Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Біріктірілген тақша

Жүйелік тақшалар осы сөздің толық мағынасында барлық компьютерлерде орнатылмаған. Кейбір жүйедегі компаненттер, әдетте жүйелік тақшада орналасатын, бұрын орнатылған кеңейту тақшаларына орнатылады. Бұндай компьютерлерде слоттары бар негізгі тақша біріктірілген тақша деп аталса, оны қолданатын компьютерлер біріктірілген тақшалы компьютерлер деп аталады.
Біріктірілген тақшалы жүйелер негізгі екі типті болады: белсенді және белсенді емес. Белсенді емес біріктірілген тақшалардың құрамында ешқандай электроника жоқ, тек шина разъемдары мен буферлік және драйверлік схемаларынан басқа. Қалған барлық әдеттегі жүйелік тақшалардың схемалары кеңейту тақшаларында орналасқан. Барлық жүйелік электроника жалғыз кеңейту тақшасында орналасқан, белсенді емес жүйе бар. Негізінде бұл тақша шыныменде жүйелік болып есептеледі, бірақ ол белсенді емес біріктірілген тақшалардың слотына орналасуы керек. Бұндай конструкция жүйені жаңарту және ондағы кез-келген тақшаны оңай ауыстыру үшін жетілдірілген. Керекті типті жүйелік тақшаның жоғары бағасына байланысты, олар дербес компьютерда сирек көрсетіледі. Ал өндірістік жүйеде белсенді емес біріктірілген тақшалар өте белгілі.
Белсенді біріктірілген тақшалардың құрамында шинаны басқаратын схемалар және көптеген басқа компоненттер бар. Көптеген осындай тақшаларда әдеттегі жүйелік тақшалардағы барлық электроника орналасады, процессорлік комплекстен басқасы. Процессорлік комплекс деп – процессор және онымен байланысты компоненттерден тұратын тақша схемасының сол бөлігін айтамыз, тактілі генератор, КЭШ және тағы басқалары. Сонда сізде процессорлік комплексін ауыстыруға болатын модульдік жүйелік тақша пайда болады. Көбінесе кейінгі ДК-р біріктірілген тақшаны қолданылады, оның ішінде бөлек белсенді тақшалы процессорлі комплексі бар. Мұндай конструкцияны Compaq және IBM фирмалары өздерінің ең мықты К жүйелік серверлік классында қолданылады, өкінішке орай процессорлік комплекстің интерфейсі әлі стандартталмаған.
Жүйелік тақшаны және біріктірілген тақшаны қолданатын бұл екі конструкцияның артықшылықтары мен жетіспеушіліктері бар. 70 жылдардың аяғында белгілі ДК-ді өндірушілер біріктірілген тақшаны қолданған. Кейінен Apple және IBM фирмалары жүйелік тақшаларға ауысты, себебі ондай конструкция, егер оны көптеп өндірсе, арзанға түсті. Теория жүзінде біріктірілген тақшаның жетістігі, оны оңай жаңартуында, яғни үлкен емес деңгейлі тақшаны ауыстыру ғана болып табылады. Жүйелік тақшалы компьютерлерде процессорды ауыстыру үшін көбінесе жүйелік тақшаның барлығын ауыстыруға тура келеді, ол өте қиын.
Жаңартылған процессорлар біріктірілген тақшалы жүйеге соңғы нүктесін қойды. Intel фирмасының 486, Pentium, Pentium MMX және Pentium Pro процессорлары Overdrive деп аталатын жылдамдығы жоғары процессорлармен ауыстырылуы мүмкін. Әрине компьютердің модернизациясы жеңілдеу болмақ, егер жүйелік тақшаның орнына тек процессордың өзін тез және заманға сай процессорге ауыстырса.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]