Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Сорғыштардың жіктелуі

Сорғыштар механикалық энергияны қозғалыстағы сұйықтың энергиясына айналдыратын машиналарға жатады.
Мақсаты бойынша сорғыштар беруші және циркуляциялық болып бөлінеді.
Жұмыс істеу шарты бойынша
1) динамикалық, мұнда жұмыс процесі тұрақты көлемді корпуста жүреді.
• қалақшалы: 1) ортадан тепкіш
2) диагональді
3) осьтік
• үйкеліс сорғыштары: 1) шнектік
2) эрлифтер
3) гидроэлеваторлар
4) құйынды
5) лабиринтті
2) көлемдік сорғыштар – жұмыс процесі өзгермелі көлемді корпуста жүреді:
• қайтпалы-түсу: 1) поршеньдік
2) плунжерлік
3) диафрагмалық;
• айналмалы немесе роторлы: 1) шестернялы
2) шиберлі
3) винтті.

Құйынды сорғышардың жұмысшы доңғалағы ортадан тепкіш сорғыштың доңғалағы сияқты сұйықты каналдың ішкі бөлігінен сорып, сырқы бөлігіне айдамалайды, осының нәтижесінде көлденің құйын пайда болады. Сұйық жұмысшы доңғалағы арқылы өткенде құйынды және ортадан тепкіш сорғышарда сұйықтың кинетикалық энергиясы (жылдамдығы) және қысымның потенциялдық энергиясы артады.
Сорғыштың жұмысшы органы болып радиальді немесе еңкіш қалақшалы жұмысшы доңғалағы болып табылады. Доңғалақ цилиндірлі корпуста айналады. Сұйық сорушы тесік арқылы түсіп, жұмысшы доңғалақ арқылыкорпус бойыща жылжып, шығарушы тесік арқылы ығыстырылады.
Құйынды сорғыштың ортадан тепкішпен салыстырғанда мыныдай артықшылықтары бар:
1) көлемі мен жұмысшы доңғалағының айналу саны бірдей болса да құрайтын қысымы 3-5 есе артық;
2) құрылуы жеңіл әрі арзан;
3) өзінен сору қасиеті бар;
4) сұйық пен газ қоспасымен жұмыс істейді;
Кемшіліктері:
1) төмен ПӘК, 45℅ дан аспайды;
2) майда затары бар сұйықты тасымалдай алмайды, себебі, ішкі бөліктерінің тез тозуына әкеледі.
Поршеньді сорғыштар. Сұйықтың жұмысшы камераны толтыруы осы камераның геометриялық көлеміің ұлғаюы мен кішіреюі нәтижесінде болады. Жұмысшы бөлігі болып ығыстыру жұмысын орындайтын ығыстырушы поршень (плунжер), пластиналар, тісті доңғалақ және т. б. табылады. Жұмысшы камера – айдамалаушы және сорушы каналдармен кезек-кезек қосылысатын, көлемі бір үлкейіп бір кішірейіп тұратын, айдамалаушы детальдарынан тұратын оңаша бөлектенген кеңістік.
Поршеньді сорғыштарға қарағанда роторлы сорғыштарда суды ығыстыру айналмалы жұмысшы камерада жүреді. Бұл сорғыштардың ығыстырушылары ротормен бірге айналмалы қозғалыс жасайды. Роторлы сорғыштардың жұмысшы камерасы статор, ротор және ығыстырушы бетімен шектеледі.
Роторлы сорғыштардың ерекшелігі – сорушы және айдамалаушы клапандардың жоқтығы. Ол мынамен түсіндіріледі: жұмысшы орган сору бөлігінде судың бір бөлігін ала жүреді де су айдамалау бөлігіне тасымалданады. Осыған сәйкес роторлы сорғыштардың негізгі параметрлеріне жұмысшы көлем, өнімділік, айдамалау қысымы, айналдырушы момент, қуат, көлемдік және механикалық ПӘК жатады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]