Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Банк шығындарын талдау.

Банк шығындарын талдау.
Комерциялық банктердің шығындары деп -- банктін қызметін қамтамасыз ететін және опер\ы жүзеге асыруға жұмсалатын ақша қаржыларының шығысы болып табылады. Шығындар талдауы да кірістер талдауына ұқсас жүзеге асады.
 Ең алдымен баланстың шығын топтарына талдау керек
Барлық шығындар = пайыздық шығындар + пайыздық емес шығындар.
Жоғарыда аталған шығындарды жекелеп қарастырайық.
1. пайыздық шығындар-теңгемен валютадағы есептелген ж/е төленген пайыздар.
2. Пайыздық емес шығындар:
 Операциялық- клиенттердің почталық ж/е телеграфтық шығындары; көрсетілген қызметтер мен кореспонденттік қарым-қатынас үшін төленген комиссиондық төлемдер; Валюталық операциялар б/ша шығындар.
 Банктің қызметін жүзеге асыру б/ша- басқару апаратын қамтамасыз ету,шаруашылық шығындар(амортизациялық есептеулер арендалық төлемдер);
 Басқа да шығындар- айыппұлдар, пеня, пайыздар ж/е өткен жылдардың комиссиондық төлемдері.
Банктің шығындарын талдау кезінде біріншіден олардың жалпы сомасындағы шығындар тобының үлесі анықталады, динамикасы талданады.
Пайыздық шығындар жалпы шығындарда бірталай үлесін (70%-дай) алатындығы анық. Пайыздық шығындардың көбеюін көрсететін бір қатар себептері анықталған, олардың объективті сипаты бар. Бірақ банк өзі жоя алатын бір қатар факторлар бар, солардың есебінен банктің пайдасының өсуіне әсер ететін пайыздық шығындар азаяды.
Банк ең көп үлес алатын шығыстарды азайтуы тиіс. Бірақ ол банктің іс әрекетіне теріс әсер етілуіне тиіс. Банктің қызметін жүзеге асыру шығындарын азайту мақсатсыз болып саналады, ал айыппұлдар сомасын азайтуға болады. Мысалы: айыппұл санкциялары. Банк шығындары:

Барлық шығындар = операциялық шығындар + банк қызметін жүзеге асыру б/ша шығындар + басқада шығындар.

Шығындардың жалпы сомасы банк балансының 702 шотының сомаларына сай болады. Әр қайсысын жекелей қарастырайық:
1. операциялық шығыстар (Р1)- клиенттердің почталық ж/е телеграфтық шығындары, валюталық операциялар б/ша шығындар, төленген пайыздар мен комиссиондық төлемдер.
2. Банктің іс әрекетін жүзеге асыру б/ша шығындар (Р2)- жалақы ж/е штатты қамтамасыз ететін басқада шығындары, таза шаруашылық шығындар, импорттық есептеулер, қызметтік төлемдер.
3. Банктің басқа да шығындары (Р3)- төленген айыппұлдар, пайыздық ж/е өткен жылдың комиссиондық төлемдері.
Банктік шығындарды талдау кезінде шығындардың жалпы сомасында әрбір шығын тобының ролі мен орыны анықталады. Мысалы: операциялық шығындардың үлесі: 1. Операциялық шығындар/жалпы шығындар.
2.Айыппұлдың үлесі: 70106шоты/жалпы шығындар.
3. Басқа банктерден алынған несиелік ресурстардың төленген пайыздары бойынша шығыстардың үлесі: банктерге төленген пайыздық сомасы/ жалпы шығындар.
Шығын баптарының динамикасы өткен периодпен немесе жоспарлы көрсеткіштермен салыстыру арқылы талданады. Бұл кезде банктің басқада шығындарының үлесінің көбеюі банктік операцияларды басқарудың нашарлауын көрсетеді.
Шығындарды талдау кезінде ерекше орынды активті операциялар бойынша орташа шығындардың 1 теңгеге шаққандағы барлық шығындар түрлерін сипаттайтын көрсеткіштер алады:
 Персоналды қамтамасыз ету шығындары / активтер бойынша орташа қалдықтар;
 Банктің шаруашылық шығындары / активтер бойынша орташа қалдықтар;
 Басқада шығындар / активтер бойынша орташа қалдықтар;
Көрсетілген қатынастар банктің активті операциялары қаншалықты пайдалы жүзеге асатындығын көрсетеді. Алынған нәтижелер басқа банктердің көрсеткіштері мен салыстырылады.
Төленген пайыздар / кіріс әкелетін активтер бойынша орташа қалдық.
Көрсеткіші «жұмыс істеуші»активтердің шығындарының қатынасын сипаттайды.
Банктің іс әрекетінің тиімділігінің көрсеткіші ретінде банктік өнімнің өзіндік құны қарастырылады. Оларды есептеу банктің мүмкіндіктерін қарастыру үшін қажет. Банктік активтік операцияларының өзіндік құны бір клиентке қызмет етуге кеткен шығындар құны мен есептелуі мүмкін.
Қорыта келгенде банктің шығындарын азайту жалпы шығындардың қысқаруына әкеледі:
 Ресурстық негізінің құрылымын оптимизациялау.
 Пайыздық емес шығындардың азаюы.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]