Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Экология туралы не білеміз

Экология – биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен «экология» терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель 1866ж. Экология термині гректің «тұрақ, мекен туралы ғылымы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.
Э.Геккелдің экология ғылымына берген анықтамасына кейіннен көптеген толықтырулар енгізе отырып өзінің зерттеу аясын, мазмұны мен мақсат міндеттерін кеңейте түсті. Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазыр өзінің зерттеу облыстарын дамыта отырып адамзат-қоғам-табиғат ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін комплексті ғылымға айналады.
Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте кұрделі. Дара организм мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулермен биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады.Ал, антропогенді факторлар, экожүйелердің өзгерәсә, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастардызерттеу, бақылау және баға беру оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.
Экология – организмдердің арасында болатын қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.
Ал, экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адами-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;
- биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістерді;
- табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;
- адам-қоғам-табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу:
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;
- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру болып табылады.
Алғашқы экологиялық зерттеулерді Эмпедокл, Гипппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]