Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Бақылау жұмысына дайындық

Бақылау жұмысына дайындық. Біріншіден, обьектін және бақылау жұмысының мақсатын дұрыс анықтап алу қажет. Оның обьекті мен мақсаты оқушыларға түсінікті болуы қажет. Сонымен қатар мақсаты нақты болуы керек. Мысалы, оқушылармен меңгерілген "Функциялар және олардың графиктері" деген тақырыптың обьектісі функция ұғымы және функциялардың берілу тәсілдері болып табылуы мүмкін. Ал оның мақсаты мыналарға байланысты:
1. оқушылардың бірмәнділік қасиетін түсінуі (x және y айнымалылары арасындағы функционалдық қасиеттер) және нақты тәуелділікте бұл қасиеттің болуын тексере алуы;
2. формуламен берілген функциядан таблицалық және графиктік әдіске көше алуы.
Екіншіден, қалыптасқан бақылау обьектісі мен бақылау жұмысының мақсатына сәйкес бақылау амалын таңдап алу қажет. Тапсырманың түріне байланысты оқушы бұл есептің шешімін қалай үйлестіруі керек екенін ойластыру қажет.
Қандай мазмұнның тапсырмасын қолдануға болады? Ең бірінші бұл "ұғым ішінде қорытындылау" әрекетін орындаумен байланысты тапсырмалар екені анық. Мысалы:
1. y айнымалысы (төртбұрыштың ауданы) және x айнымалысы (төртбұрыштың ұзындығы) арасындағы байланыс функция бола ма, егер бұл төртбұрыштың ені 7 см екені белгілі болса?
2. a және b айнымалылар арасындағы байланыс функция бола ма, егер олар мына түрде берілсе:


Әр жағдайда жауапты түсіндіру керек. Көрсетілген тапсырма түрін оқушыларға таблицамен, графикпен берілген байланыс үшін беруге болады. Оқушыларға екі айнымалы арасында байланыс ұсынылуы мүмкін. Мысалы: а) б) және екіншіден бақылау жұмысына егер сәйкес келетін формула белгілі болса, функцияны анықтайтын таблица, график салу тапсырмалары да кіруі қажет. Бұл тапсырмаға мынадай мысал келтіруге болады: x және y айнымалыларының тәуелділігі формуласымен берілген. Аргумент -5; -1/3; 0; 1/3; 3 мәндерін қабылдайтыны белгілі (тек қана осы мәндер). Көрсетілген тәуелділік функция бола ма? Осы тәуелділікті көрсететін таблицаға құр және графигін сал.
Байқаймыз: бақылау жұмысының мазмұны қойылған мақсатқа сай болу үшін, мұғалім алынған тапсырмалардың шешілуін жан – жақты қарастырып, оқушылардың жіберетін барлық мүмкін қателеріне мән беруі қажет.
Үшіншіден, мұғалім оқушылармен орындалған бақылау жұмысын бағалауды қалай жүзеге асратынын, қандай мүмкін қателіктер қатеге немесе кемшілікке жататынын ойластыру қажет. Жалпы бағалардың белгісі оқушыларға белгілі болуы тиіс.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]