Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

"Активтердің тозуы"

"Активтердің тозуы" 02 есебі
Бұл шотта бюджеттік ұйымдардың балансында саналатын активтер тозуының қозғалысы көрсетіледі. Тозу ғимараттар мен құрылыстар, ауыспалы құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, жұмыстық мал, көліктік құрал, өндірістік (тиесілігін қоса) және шаруашылық мүліктер, пайдалану жасына жеткен көпжылдық өскіндер бойынша анықталады және есептеледі.
Тозу мынадай активтер бойынша анықталмайды: сәулет пен өнердің бірегей ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен құрылыстар; жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін жабдықтар, экспонаттар, нұсқалар, үлгілер, кабинеттер мен лабораторияларда тұрған және оқулық және ғылыми мақсаттар үшін пайдаланылатын макеттер және басқа да көрнекі құралдар; өнімдік мал, буйволдар, өгіздер, бұғылар, жануарлар әлемі экспонаттары (хайуанаттар парктерінде және басқа осындай мекемелерде); пайдалану жасына жетпеген көпжылдық өскіндер; кітапханалық қорлар, фильм қорлары, сахналық-қойылым жарақтары, мұражайлық және көркем құндылықтар, арттехқару-жарақ. Тозу сондай-ақ шекарадан тыс орналасқан бюджеттік ұйымдардың активтері бойынша да және 010-1 "Жер" қосалқы шотында ескерілетін активтер бойынша да анықталмайды. 61. Активтердің тозуы, олардың есепті айдың қай айында сатып алынғанына және салынғанына қарамастан, белгіленген нормаларға сәйкес, толық күнтізбелік жыл үшін анықталады.
Активтердің есептеудің нн. ОС-6, ОС-8 мүліктік карточкаларында тозудың жылдық сомасы - теңгемен, жылдық тозу нормасының шифры және тозу соңғы рет есептелген жыл жазылады.
Нормативтік активтер бойынша тозудың есебі 021 қосалқы шотында жүргізіледі. Пайдалы тұтыну мерзімін анықтау мүмкін емес материалдық емес активтер бойынша тозудың нормасы он жылға, бірақ ұйым қызметі мерзімінен көп емес уақытқа белгіленеді.
Тозудың есептелуі активтер құнының 100 %-інен артық жүргізілуі мүмкін емес. Жыл сайын тозудың сомасы карточкалардан ведомостқа жазылады. Желтоқсанның соңғы күні тозудың жалпы сомасына дебет бойынша - 250 қосалқы шотын және кредит бойынша - 020, 021 қосалқы шоттарын көрсете отырып, мемориалдық ордер жасалады. Мемориалдық ордер бойынша тозудың сомасы тек "Бас журнал" кітабына жазылады.
Әрі қарай пайдалануға жарамды объектілерге (заттарға) құнының 100 %-і мөлшерінде есептелген тозу оларды толық тозу себебі бойынша есептен шығаруға негіз бола алмайды. Объектілердің жойылуына немесе тиісті карточка бойынша қайтарусыз тапсырып берілуіне байланысты оларды (заттарды) шығарған кезде зат (объект) пайдалануда болған уақыттағы тозудың жалпы сомасы анықталады және тозу 020 қосалқы шоты бойынша осы сомаға кемітіледі.
Объектiнi пайдаланудың бүкiл кезеңi үшiн тозу сомасы беру жылын есептемегенде, объектiнiң баланстық құны, оның мемлекеттiк мекемеде болған уақыты (күнтiзбелiк жыл саны бойынша) туралы түгендеу карточкаларда бар деректердiң негiзiнде есептеледi.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]