пайдаланусыз материалдарды дер кезінде анықтау; бюджеттік ұйымның қоймаларында тұрған қалдықтар туралы нақты мәліметтер алу болып табылады.
Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және есебін дұрыс жолға қою мақсатында, қоймалық есептің ойдағыдай ұйымдастырылуын қамтамасыз ету керек. Материалдық құндылықтарды сақтау арнайы бейімделген бөлмелерде (қоймаларда) жүргізілуге тиіс. Материалдық құндылықтарды қоймалық жайларда орналастырудың тәртібі оларды қабылдау, беру және түгендеу жөніндегі операциялардың тездігін қамтамасыз етуі керек. Материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату үшін жауапкершілік бюджеттік ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалатын белгілі бір материалдық жауапты тұлғаға жүктеледі. Бұл тұлғалардың ауыстырылуы қоймаларда түгендеу жасаумен және бюджеттік ұйымның басшысы бекітетін қабылдау-тапсыру актілерін жасаумен бірге жүргізілуге тиіс.
Материалдық құндылықтардың сақталу орыны қажетті таразылық жабдықпен, өлшеу аспабымен, өлшейтін ыдыспен және басқа да бақылау жабдықтарымен жарақталуы қажет.
Материалдық құндылықтардың есебі материалдың атаулары және жауапты тұлғалар бойынша сандық және сомалық тұрғыда жүргізіледі.
Қоймада материалдық құндылықтардың есебін материалдық жауапты тұлға тек атаулар, сорттар және сан көрсеткіші бойынша ғана материалдың н. 017 қоймалық есеп кітабында жүргізеді.
Бухгалтерлік қызмет қоймадағы материалдық құндылықтардың келіп түсуін және бөлінуін бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ материалдардың есебі жөніндегі өз жазбаларын қоймада жүргізілетін жазбалармен салыстырып отырады.
Материалдар мен тамақ өнімдері кірістер жөніндегі бухгалтерлік есеп тіркелімдеріне бастапқы құжаттардың негізінде құндылықтар түскен күнмен жазылады. Бастапқы құжаттарда мынадай деректер көрсетілуге тиіс. Материалдар мен тамақ өнімдері кімнен түскендігі, атауы, сорты, саны (салмағы), бағасы, сомасы, қоймаға түскен уақыты және осы құндылықтарды қабылдаған материалдық жауапты тұлғаның қойған қолы.
Берермен құжаттарының деректерімен алшақтық болған жағдайларда н. 429 қабылдау актісі жасалады. Актіні қабылдау комиссиясы міндетті түрде қойма меңгерушісін және мүдделі жақтарды қатыстыра отырып, екі данада жасайды. Актінің бір данасы қабылданған материалдық құжаттарды есептеу үшін, екіншісі - берерменнің наразылық хатын рәсімдеу үшін қолданылады..
Қоймадан материалдарды беру бюджеттік ұйымның басшысы бекіткен құжаттар бойынша жүргізіледі. Материалдарды беру үшін мынадай құжаттар қолданылады:
а) н. 434 жолдама, қағазы (талап қағазы) қоймадан материалдар берілген кезде және материалдардың бюджеттік ұйымның ішінде ауыстырылған кезінде қолданылады. Жолдама қағаз (талап қағаз), әдетте, бір данада көшіріледі;
б) Н. 298 және н. 299 меню-талапхаты қоймадан тамақ өнімдерін беру үшін қолданылады. Меню-талапхаты күнсайын тамақ өнімдерін бөлудің нормалары және тұтынушылардың саны туралы деректері негізінде жасалады.
Тұлғалардың тамақ өнімдерін беру және алу туралы қолдары қойылған меню-талапхаттары кестеде белгіленген мерзімде, бірақ айына үш реттен сиретпей, бухгалтерлік қызметке тапсырылады.
Емдеу-профилактикалық ұйымдарда тамақ өнімдерін беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі бойынша өкілетті ведомствоның нұсқауымен белгіленген құжаттар бойынша жүргізіледі;
в) Н. 397 шөп және жем беретін ведомость. Шөп пен жем қоймадан белгіленген нормалардың шегінде босатылады;
ұйымдардың мұқтажына материалдар беретін н. 410 ведомосты ай бойында шаруашылық материалдарын, оқулық және басқа мақсаттарға арналған материалдарды беру үшін қолданылады. Бұл орайда жазуларды хронологиялық ретпен жүргізбеу керек, материалдардың әрбір түрі бойынша айдың аяғында жалпы қорытынды алу үшін, материалдардың әрбір түрі үшін белгілі сан мөлшерінде жол қалдыру қажет;
д) Н. 431 алыс-беріс картасы материалдар мен отынды күн сайын босатқан кезде, сондай-ақ ай бойында белгілі бір уақыт аралығы арқылы қолданылады.
Алыс-беріс картасы әрбір алушыға материалдардың бірнеше атауы бойынша тікелей мақсат бойынша жұмсау үшін жазып беріледі. Бұл карта екі данада жазылады, оның біреуі алушының қолымен - қоймада, екіншісі алушыда сақталады. Босатылған кезде алыс-беріс картасы - 15 күндік мерзімге, ал уақ-уақ босатылған кезде - бір айлық мерзімге беріледі.
Материалдар мен отын алушы алыс-беріс картасының өзіндік данасын көрсетуі бойынша белгіленген лимит шегінде беріледі. Материалдарды белгіленген лимиттен артық босату н. 434 жолдамахат (талапхат) бойынша жүргізіледі.
Егер қоймадан отынды ілеспехат (талапхат) немесе алыс-беріс картасы бойынша беру мүмкін болмаса, отынның шығынын есептен шығару қалдықты өлшеу актісі бойынша жүргізіледі.
Өлшеу актісі бойынша отын белгіленген жұмсау нормаларымен салыстырғанда кем шыққан жағдайда, бюджеттік ұйымның басшысы артық жұмсаудың себебін анықтау және тиісті жағдайларда - төлеттіру шараларын қолданады;
е) жол парағы автомобиль бензинін шығысқа шығару үшін қолданылады. Бензин іс жүзіндегі жұмсалуы бойынша есептен шығарылады, бірақ автомобилдердің жекелеген маркалары үшін белгіленген нормалардан артық болмауға тиіс;
ж) Н. 1-т (нысандық) ведомствоаралық тауарлық-көліктік жалдамахат ұйымның өз мұқтажы үшін өз автомобилдерімен жүк тасуда қолданылады.
Материалдар мен тамақ өнімдерін есептен шығару, егер олар әртүрлі бағалармен сатып алынған болса, оларды сатып алған немесе орта баға бойынша жүргізіледі.
Қайтарылатын немесе алмастырылатын ыдыстар (күбілер, бидондар, жәшіктер, құмыралар және с.с.), бостары (босатылғандары) да, материалдық құндылықтар сақтаулы тұрғандары да, тиісті топтар немесе түрлер бойынша, берермендердің шоттарында көрсетілген бағалармен есептеледі.
Ыдыстар қайтарылған немесе сатылған кезде сатып алынған баға мен ыдыстың сатылған бағасы арасындағы айырмашылық іс жүзіндегі шығыстарға жатқызылады.
Материалдық запастарды есептеу үшін мынадай шоттар арналған:
03 "Бұйымдар және өнімдер";
04 "Жабдықтар, құрылыс материалдары мен ғылыми зерттеулерге арналған материалдар";
05 "Малдың төлдері және бордақыдағы малдар";
06 "Материалдар және тамақ өнімдері".

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]