Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек ауылында – 8.12.1938 жылы дүниеге келген. Ол қазақ халқының 20-ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Ата-тегі: Аманжол – Шақшақ – Көмей – Қалқаман – Байсейіт – Үмбетей – Аралбай – Таңбай – Шошақ – Байтұрсын. Байтұрсыновтың атасы Шошақ мінезі салмақты, шындықты бетке айтатын, ақылды адам болған. Ол немересі Ахмет өмірге келгенде сүйінші сұрап барған кісілерге бір ат, бір түйеден мінгізіп, ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған.
Ахметті Ерғазы Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1981 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895 жылдан 1909 жылға дейін Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін арқарады. Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді.
Қазақ елінің азаттық қозғалысы тарихында Байтұрсынов редаакторлық жасаған «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше. Осы тарихи кезеңдегі қазақ өмірінің бірде – бір өзекті мәселесі, елеулі оқиғасы бұл басылымның назарынан тыс қалған жоқ.
Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады.
Байтұрсынов «Әдебиет танытқашымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды.
Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау » жинағын кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Байтұрсынов «әдебиет тіліне негіз етіп ел ауызындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынов – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер.
Ол тұңғыш төл грамматикасының терминдерін қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]