Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

NLX технологиясы

NLX технологиясы ДК-дің жүйелік тақшаларының ең соңғы зерттемесі болып табылады, және ол алдағы болашақтың технологиясы болуы мүмкін. Стандарттың бұл тақшалары LPX тақшаларын еске түсіреді, бірақ та олар одан да жетілдіріле түскен. Егер LPX тақшаларына жоғары жылу бөлгіштігіне және үлкен өлшемдеріне байланысты жаңа процессорларды орнатуға болмаса, онда NLX-та бұл мәселелер шешілген Басқа тақшалардың алдындағы негізгі жетістіктері осы.
• Қазіргі процессорлы технологияларды қолдау. Ол әсіресе Pentium II процессорлы жүйелер үшін маңызды, себебі оның корпусының өлшемі Single Edge Contact, Baby-AT және LPX тақшаларына сәйкес келмейді. Оған қарамастан жүйелік тақшаны өндірушілер Pentium II негізінде АТХ жүйесін ұсынады, ондай жағдайда тақшада тек екі 72- контактілі SIMM модульді разъемдарына орын қалады.
• Тез өзгеретін процессорлы технологияларға байланысты иілгіштігі. Иілгіш жүйенің біріктірілген тақша идеясы NLX тақшасының конструкциясында жаңадан іске асты, оның жүйесін бөліктерге бөлмей тез және оңай орнатуға болады. Біріктірілген тақшалы дәстүрлік жүйелерге қарағанда, жаңа NLX стандартын компьютерлік индустрияда келесі лидерлар қолдау көрсетеді: AST, Digital, Gateway, Hewlett-Packard, IBM, Micron, NEC және тағы басқалары.
• Басқада жаңа технологияларды қолдау. Бұндағы мәселе жоғары өнімділік тұжырым туралы, AGP(Accelerated Graphics Port- жылдамдатылған графикалық порт), USB (Universal Serial Bus- универсалды кезектескен шина), үлкен жады модульдері және DIMM технологиялары. Жауап ретінде өндірушілер мультимедиалық-қосымшада жаңа жүйелік тақшаны орнатты, сонымен қоса олар келесідей мүмкіндіктерді қолдайды: видиороликті керісінше көрсету,кеңейтілген графика және дыбыс. Егер бұрын бұл үлкен шығындарды білдірсе, қазіргі уақытта мұндай қажеттілік жоқ. NLX жүйелік тақшасы және енгізу/шығару тақшасы енді оңай алынып салынады, бұндай жағдайда, оның ішінде вертикальды орналасады да, қалған тақшалар қозғалтусыз қалады. Негізінде АТХ – “бір жақ бүйірде жатқан” қоректену көзі мен разъемдарының орын ауысқан Baby-AT тақшасы. АТХ конструкциясы Baby-AT және LPX конструкциясымен сәйкес келмейтіндігін білу өте қажет. Басқа сөзбен айтқанда АТХ жүйелік тақшасына ерекше корпуспен қоректену көзі керек.
Ресми түрде АТХ Intel фирмасымен 1995 жылы июль айында шығарылған. Ол жабық емес өндіріс үшін арналған деп белгіленеді. Intel фирмасы толық бейнесін көрсетті, басқа өндірушілер АТХ конструкциясын өз компьютерлерінде қолдансын деген мақсатпен. Бұндай ашық жариялау арқылы Intel фирмасы жаңа АТХ стандартын шығарды. АТХ конструкциясы Baby-AT және LPX стандарттарын жетілдіруге мүмкіндік береді.
• Біркілтті ішкі қоректену разъемының бар болуы. Қоректену көзінің Baby-AT типіндегі разъемын жиі ауыстырып, содан соң жүйелік тақшаның жұмысына көнілі толмайтын қолданушылар үшін, бұл үлкен жетістік. АТХ қоректену көзінің біркілтті разъемын қамтамассыз етеді, оны орнату өте оңай және дұрыс орнатпауға болмайды. Бұл разъемда 3,3 В кернеуді жүйелік тақшаға жақындатуға арналған контакт бар. Ол бізге АТХ жүйелік тақшаларына, өзі жиі сынып қалатын, кернеуді реттеп отыратын құрылғы керек жоқ дегенді білдіреді.
• CPU модульдерінің орын ауыстыруы. CPU және жады модульдерінің орны ауысқан: енді олар кеңейту тақшаларына бөгет жасамайды. Бірде бір орнатылған адаптерді алмай, оларды жаңасына ауыстыру онайға түсті. CPU және жады модулі қоректену көзінің қасында орналасып бір вентилятормен үріледі.
• Енгізу/шығару разъемдарының орны ауыстырылған. Қатты және иілгіш диск жинақтаушылар үшін ішкі енгізу/шығару разъемдары жинақтаушының қасына орын ауыстырған. Кеңейту слоттары немесе жинақтаушының өзінің астында емес, яғни ол жинақтаушыға бағытталған ішкі кабельдардың қысқаруына әкеп соғады. Сонымен қатар разъемға жету үшін тақшаны немесе жинақтаушыны алып тастамау мүмкіндігі пайда болды.
• Тездедіп суыту. CPU және жады модулі қоректену көзінің вентиляторымен суытылады. Енді корпус және процессор үшін бөлек вентилятордың керегі жоқ. АТХ конструкциясында қоректену көзінің вентиляторы желді корпустың ішіне бағыттайды, ол қысымды жоғарлатып, компьютердің ішіне кір мен шаңның жиналуына бөгет жасайды. Сіз фильтрды орнатып компьютеріңізді одан әрі жақсы қорғай аласыз.
• Бағаның түсуі. АТХ конструкциясының сыртқы порт разъемдарына кабель ұяшықтары керек жоқ, Baby-AT жүйелік тақшаларында кездесетін, сонымен қоса процессорге арналған қосымша вентилятор және 3,3В жүйелік тақшадағы стабилизатордың керегі жоқ. Дискті жинақтаушылардың ішкі кабельдерін қысқартуымызға болады. Осының бәрі жүйелік тақшаның бағасын ғана емес, компьютердің бағасын, және корпус пен қоректену көзінің бағасын төмендетеді. АТХ жүйелік тақшасы Baby-AT конструкциясының бір жақ бүйірге бұралған түріне ұқсайды. Кеңейту слоттары бір жаққа қарай параллельді орналасып, процессордың ұяшықтарына жетуге бөгет жасамайды, енді ол басқа жүйелерде тар орналасқан компоненттерге қарағанда жақсы суытылады. Әр түрлі өлшемді кеңейту тақшаларын қолдау жүйенің әртүрлі жаңартуларына мүмкіндік береді. NLX стандарты жүйенің максималды иілгіштігін және кеңістікті тиімді қолдануды қамтамассыз етеді: Ең ұзын енгізу/шығару тақшалары қиындықсыз орнатылып, басқа жүйелік компоненттерге бөгет жасамайды, ол Baby-AT типті компьютерлер үшін үлкен мәселе болған.
АТХ және NLX стандарттары болашақта жүйелердің көбісінде қолданылуы мүмкін.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]