Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Жұғымтал эктимамен күрес шаралары

Аталған ауру қой қожалықтарына үлкен шығын әкелседе, онымен күрес шаралары әлі толықтай шешілмеген. Жалпы ұйымдастыру, қой қораларын дезинфекциялаумен бірге, жаңадан туылған қозыларға вакцина егудің нәтиже бермейтіндігін ескерсек, күрес шараларының тиімді әдістерін ізджестіргенді жөн көрдік. Ауру таратудың негізгі көздерінің бірі гениталды түрмен ауырған саулықтар болғандықта, біз тікелей тәжірбие жүргізудің арқасында төмендегідей нәтиже алдық. Бірінші тәжірбиеде Жетісу елді мекеніндегі 4 отар қойдың, алғашқы екі отарындағы қойлардың әр басына мұқият клиникалық зерттеу жүргізіп одан 17 бас гениталды түрмен ауырған саулықтар бөлініп оқшауланды. Көршілес орналасқан осындай екі отарларға клиникалық зерттеулер жасалмады, олар бақылау тобы болды. Көктемде (20 –шы сәуір 2006 ж) тәжірбие және бақылау тобындағы жаңа туылған қозыларды клиникплық зерттеу барысында, тәжірбиелік топтағы екі отардан ауырған қозылар шықпағанда, бақылау тобындағы екі отардан жұғымтал эктиманың еріндік түрімен зақымданған 13 қозы ауруға шалдыққанын анықтадық. Аталған қой қожалықтарында осындай тәжрибеге 7 отар алынып, оның 4 отары тәжрибелік, ал 3 отары бақылау тобы болды. Зерттеудің нәтижесінде бақылау табындағы саулықтардан туылған қозылардың 0.5 – 1.7% ауруға шалдыққанда, тәжрибе тобындағы саулықтардан алынған қозылар ауруға берік болды.
Екі тікелей тәжрибенің түйіні – жұғымтал эктимамен күресте қой қозғау науқанының алдында барлық қой отарларынан клиникалық зерттеу арқылы, гениталды түрмен ауырған сақа қойларды бөліп, оқшаулаған жөн. Біздің ойымызша, жоғарыдай күресті жүргізу орындауға қиындау болғандықтан, буаз саулықтарды тууға 2 – 3 ай қалғанда қолда бар вакцинамен иммунизацияланған жөн. Ол үшін, біз 4 отар қойға (екі отар иммунизацияланған, екі отар егілмеген ) тәжрибе жүргіздік. Зерттеу нәтижесінде (наурыз – мамыр айлары ) тәжрибелік екі отардан туылған 2784 қозының 6 басы ғана ауырғанда, бақылау тобынан алынған 1808 қозының 47 басы жұғымтал эктимаға шалдыққанын тіркедік. Сондықтан буаз саулықтарды тууға 2 – 3 ай қалғанда иммундеу жұғымтал эктиманың алдын алады.
Жұғымтал эктимаға шалдыққан жаңа туылған қозыларды емдеуге, 20 бас (5 бастан) қозылар алынып 4 топқа бөлінді. Бірінші топтағы қозылардың эктима жарасын емдеуге иод – глицерин (1:3 қатынаста ), екінші топтағы жануарларға коньков майын, үшінші топқа – ветшунгарин майы қолданылса, төртінші топтағы ауру қозыларға мыс купоросы сыналды. Эксперименталдық тексерудің нәтижесінде, эктима жарасын емдеуге барлық препараттар оң нәтиже берді. Аталған прерараттармен эктима жарасын емдеуде бірінші орында ветшунгарин майымен 5 тәулікте, ИД – глецерин қоспасымен
7 тәулікте, коньков майымен 8 тәулікте, ал мыс купоросымен емдегенде – жара 9 – шы тәулікте толықтай жазылды.
Қорыта келгенде, жұғымтал эктимамен күресте жалпы ұйымдастыру, қораларды дезинфекциялаумен бірге оған кешенді күрес шараларын жүргізген жөн. Атап айтқанда, вирустасымалалдаушыларды бөліп оқшаулау (гениталды түрмен ауырған сақа қойлар, жетім қозылар т. б) буаз саулықтарды тууға 2 – 3 айға қалғанда иммунизациялау, әртүрлі жаңа препараттарды қолданып хирургиялық әдіспен емдеу

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.009 ]