Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Ауаны ластаушы көздер.

Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп денсаулыққа зиянын тигізеді,ал уытты заттар денені улайды.
Ауа жаратылыс (табиғи) жолдармен және адамдардың әс-әрекетінен ластанады.
Табиғи жолмен ластану жанар таулардың атқылауынан, теңіз суы буға айналуынан, тау ұнтағы мен топырақты жел мен дауыл ұшырғанда, орман мен далада өрт болғанда шаң-тозаң, күл т.б. аспанға көтеріліп ауамен араласу арқылы болады.
Желтоқсаннан ақпан айына дейін соғатын тропиктік белдеулер желі (пасаттар) Сахараның 60 тан 200 миллион тоннаға дейін шаң көтеріліп мыңдаған километр жерге апарады.
1883 жылы Крактау жанар тауы атқылағанда аспанға көтерілген күл мен тозаң бірнеше жыл бойы ауада болып, Ұлы Британия жағалауына дейін жеткен.
1985 жылы желтоқсан айының 19-ында күндізгі сағат 10 да Ашгабад қаласын қараңғылық басып, аспан қызғылт сары түске түсті, жарты сағаттан кейін қараңғы болып пәтерлерде шам жағуға тура келді. Сағат 13-те аспан ашылып жарық болса, екі сағаттан кейін қайтадан қараңғы түсті. Сол күні қала үстінен 170 мың тонна шаң өтті.
Теңіз сулары буланғанда ауаға тұз қалдықтары, өрттен кейін күл мен шаң қосылады.
Ауада органикалық қалдықтардың да шаң-тозаңы болады.Оларға бактрия,ұсақ саңырауқұлақ т.б. өсімдік және жануарлар қалдықтарының шірінділері жатады.
Адамдардың іс-әрекетінен болатын ластануға өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, құрылыс кәсіпорындарының, коммуналды- тұрмыстық мекемелердің шаң-тозаңы мен қалдықтары жатады.
Жыл сайын атмосфералық ауаға шамамен алғанда мына мөлшерде ластаушы қалдықтар қосылады:

Млн.тонна есебімен
Теңіз сулары тұздары 550
Топырақ беті шаңы 250
Жанартау атқындары 80
Өрт күлі мен түтіні, шаңы 70
Жаққан отын күл-түтіні, шаңы 30
Өнеркәсіп қалдықтары, түтіні, шаңы 15
Ауылшаруашылық шаңы мен түтіні 5

Бұл мәліметтерден адамдардын іс-әрекетінен болатын ластану мөлшері тым аз барлық ластаушы заттардың 5 процентінен аспайтынын көрүге болады. Бірақ бұл ешкімдіде қуантпайды. Себебі адамдардың іс-әрекетінен


пайда болған шаң-тозаң, түтін, басқа қалдықтардың химиялық құрамы өте күрделі, адамдар мен табиғат үшін аса қауіпті.
Өнеркәсіп пен көлік мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттарының 31,9 % иісті газ, 27 % күкіртті газ, 1,1% азот тотығы, 28,3 % қалқып жүретін қатты түйіршіктер.





Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]