Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Ақынның тағдыры

Ақынның тағдыры

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады. Ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбұлда оқып, дәріс алған, ауқатты әулеттен шыққан жергілікті интеллигент Мұхамеджан Бегішов ашқан. Ол өзі Шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан оқумен қанағаттанбаған, ол, яғни болашақ ақын, 1910 жылы күзде өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұқамбет Серкебаевпен Медресе-Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Медресе өзінің дәрежесі жағынан алғанда жоғары оқу орнымен бара-бар болған. Мағжан сол медресседе сабақ беретін ұстаз, белгілі татар жазушысы Ғ.Ибрагимовпен, медресенің жетекшісі С.Жанткринмен, жерлесі, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
Болашақ ақын талантын таныған Ғалымжан оған білімін -әрі қарай көтере түсу керектігін айтып, ақыл-кеңес береді. Осыдан соң Мағжан Омбыдағы Мұғалімдер семинариясына түсіп, сол қалада орын тепкен.
Өлеңдер жинағы өзінің соны сезімдегі лирикаларымен , қазақ поэзиясындағы жаңа өрнегімен көзге түседі. 1909 жылы Петербургте жарық көрген Абай жинағы бұл кезде көпшілікке мәлім еді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Мағжан көпшілік қауым мойындаған, қалыптасқан ақын болып танылады. Оның жырлары қазақ даласын шарлап кетеді. « Жан сөзі » атты атақты өлеңінде ақын өзінің « Медрессе-Ғалиядан » кетуіне үзілді-кесілді қарсы болған әкесі Бекенмен арадағы салқындықты және жергілікті дау-шарға қатысқысы келмеген жайын, өзінің сол тұстағы қауымға наразылығын зарлай жырлайды. 1919 жылы ақын екі бірдей қасіретке душар болады; тағдыр қосқан қосағы толғақ үстінен қайтыс болса, азамат соғысы жылдарына орай қойған Граждан есімді перзенті бір жылдан соң мәңгілікке көз жұмады. Осының бәрі ақынның жүрегіне зіл батпан ауыртпалық түсіріп, із қалдырады. « Мені де, өлім , әд\лдиле » өлеңі осы сәттерде туған.
1912-1914 жылдары Мағжан « Қазақ » газетінің редакторы түрколог, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы А. Батұрсыновтан және Шығыс мәдениетімен де , Батыс мәдениетімен де жан-жақты, терең қаруланған, аса дарын иесі М.Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір қырына көтеріледі. Мағжанға еуропалық білім алуға, орыс тілін үйреніп, мәдениетімен қанығуға олар көп себін тигізген.
1916 жылы мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер дайындайтын семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында « Алаш » партиясын құруға қатысып, чех көтерілісін бастан кешеді; кейін Ақмола губерниялық « Бостандық туы» газетінде істейді.
1923-1927 жылдары Мағжан Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында істейді. Ол кезде институтты В. Брюсов басқаратын еді. Бұл жылдары ол рыс әдебиетінен , батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, оқиды. Орыс мәдениеті қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым- қатынаста болады.
1912 жылы Мағжан « Алқа » атты жасырын ұйым құрды деген айыппен 10 жылға сотталады. Шын мәнісінде бұл Сибревком жанындағы Қазақ АССР өкілінің келісімімен құрылған, көпшілік қауымға белгілі, отаршылыққа айналдыру жөніндегі ресми түрде рұқсат етілген ұйым еді.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]