Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы Шыңғыстауда дүниеге келеді. Болашақ ұлы ақын Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің ең үлкені еді. Парасатты, мейірбан, кең пейіл ағаныАбай айрықша сыйлаған көрінеді. Құдайберді Шәкәрімнің алты жасында қайтыс болады. Бұдан соңғы жерде жетімдік, жоқшылық көрмесе де, әке бауырынан айрылған, қаршадайынан – ақ ерекше зеректігін аңғартқан Шәкәрімді Абай өз қамқорлығына алады. Түған әулет дәстүрі, өскен орта ыңғайы, ақын аға тағлымы Шәкәрімнің азамат ретінде қалыптасуына ғана емес, ақын ретінде қанаттануына да ерекше әсер етті. «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, - қазақ ішінде Абай деп атайды, - сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік һәм алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ер жеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымының сәулесін сездім. Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Алай болмағанда дәнішманд, хаким, философ кісі еді», - деп жазады.
Арнайы оқу орындарын бітірмесе де, Абайдың басшылығымен және өз бетінше іздену нәтижесінде Шәкәрім сол замандағы қазақ арасындағы, - қазақ қана емес, - бүкіл Түркістан өлкесіндегі ең құлама адамдардың бірі болып шығады. Түрік, араб, парсы тілдерімен қатар орыс тілін де жетік біледі, классикалық Шығыс поэзиясын, орыс және Еуропа әдебиетінің озық үлгілерін терең түсіне оқумен шектелмей, философия мен дін тарихына қатысты еңбектерді де қадағалап отырады.
1904 жылғы Абай өлімі, өнерлі екі іні – Ақылбай мен Мағауиядан тағы айрылу, Россия империясы шегіндегі барлық езілген ұлт үлкен үміт артқан 1905 жылғы алғашқы орыс революциясының жеңіліске ұшырауы Шәкәрім санасына, оның өмірге, қоғамдық қызметке көзқарасына ерекше әсер етеді. Ол дін тану емес, ел тану, жер көру мақсатында қажыға барып қайтады. Бұл сапар оның ой өрісін кеңейтеді, ақын қазақ халқы дін қуған мұсылманшылық жолын емес, ғылым – білім қуған еуропа халықтарының жолын таңдау керек деген ойға беки түседі. Осы кезде өзі көптен әуестеніп жүрген толстойшылдық идеясына біржола берілген ақын өмірден баз кешіп, жұрттан аулақтайды да, Шыңғыстың күнге сыртындағы Шақпақ дейтін жерде таза әдеби қызметпен ғана айналысып, қысы-жазы жападан-жалғыз жатады.
Шәкәрім 1931 жылы қайғылы қазаға ұшырады.
Енді Шәкәрім поэмалары туралы азғана сөз.
Шәкәрімнің үш поэмасы да («Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек», «Нартайлақ - Айсұлу») ескі қазақ тұрмысынан алынған. Бірақ бұлардың ешқайсысы да тарихи шығарма емес. Поэмаларда тарих – фон ғана, автордың баса назар аударғаны - әлеуметтік мәселелер, мінез – құлық жайы. Жанрлық тұрғыдан алғанда, «Қалқаман - Мамыр» лиро – эпикалық жырға бейім, «Еңлік - Кебек» - әлеуметтік дастан, ал «Нартайлық – Айсұлу» - махаббат драмасы дер едік.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]