Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Жүйелік тақшаның эволюциясы

Тақшаның жүрегі – процессор разъемы, басында әжептәуір қарапайым болып Soket 7 деп аталған. Бұл разъем арқылы барлық процессорлар жасалған. AMD K5, K6 және K6-2 75-тен 450-ге дейінгі МГц, сонымен қатар Pentium және Pentium MMX (66-дан 233 МГц); VIA және сол сияқты фирмалардын да процессорлары да кездеседі. Сосын Intel Slot 1-ді өзінің Pentium II және Celeron, Pentium III процессорлері үшін патенттеп алды. Осы іске байланысты көп уақыттардан кейін AMD-ға жауап ретінде – жаңа Athlon және Duron процессорларына Slot А разъемын жасады. Ол 700 МГц ге дейін төзімді болды. Одан кейін қайтадан Soket типті процессорларына қайта көніл бөлінді. Intel – дан Soket 370, AMD-дан Soket А шықты. Soket 370 үшін VIA (Cyrix) және Transmeta (Crusoe) процессорлары жасалып жатыр. Бірақ олардың өнімділігі жоғары емес. (Жалғыз бір артықшылығы ол – электроэнергиясының төмендігі).Pentium IV үшін Intel-ға жаңа разъем ойланып табылды, ол Soket 423 және одан кейін оның орнын Soket 478 басты. Бұл разъемдардың жиілігі 600 бен 2000 МГц арасында ауысады.
Жүйелік шинаның жиілігі маңызды мінездемесі болып келеді. Ескі тақшаларда ол 66 МГц ке тең болса, сосын ол 100,133,200 және 266 МГц ке жетті. Процессордың ядросының жиілігі әдетте шинаныкінен жоғары болып келеді – ол көбейтіндінің арқасы. Pentium II-100 МГц, Pentium III - 133 МГц, Pentium IV – 400 МГц болса, Athlon және Duron 200-ден 266 МГц-ке дейін жиіліктері ауыспалы болады. AMD және Intel процессорларының шиналарының арасында айырмашылық бар. Intel тақшаларында процессорға арналған тек бір 100/133/400 МГц канал бар, сондықтан мультипроцессорлігі төмен; Ал AMD – да екі 100/133 МГц канал бар, осымен оның жақсы мультипроцессорлігі және жоғары жылдамдығы сипаталады.
Кеңейту слоттарының үш түрі бар: AGP, PCI және ISA; ISA слоттары ескіріп қолданудан шықты, ал PCI слоттары өте белсенді қолдануда, олардың арқасында ішкі модемдер жасалды, жеке ТВ-тюнерлері, дыбыстық карталары және басқа құрылғылары; AGP слоты видео жады үшін жұмыс істейді, сондықтан жоғары жылдамдықты болып келеді.
Тақшаны таңдар алдында оның оперативті сақтау саны мен мөлшеріне назар аудару қажет. Қазір жадтың үш түрі бар: SDRAM DIMM; DDR-жады DIMM, RDRAM RIMM. Біріншісі процессордың барлық түрлері үшін келеді, және ол ең арзаны; DDR жадысы атлон жүйесіне келтірілген, ол өте жылдам және орташа бағалық деңгейде; RIMM жадысы Pentium IV-ке келтірілген ол ең жылдам және ең қымбат. RIMM жадысын сатып алар кезде – бұл жадының модулін жұптастырып орнату керек, өйткені ол секундына 1600 Мбайт/секундына екі каналды бірден қолданады, ол тақшаға көп дегенде екі заклушка қоюға болады. Флоппиді немес CD-rom және қатты дискіні қосар алдында сізге IDE интерфейсінің разъемдары қажет болады. Қатты диск үшін ультра АТА/100 разъемын қолданған дұрыс, оның қайда орналасқаны жайлы инструкциядан оқып біліңіз. CD-rom үшін кез-келген 40 контактілі разъем қажет, флоппи үшін жеке тұратын 34 контактілі разъем қажет, оның өзгермегеніне 5 жылдай болды, сол себептен оны табу оңайға түседі.
Суреттің оң жағында жоғарыда айтылғандардың барлығы көрсетілген. Тек қана оң жақ және сол жақ мостылары туралы айтылмаған. Негізінде бұл жүйелік шинаның ең басты бөлімі, сондықтан сол жақ мостыларға жақсылап көніл бөлу керек. Сол жақ мостының чипсетінде дыбыстық карталар және видеолар жиі кездеседі. Оң жақ мост көбінесе IDE каналдарымен байланыста болуға негізделген.
Келесі пункт – бұл тақшаның арт жағындағы порттар. Негізінде 2 PS/2 порт болады (клавиатураға және тышқанға), екеуі (немесе оданда көп) USB порты (олар үлкен жылдамдықпен ерекшеленеді), екі СОМ порттары (параллельді) және бір LPT порты (ол принтерге және сканерге қолданылады).
Форм-факторға ұқсатылып жасалған АТХ тақшаларының жылдамдықтары көбірек. Сонымен қатар RESET, TURBO-ға арналған разъемдар және ON/OFF батырмалары бар. Процессордың хорда, CD-rom, флоппи, кулер проводкаларына үлкен назар аудару керек- бұл проводкалар арқылы қоректену қалыпталады, ал олар әрқилы орналасқан, сондықтан инструкциядан ненің қайда орналасқанын білуге болады.
Тақшалар бағасы қазіргі уақытта шырқап тұрған жоқ, сондықтан белгілі өндірушілерден алуға болады: ASUS, Abit, Iwill, MSI, Gigabyte және тағы басқа.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]