Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

БАКЛАЖАН

БАКЛАЖАН, — алка түқымдасына жататын көп жылдық (қолдан өсіргенде — бір жылдык) өсімдік. Жабайы түрі Оңт.-Шығыс Азияда (Үндістан, Бирма, т.б.) кездеседі. Қазақстанның оңт. облыстарында өсіріледі. Сабағының биікт. 30 — 70 см, ірі, күлгін түсті жапырағы кезектесіп орналасқан, гүлдері шоғырланып түрады. Б-ның тамыры шашақты, жемісі жүмыр, алмұрт не қияр тәріздес, қоңыр не қара күлгін түсті, салм. 0,4 — 1 кг. Түқымы ұсақ (үз. 2 — 4 мм), жалпақ, сарғыш келеді. Б. жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Оның өсіп-жетілуі үшін ең қолайлы темп-ра 20 — 30°С, топырақ ылғалд. 80%. Б. мау-сым — шілде айларында гүлдейді, шілде — тамыз айларында жеміс береді. Жемісінің құрамында: 7,1 — 11% құрғақ заттар, 2,72 — 4% қант, 0,6—1,4% белок, 0,1 — 0,4% май, сондай-ақ, кальций, фосфор, темір жөне т.б. тұздар бар. Б-ның өнімділігі жоғары, 1 га-дан 15 — 30 т өнім алуға болады. Ең көп тараған сорттары: "Деликатес-163", "Донской-14", "Симферопольский-105", "Консервный-10", т.б. Б. негізінен көшет арқылы өсіріледі. Көшеттер егістікке қашықтығы 35 — 40 см, қатар аралығы 70 см болатындай етіп отыр-ғызылады. Топырақты қопсыту, арам шөп отау, суару, үстеп коректендіру, өсімдік кеселдері мен зиянкестерін құрту жұмыстары жүргізіледі. Б-ның зиянкестері: дала қандаласы, бұзаубас, т.б., аурулары: шірік, фитофтора т.б. Б. Еуропа елдерінде ертеден дөрілік мақсатта пайдаланылып келген, тек 18 ғ-дан бастап тағамға пайдаланылды. Медицинада бауыр ауруын емдеуге, қандағы холестеринді азайту үшін колданылады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]