Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Психологаялық түзету

Адам баласы өзінің тіршілік ғұмыры ұзақ па, әлде қысқа ма бәрібір, оның биологиялық және психикалық қуат күшінің аса мол қоры, сонау нәресте кезінен бастап жинақталуға тиісті. Ондай мол қуат бала болмысында, тек еркін де жасқанбай жігерлі өскенде ғана жетілмек. Ата-ананың қайырымы да, төзімді тәрбиелерінің арқасында, баланың көңіл-күйі мен түйсік-сезімдерінің қанағаттануы ғана емес, сонымен қоса оның интеллектісінің де еркін дамуына мүмкіндіктер алады. Түсініскен ортада тәрбиеленген балаларда ғана аса төзімді де жігерлі психика қалыптасатыны белгілі.
Жоғарыда айтылғандай, сәби шағынан психикасы қатты дөрекіліктерге ұшырап, үлкен зардап шексе, ондай балалардың психикасын орнына келтірудің өзі қиямет қиындықтарға соқтырады. Тіпті, ондай балалардың қөпшілігі неврологиялық клиникада жатып та емделеді. Жалпы, мұндай балаларға психологиялық түзету жасаудың жолы, қанша ауыр болғанмен де, әртүрлі әдістерді қолданып көмекке келмей болмайды.
Сонда, ең әуелі мұндай жағдайда не істеу керек?
Бәрінен бұрын баланы жайына қалдырған жөн.
Әрине мұндай кеңес, ата-ананың көңілін алақұйын етіп, не істерін білмей тіпті көңілдері қалғандай өкпе-наздарын да айтқызбақ. Бірақ, басқа істер шара жоқ. Егер, тән құрылысы жарақаттанса, оңы тыныштандырып жатқызуды ата-ананың өзі де біледі. Осы тәрізді, жан дүниесі жарақаттанған балаға да, керегі тек қана белгілі уақытқа дейін тыныштық екенін түсінуіміз керек.
Үлкендер жағы өзіңше қателіктерін дереу мойындауымен қоса, мұндай сәттегі тәрбие берудің әдістерін үйренгенше, баланы тыныш қалпында қалдырғаннан артық шара жоқ. Міне, осы қателігін өзгертуі — психологиялық түзетудің пәрменді бір тетігі болып табылады. Әрине, мұндай бетбұрыс ата-ана мен тәрбиеге қатысы бар үлкендерге де оңай емес. Бірақ баланың келешегі үшін ешқандай мәймөңкесіз, дереу ұстамдылық пен мейірімділікке ауысу қажет (Ендігі жерде, бала мен ата-анасының түіскен достық қатынастары жайын аңғара.
Осының ескерген жөн. Әйтпесе, көсеудің екінші басын басып қалған тәрізді, тағы да маңдайыңа аңдаусыз соққы тиюі ғажап емес. Сондықтан, бала тәрбиесіне жас қосылған ата-аналар кәдімгідей-ақ дайындалмай болмайды. Шындап келгенде, адам тәрбиесінің қыр-сырынан қиын өнердің болуы мүмкін емес. Оның қажеттігін қабілетіңе қарай емес, тыныстауына қажет ауадай міндетті түрде игеруің керек.
Мұндай өзгерістер мен игерулердің жалпы жағдайы, мөлшермен төмендегідей сипатта болуы мүмкін:
1 Баланы міндетті түрде тәрбиелеу керек. Ал, қайыра жаңа көзқараспен тәрбиелеу үшін, үлкендер жағы үзілді-кесілді өздерін тексеруі қажет. Баланың келешегіне керек ендігі тәрбие, соншама үлкен тазалықты талап етеді.
2. Егер үлкендер жағы, өзін-өзі баланың ыңғайына орай өзгерте алмаса, ары қарай баланы тәрбиелеуден өз ықтиярларымен бас тартқан дұрыс.
3. Ешқандай күш көрсету тәлімін жүргізуге болмайды. Бұл баланың келе-шегін сындыру мен құрту деген сөз.
4. Үлкендердің қатаңдығы мен қатыгездігі арқылы баланы жасытып жөндеймін деу, барып тұрған надандық.
5. Тек қана мейірім мен сүйіспеншілік, екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін бірден ұққан жөн.
6. Психологиялық түзету жүргізетін кезеңдердің бәрінде де, басынан бастап, тек қана төзімділік керек! Тәрбиелік іс-әрекет үстінде — сабырлы ілтипат, салқындылық, ұстамдылық қажет.
7. Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсете отырып, өзара қарым-қатынастың жетістігі дәлелді де, мазмұнды болғаны дұрыс. Жеткен жетістіктер әділетті бағаланғанымен, тым асыра мадақтаудың да орын алмауын қадағалау есте болсын. Артық айтқан мақтау сөз, ешқашанда жақсылық әкелмейді. Осылайша психикалық зардап шеккен балаға психологиялық түзетулер жасаудың жолдары көп.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]