Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Педагогтың психологиясы

Педагогикалық iс-әрекеттiң методологиялық құрылымы.
Педагогикалық iс-әрекет, бiр қатар iс-әрекеттер iшiндегi күрделi ұйымдасқан жүйе болып есептеледi. Бiрiншi – оқыту барысындағы мұғалiмнiң iс - әрекетi. Сабақ берушi педагог жалпы қызметтер мен мағыналардың iшiнен өзiне қатысты қызметтердi ғана атқаруы тиiс. Келесi iс-әрекеттер бiрiншi iс - әрекеттерге рефлекстiк қосымша ретiнде келедi, яғни оған қызмет жасайды. Екiншi - оқытудың тиiмдi амалдары мен құралдарын және оқытудың процедураларын теңдестiргендегi оқыту тәжiрбиесiнiң жалпылама iс-әрекетi – оқытудың амалдары мен әдiстерiн құрастыратын методист iс - әрекетi осындай. Үшiншi iс -әрекеттiң методикалығы, бiрақ ол оқу құралдары мен оқу сабақтарын құрастыруға бағытталған. Төртiншi iс - әрекет оқыту сабақтарын бiр тұтас жүйеге сабақтастырудан тұрады – оқу бағдарламаларын құрастыру бағдарламалау iс - әрекетi. Мұндай бағдарламалауды жүзеге асыру үшiн, оқытудың мақсатын бiлу қажет, бiрақта оқытудың бағдарламаларын құру барысында мақсаттың кейбiр жалпы бөлiктерiне бағытталады. Мұндай мақсаттар ертерек саясаткерлермен мәдени қызметкерлермен қалыптасқан, бiрақ педагогтармен емес. Қазiргi заманның әлеуметтiк мәдени жағдайы және және мiндерi мен оқыту мақсатын жобалау және бинелеу мен педагог – методолог, педагог айналысуы қажет деген талаптар қояды. Бұл өте қажет, өйткенi, бiрiншiден қазiргi өндiрiстiк iс тәжiрбиелiк қызымет жиi белгiлi бiр мақсатты, мiндеттердi қояды, оларды тек арнайы дайындалған адамдар шеше алуы мүмкiн. Екiншiден, қазiргi әдiснамалық ойлау оқыту процестерiн тиiмдi жобалауы мүмкiн, бiрақ ол тапсырыс берушiден нақты және анықталған мақсаттар талап етедi. Үшiншiден қазiргi технологиялық қоғам тез және қарқынды дамуда және оқыту жүйесiне де сондай талаптар қояды, яғни қоғамға қажеттi адмның қасиеттерiн жүйелi және тез бейнелеудi, қадағалауды және оқу бағдарламаларын шұғыл жобалауды талап етедi. Кең мағынада мұндай теологиялық ойлаудың нәтижесi адам жобасы болып табылады, ал тар мағынада- маман жобасы, яғни болашақ адамның бойында болуға қажеттi интелектуалды қызметтер, бiлiм, қабiлеттер жиынтығын бейнелеуi қажет. Оқыту оқушы мен оқытушы арасындағы белсендi керi байланыс процесi оның нәтижесiнде оқушы да оның өзiндiк белсендiлiгiнiң негiзiнде белгiлi бiр бiлiмдер және бiлiктер қалыптасады.
Адамның iс- әрекетке қабiлеттiлiгiн қалыптастыру үшiн оқытудың функциясы белгiлi және заттық құралдарға максималды бейiмделуден тұрады. Оқытудың ең қарапайым түрi оқушымен, оқытушының қарым- қатынасынан тұрады, мұғалiм, оқушы iс-әрекетiн дұрыс немесе дұрыс емес етiп бағалайды. Бұл жағдайда оқыту процесiн бөлшектенетiнi көрiнедi.
Оқыту жүйесiнiң дамуы iс- әрекеттiң күрделi түрлерiнiң бөлiнуiнен тұрады. Бiрақ та мұндай даму iс- әрекеттiң қиын талдауын және оның элементтерiн бөлумен түсiндiрiледi. Тапсырма, iс- әрекеттiң кәсiби қиын түрiн, жәй элементтердi бөлуден тұрады. Сөйтiп педагогикалық рефлекстiң бiрiншi принципi элементарлық iс-әрекеттi және оларды транцляциялау. Бiрақ та бұл әрқашан да жеткiлiксiз, жәй элементтердiң iс- әрекетiн аяғына дейiн бөлiп қою мүмкiн емес, өйткенi iс- әрекетте қиын байланыстар мен қарым- қатынастар бар. Сндықтан да негiзгi элементтер мен қиын iс- әрекеттi құрауға мүмкiндiк беретiн және белгi құралдары мен жобаларынан тұратын екiншi принциптерi көрсетiледi.
Бұл белгi құралдары iс- әрекеттi жобалау және бейнелеу құралдары болып табылады. Басқа жағынан, оқу процесiнiң iс жүргiзу технологиясы оқу жүйесiнiң қызметiн, оқу жағдайының бiр iздiлiгi ретiнде көрiнедi. Бұл жағдайлар келесi образбен теңестiрiледi. Бұрынғы жағдайлар келесiлерге амалдарды көрсетедi. Сондықтан бiлiм жүйесi технологиялық процестiң үзiлмелi құралы ретiнде құрылады және соңында бiлiмдi, қоғамға қажеттi әлеуметтiк- мәдени қабiлеттердi тұтас меңгерген адам болып шығады. Сондықтан, бiлiм жүйесiн методологиялық тiлi, жүйе ретiнде бейнеленуi мүмкiн. Бұл жүйе оқытудың қиын iс-әрекет жағдайы мен оқытудың жәй қызметiнен – қиын қызыметiне өту iс-әрекетiнiң берiлген шарттары мен тапсырмалары арқылы қанағаттануы.
Педагогикалық белсендiлiктi былай қарастыруға болады; 1) басқару қызметi ретiнде (оқу iс-әрекетiн басқару құралы ретiнде) 2) ұйымдық сана мен оқушының санасын түсiну ретiнде педагогтың жұмысындағы маңызды жағдай оқушының жағдайын түсiну және қарым – қатынас болып табылады. Түсiну оқушының iшкi көзқарасын жүйелiк қалыптасуға, басқа адамның iшкi жандүниесiн түсiнуге мүмкiндiк бередi. Басқа жағынан педагог өзiн түсiнуге және өзiнiң көзқарасы бойынша оқушыға маңызды бiр нәрсенi жеткiзу бiрақ та түсiну тiкелей берiлмейдi, оны тек қана өзiнiң жеке тәжiрибесiн ұғыну арқылы беруге болады. Сөйтiп педагогикалық акт, коммуникативтi диагностикалық акт болып табылады.

Педагогикалық акт ұйымдастыру- басқару қызметi ретiнде.

Оқу процесiн басқаруда қолданатын оқытушының, оқушыларға және жеке студеттiң оқудағы берiлген нәтижелерге жету үшiн мақсатты бағытталған және жүйелiк әсер арқылы көрсетiледi.
Басқару- бұл басым болмау, процесс жолын байламау, оның табиғатқа қарама- қайшылығы, керсiнше табиғат процесiн максималды есептеу, әрбiр процестiң оңай жақтарымен қарым- қатынасын, әсерiн бiрiктiру.
• Оқу процесiн басқарудағы ерекшелiктер
• Саналы және жоспарлы әсер, әр қашан күтпеген реттеудiң артықшылығы
• Басқарушы мен басқару обьектiсiнiң арасындағы себеп-салдарлық қарым – қатынастар.
• Жүйе астын басқарудың динамикалығы және қабiлеттiлiгi бiр сапалық жағдайдан келесiге өседi.
• Сенiмдiлiк және т.б. қабiлеттiлiк, процестiң белгiлi жағдайлары аққанда, басқару жүйесi берiлген функцияларды орындайды.
• Тұрақтылық- берiлген траектория арқылы жүйенiң қозғалысты сақтау қабiлеттiлiгi, әр түрлi iшкi және сыртқы ауытқуларға қарамастан белгiленген тәртiппен функциялау.
Басқару процесi үздiксiз және циклдiк ретiнде бiр уақытта көрсетiледi, бұл көптеген циклдiк басқарулар бiр уақытта орындауға мүмкiндiк бередi. Басқару цикiлi мақсатты қою және тапсырманы анықтаумен басталады да оларды шешумен және қойылған мақсатқа жетумен аяқталады. Қандай да бiр мақсатқа жеткеннен кейiн жаңасы қойылады және басқару цикiлi қайталанады. << Мақсат – iс-әрекет –нәтиже – жаңа мақсат >> үздiксiз схема түрiндегi кестесi. Ол ғылыми және оқу тәрбие процестерiне қолданбалы.
Оқу процесiн тиiмдi басқару белгiлi мiндеттердi орындау арқылы мүмкiн болады.
1. Оқу мақсатын қалыптастыру
2. басқару процесiнiң бастапқы деңгейiн орнату
3. оқу процесiнiң негiзгi өтпелi жағдайын қарастыратын iс-әрекет қызметiн жасау.
4. Белгiлi ақпараттық өлшемдер арқылы оқу процесiнiң жағдайын алу
5. Керi байланыс каналы арқылы алынған ақпаратты өңдеу, оқу процесiндегi түзетiлген әрекеттердi өңдеу және енгiзу.
Басқару процесiндегi мұғалiмнiң мақсаты, басқарып отырған процестiң жағдайын өзгерту және оны алдын ала белгiленген деңгейге жеткiзу. Қатал айтқанда бұл процеске әрбiр қатысушының орнын анықтау қызметiн және мiндетiн және өздерiнiң тапсырмаларын жақсы орындау үшiн қолайлы жағдай жасау.
Басқару обьектiнiң тәртiбiн қадағалаудағы және жабық циклға сигналдарды беру арқылы сипатталып, өзiндiк ақпараттық процестi ұсынады. Басқарушы ұйымнан, басқару обьектiсiне ақпараттар мен директивалық бұйрықтар берiледi және басқару обьектiнiң жағдайы туралы мағлұматтарды керi сигналдар арқылы обьектi реттеушi арқылы бередi. Бұл жерде мұғалiмнiң рөлi алынған ақпаратты өңдеп және оны ұғынып, түзетiп оқу процесiне енгiзу болып табылады.
Керi байланысты оқу процесiнде жүзеге асыру екi тапсырманы шешедi:
1) керi байланыстың мазмұнын анықтау – оқыту бағдарламасын құрастыру базасы ретiнде қабылданған, оқытудың психологиялық теориясын және оқытудың негiзгi мақсаттарын бақылайтын жыйынтығының сипаттамасын бөлу.
2) керi байланыстың жиiлiгiн анықтау.
Оқу процесiн бақылау , басқару жүйесiнiң қызыметiн қамтамасыз етедi және басқару бағдарламасына байланысты, басқару ауытқушылықтарын көлемiн түзетуге болады. Оны алдымыздағы немесе болған өзгерiстерге, қателерге байланысты реттеуге болады, осы арқылы студенттiң тақырып немесе тарау жалпы пән бойынша артта қалғанын көрсе тедi. Мысалы артта қалуының негiзгi себептерi: оқытушының материалды жеткiзе алмауы, сол немесе басқа да ұғымдарды түсiндiре алмауы, заңдылықтарды бағалау, факттарды көрсете алмауы және т.б. Түзетулердi шұғыл енгiзу үшiн, танымдық iс-әрекеттiң негiзгi өлшемдерiн бақылау қажет.
Н.Ф.Талызиннiң айтуынша, оқытудың ерекшелiктерi басқарудың жүйесi ретiнде келесiлерден құрылады, бәрiнен бұрын басқару обьектiсiндегi, меңгеру мен оқу процесi тек қана нақты тұлға арқылы жүзеге асырылады. Жеке тұлғалық фактылардың қиындығы мен әртүрлiлiгiне көптiгiне байланысты, олар негiзгi оқу бағдарламасын құруда әрқашан қөарастырылуы мүмкiн. Жалпы оқыту барысында негiзгi бағдарлама оқушылардың кейбiр топтарына қолданылуы мүмкiн. Оқушылардың нақты бiр топтарын оқыту барысында қосымша ерекшелiктер байқалуы мүмкiн және олардың кейбiреуi алға қойған мақсатқа тез жетуге мүмкiн

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]