Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Этноцентризм және әйелдер

Әрбір этникалық топ өздерінің әйелдерін тартымды, сүйкімді деп санап,басқа топ еркектерінің көз салуынан қорғайды.Бұл жалпы ортақ тенденция болғандықтан, бұлар көбінесе еркектерге тән, әрі әрбір этникалық топта түрлі деңгейде болады.Кейбір этникалық топтардағы әйелдер қоғамындағы жоғрғы статусқа ие басқа этникалық топтағы еркектерге тұрмысқа шығуға береді.Әйелдерді қорғаумен оларды басқа этникалық топтың еркектерінен аулақ ұстауға тырысу әрекеттерін этникалық топтардың өзін -өзі анықтауы мен ұлттық ар-намысының көрсеткіші деп санауға болады.Егерде осы аталған көрсеткіштер жоқ болса немесе нашар көрінсе, онда ол этникалық топ жоғары дамыған ұлтқа айналмағандығының белгісі. Шындығына келгенде дамыған ұлттар арасында демократиялық идеяның кең жайылу нәтижесінде, жоғарыда айтылған көрсеткіштер әлсіреуі мүмкін де, ұлттар мен нәсілдердің теңдік идеясы халықтардың тығыз қарым-қатынас жасауына және де аралас неке мөлшернің ұлғаюына алып келеді.
Этноцентризм тұқым қуалаушылық арқылы беріледі.Эноцентризм менталитет сферасына жатады және ол адамның әлеуметтенуі барысында қалыптасатындығы туралы көзқарас қазіргі кезде кең тарауда. Бұл құбылыстың тұқым қуалаушылық алғышарттары туралы гипотекалық түрде айтуға болады.
Әрбір этнос мүшелеріне үстемдік еткен этноцентризмнің белгілі бір типі тән болғанымен олардың индивидтері арасында белгілі бір мөлшерде айырмашылықтар бар болады.
Ойлау бейнесіндегі айырмашылықтар жұмысшылар мен интеллегенттердің крестяндықтармен қалалықтардың саяси элита өкілдері мен басқа топтардың арасында да байқалады.
Этноцентризм мен Европацентризм. Европаның кез-келген халқы этноцентризмінен ерекшеленеді. Дегенмен этноцентризмнің пайда болуы бұл халықтардың арасындағы қауымның н/е бірліктің намысын білдіреді, күні кеше ғана қарқынды әрі талқандаушы тұріндегі өткір қырларды психологиялық тұрғыдан женгендігін куәландырады.
Бір уақытта еуропалықтардың эмпатиясының төмендігі байқалады. Сондықтан да олар қиын жағдайға ұшыраған басқа халықтарға өздерінің көқарастары мен мінез – құлық шаблондарын жүктеуге талпынады. Квропалықтар өздерін қателеспейтін берік халық деп санайды. Өз халықтарының жағдайларының жақсы болғандығын қалап, басқа этностардың қиыншылықтарын түсінбейді, түсінуге тырыспайды да.

Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары.
Релятивизм, абсолютизм, универсализм.
Этнопсихологиялық зерттеулердің ішінен 3 негізгі ойды бөліп шығаруға болады. Біріншісі мәдениеттер арасындағы айырмашылықтарды анықтаудан тұрады. Оның шетткі полюсі психикалық процесстердің мазмұны мен құрлымындағы мәдениет аралық айырмашылықтардың максимизациясы болып табылады. Р.Бенедиктің мәдениеттер конфигурациясының концепциясымен Сепир-Уорфтың лингвистикалық салыстырмалық гипотезасымен-біз таныспыз.Осындай тәсілдің тағы бір айқын мысал-алғашқы ойлауды (ертедегі) европейцтердің логикалық ойлауына карсы қойған француз философы және социолгы Л.Леви-Брфльдің концепциясы.
Релятивизм айқын және жасырын расизмді білдірмейді.Керісінше, релятивистер әрбір зерттелінетін халыққа сыйластықпен қарайды және арлық мәдениеттер әртүрлі,бірақ тең дейтін Ф.Боастың ізбасарлары болып табылады.Мәдениттердің теңдігін мойындай отырып, олар олардың арасында ұқсастық орнатумен көп кызықпайды.
Релятивистер адамдарды “олардың өіөзінің тілінде” және “олардың құндылығынан” шыға отырып түсінгісі келеді.Сырттай бақылаушы тұрғысынан суреттеу мен баға беруді адамды қорлауға жатқызады,тіпті кісі кісі жеушілік пен бала өлтірушілік іске асырылған қоғамда мағынасына ие болған.
Екінші тенденция (негізгі ой) мәдениттер арасындағы ұқсастықтардың абсолютизациясында болады: кез-келген өзгешілік жоққа шығарылады,олардың арасындағы айқын айырмашылықтар ескерілмейді.Абсолютизм жақтастарын этноцентризм проблемасы көп қызыұқтырмайды, және зерттеушілер мәдениетінің ерекшелігі олардың концепциясына әсер етуін елемейді.Көптеген салыстырмалы-мәдени зерттеулерде США мен Батыс Европада қарастырылған бейімделген стандартты әдістер қолданылады, басқа аймақтрда олардың ленгвистикалық эквиваленттілігінің тексерісі жүргізіледі.Психололгиялық феноминдер, мысалы интеллект, барлық мәденитте бірдей болып қарастырылады. Егер айырмашылықтар табылса,олардың сандық ретінде түсіндіріледі, басқаша айтқанда баға белгілейтін салыстырулар жүргізілді. Нәтижесінде мынадай қортындыға келді,бір мәдениттегі адамдар басқаға карағанда көбірек интеллектуалды,ал мәдениеттер бірдей,бірақ тең емес.
Формальді түрде бұл тәсілді ЕТІС деп атауға болады,бірақ шын мәнінде бұл жалған ЕТІС немесе евро-американдық ЕТІС тәсілі.абсолютистік ілімнің мысалымен-халық аралық және нәсіларалық зерттеулердеой өрісі тестерін зерттеуме-біз танысқанбыз,соңғылардың “ғылыми дәлелденген” ой өрістік толыққанды еместігінен бір елдің екінші елден асып түсудің амалы үшін тек осы тәсіл құнарлы орта болып табылатынын түсінуіміз керек.Бірақта абсалютистік тенденцияның көрінісінің қазіргіге қарама қарсы және күрделілектүрі бар.”Керісінше абсолютизм” жақтаушыларының бірі психолг М.Коул мәдениттерді тең және бірдей ретінде қарастырады,ал айырмашылықтардың бар болуын психологиялық құбылыстардың арасындағы ішкі ұқсастықтарды анықтайтын әдістердің қабілетсіздігімен түсіндіреді.Дегенмен, осы сияқты ілімдерді этнопсихологиядағы тағы бір бағыттың –универсализмнің соңғы жағдайы ретінде қарастыруға болады.
Үшінші тенденцияның жақтастары универсализмді-психиканың мүмкін болатын,жеткілікті түрде мәнді сыртқы айырмашылықтармен бірлігін сақтап қалғысы келеді.Осы бағыттың зерттеушілері негізгі психологиялық процестер жер бетіндегі адамдар үшін ортақ болып табылады, бірақ олардың байқалуына мәдениет үлкен әсер етеді.басқаша айтқанда, “мәдениет ортақ тақырыпқа түрлі вариация (бір нәрсенің түрінің өзгеруі) ойнайды”, ал мәдениеттің өзі тең, сырттай әртүрлі,бірақ негізінде бірдей.Универсалистер зерттеулерінде өз мәдениетін артық көру және бағалаудан құтылу үшін, аса үлкен сақтықпен салыстырулар жүлгізіледі.Стандартты (қалыпты)әдістер де жүргізіледі,бірақта олар әртүрлі зерттелінетін мәдениетке бейімделген болуы керек.зерттеушілердің өз алдына қоятын негізгі сұрағы:қандай деңгейде және қандай әдістермен әдениет адамның ішкі психикалық дүниесіне әсер етеді.Осы сұраққа жауап беру арқылы, қандай психологиялық түсініктер шындығында әмбебап болып табылатының және кез-келген мәдениетте адамның жүріс- тұрысын суреттеу үшін қайсысын қолдануға болотынын түсінуге болады. Зерттеулер әдетте ЕТІС тәсілінде жүргізіледі.Бірақ көптеген ғалымдар, соның ішінде Г.Триандис оның табыстылығына күмәнданып,қрамдастырылған ЕТІС-ЕМІС-ТІС тәсілін ұсынады. Триандис зерттеулерін келешетте қарастырамыз,ал бүұл бөлмінде универсалистік тәсіл этнологилық структурализм мектебін құрушы К.Леви-Стростың көзқарасының мысалымен қарастырылады.
Этнопсихология дамуының әртүрлі кезеңінде әртүрлі бағыттар үстем болады, бірақ жалпы қарастырсақ универсализмге қозғалыс байқалады.Релятивистік ілімдердің ішінде ең маңыздысын құрушы леви-Брюльдің көзқарасы дәл осы бағытта өзгерді.
К.Леви-Строс ойлау құрлымының әмбебаптылығы туралы.Өзі зрттейтін халықтарда К.Леви-Стросты біріншідн жалпы адамдық белгілері қызықтырады.Құрлымдық антропологияның егізін салушы түр,фольклор,мифология,әртүрлі қоғамда және мәдениетте тамақ дайындалу терминалогисын зерттейді.Бірақ әр қашанда сыртқы айырмашылықтармен қоса кез-келген мәдениет құбылысының негізінде жататын ішкі әмбебап құрлымын да жатқызуға іздейді,оған адам ойлауының әмбебап құрлымында жатқзуға болады.
Адамның әмбебап қажеттілігін Леви-Строс “объективті танымды көксеу” дейді.Ол Леви-Брюльдің алғанқы адамдарда танымдық қызығушылық болмағаны туралы идеясын жоқққа шығаруға тырысады

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]