Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

АРАЛ ТЕҢІЗІ

АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шаруашылык мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі.
1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады.
Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі теренд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауд. шамамен 2235 км2 (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлықка қосылған.
А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғак, ауаның орташа темпрасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жь\ылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су тендестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап келге құятын өзен ағыңдысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теніз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбьшмалылық болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%о-ге дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі терендікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балыктан арал шоқы-ры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды.
А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]