Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Генетикалық психология

Мақсаты: Генетикалық психология арқылы адам дамуындағы интеллекті білу және генетикалық психология туралы мағлұмат жинау.

Біз қазіргі шетелдік психологиялық дамуына анализ және мінездеме жасаған швецария психологы, оқымыстысы – Жан Пиаже болды. Ол генетикалық психологияның негізін салушылардың бірі. Бала интеллектісін дамытуға дүниежүзі психологиясында көптеген еңбек жасаған ғалым болып табылады.
М.Т. Ярошевский былай деп жазды: «Пиаже психологиялық қайраттылықтың жалпы өзіндік көрінісіне сәйкес жүйелі талдау жасаған».
Жүйелі талдауды пайдалана отырып, Пиаже, қандай да бір көрініс бойынша, өзіне жеткілікті құралдармен ғылыми түсініктерді белгіледі. Тек қана заңдар құрылымын зерттей, шарттарының пайда болуын және дамуын, олардың табиғатын және заңдарының қызметін түсіндіруге болатынын анықтады. Қорытынды да Пиаже генетикалық әдістердің қалай басқарылуын әдістемелік-психологиялық принципте зерттейді.
Балалардың интеллектісінің қалыптасуына негізгі көңіл аударған Пиже ғылыми психологияда кез келген зерттеулер міндетінің басталуын және атап айтқанда ақыл-ой механизмінің балаларда қалыптасуы, оның табиғатымен түсіндіреді. Генетикалық негізде, Пиаженің ойынша, сонымен бірге білім теориясы – басқа ғылымдардың құрылуы емес. Бұл ой генетикалық системологияның негізі болды. Механизм ылымдары және қалыптасу жағдайлары адамдарда, білім типтерінде, түсініктерде, таным процестерінде әртүрлі формада болады.
Өкілдердің әртүрлі қадамдары психиканың дамуын, оның мазмұны әртүрлі түсіндірді. Идеялистер жақтаушылар: психикалық әлемнің өздеріне тұйық бөлімін алды; мінез-құлық психологиясының өкілдері психиканың дамуын М.Г.Ярошевксийдің сөзімен түсіндірді: «организмнің алғашқы «бос» дағдыларын қалыптастыру, бірлестіктер мен және т.б. қоршаған жағдайлардың ықпалымен толтырды».
Барлық бұл қадамдарды Пиаже генетикалық бағытқа бұрды және ересек адамдардың өмірде қызметтік жоспар бойынша психикалық ақыл-ойлар қолданды.
Пиаже өзінің талдауында (анализ) – индивидтің өзара біртұтас әрекетінде психика немесе ақыл-ойы емес қоршаған әлемде деп санады.
Интеллист – тірі организмге қасиеттердің ұштасуы, қоршаған ортада, материалдық процесте тұжырымдардың анықталуы.
Пиаженің ойы бойынша, ішкі әлем даму барысында
онтогенетикалық даму басталады, бала алдында объект түрінде шықпайды, өзара белсенді әрекет қорытындысында белгілі болады. Барлық дамуда субъект пен объектінің өзара толықтай және тереңдей әрекетінде өтеді. Автордың есебі бойынша, мінездер барлық объектілерде жаңа аймақтарға бөлінеді, ал субъектіде мақсатқа жетудегі жеңіл және қиын әрекеттер түрлерін тану және санал мақсатқа қойылатын талаптарды қалыптастырады.
Пиаже өзіндік интеллектке теориялық-эксперимент жүргізгенде, адам тек қана қайраттылығы арқасында үйренеді, дамиды. Негізгі зерттейтін материалы қоршаған әлемдегі баланың мінез-құлық көрінісін түсіндірді. Пиаже көп жылдар бойы зерттеулерінде психикалық мінез-құлықтың негізінде мынадай қорытындыға келді, барлық психикалық процестер тек қана интеллекттуалды емес, өзіндік ерекше қайратшылықтарын ұсынды.
Пиаже негізгі тапсырмасы адам интеллектісінің құрлымын зерттеу болды. Ол осы құрылымды көзқарасы жалпы биологиялық түсінік негізінде өзара қарым-қатынастағы ассимиляция және аккомодация дамуында туды. Ассимиляция кезінде мінез-құлық пен организм өзінің сызбасын баяндады. Аккомодация кезінде – оныңұқсастықтарын негізгі ортаға ұсынды. Бұндай қарым-қатынас дамуында интеллектте ассимиляция және аккомодация тұтастығының саналылығы, өйткені бұл актлер арқылы организм өзінің қоршаған ортада икемделеді.
Пиаженің алғашқы кітаптары 20 жылдардан бастап шықты: «Речь и мышление ребенка» (1923 г), «Суждение и умазаключение» (1924 г), «Представление ребенка о мире» (1926 г).
М.Г. Ярошевский Пиаженің алғашқы көзқарастарын талдай отырып, мынаны жазды: «Жастың ересекке өту жолында сана сапалы білім қатарына,+ кезеңдерге, әрқайсысы өзіндік мінездеріне ие болады. Оларды жасыру барысында пиаже, балалардың алғашқы зейінін көрсетті. Ол балалармен еркін әңгімелесу әдістерін қабылдап, шағын қойылған сұрақтарға жауап қайыру арқылы олармен тіл табысуға болады». Мысалы: желдің, судың,, бұлттың қозғалуына не себеп? Түс қайдан пайда болады? Қайың неге жүзеді? және т.б. Көптеген балалардың пікіін білу оңай болмады. Сол себепті ересектердің танымдық белсенділіктерін қолдана отырып, «балада тағы не бар» деген әңгімелесу, түсіндіру әдістерімен ұштастыру. Осылай жалпы танымдылықты Пиаже баланың өзіне тән эгоцентририй деп санады. Кішкентай бала өзін ессіз ортада сезінеді. Ол белгілі бір позицияда тұра алмайды, өзін жан-жақты түсінбейді. Сол себепті ол объективтік және субъективтікті шынайы араластырады. Ол өзінің жеке әрекеттерін физикалық заттармен қосады, барлық заттарды сана мен жігер арқылы бөледі.
30 жылдары Пиаже психологиялық проблемалар дамуында үлкен өзгеріс болды. Интеллект құрылымын жазу мақсатында ол логикалық-математикалық аппарат арқылы арнайы жұмыс жасады. Пиаже, бала интеллектінің дамуының мазмұны мен ойлардың кезеңдерін анықтады. Сосын ол басқа адамдармен қатынас жасамау, баланың даму операциясын тану деп білді.
1941 жыл А. Шеминскойдың еңбегіне сүйене отырып, Пиаженің «Генезис числа у ребенка» және сол жылы Б. Инельдермен бірігіп «Развития понятия количество у ребенка» деген кітаптары шықты. Екінші еңбегінде – негізгі сұрақ, бала кейбір объектілерді ұдайылықпен қалай ашу керек, оның заттардың көлемі мен салмағы туралы ойлауы, заттарды игеру принципінің сақталуы болды. Пиаже принцип балаларда бірте-бірте сақталуын қалыптастыру, біріншіден олар ұдайылық массасының түсінуінің басталуы (8-10 жас), сосын салмағы (10-12 жас), соңында көлемін (12 жастан жоғары) түсіндірді.
Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-есінің (итнтеллект) қалыптасуына назщар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдады.
Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі – баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-есінің өрістеу тұғырын интеллекттің өзін іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына ешқандай орын қалдырмады.
Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзің өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен-өзі кемелденбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатынасымен шыңдалған сайын оның санасының жан-жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре білмеді.
Генетикалық психология зеттеулеріндегі ең үлкен олқы кемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік-қоғамдық факторлардың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]