Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Мемлекеттік бюджеттің салықтары мен төлемдері .

Мемлекеттік бюджеттің кірістеріне тек Қазақстан Республикасының тиісті заң актілерінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жатады .
Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің ауқымында ұдайы жүзеге асырылатын мемлекеттік басқару басымды тұрғыдан республикалық (орталық) бюджет пен жергілікті бюджеттердің салықтық түсімдерін нақтылы айқындауды , сондай-ақ аталған бюджеттердің салықтық кірістері бөлігін жоспарланған көлемде қалыптастыруды көздейді .
Мемлекеттік салық әкімшілігін жүргізу аясындағы салық органдарының жүйесі республикалық бюджетке және жергілікті бюджеттерге байланысты барлық салықтық мән-жайларды тәртіптендіруге , реттеуге , салық салу проблемаларын шешуге , салық жүйесінің механизмдері арқылы республикалық бюджеттердің салықтық кірістері бөлігін тапшылықсыз қалыптастыруға ат салысады .
Республикалық және жергілікті бюджеттердің салықтық түсімдері аясындағы салықтық қатынастар ауқымы әдетте салықтық - құқықтық реттеу құзырында болады .
Салық жүйесінің фискальдық әлеуеті негізінде мемлекеттің бюджеттік жүйесінің тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы даму ерекшеліктері мен халықаралық стандарттар – талаптарға сай қоғамдық – мемлекеттік және корпоротивтік (және жекеменшік) мүдделердің балансын (теңдестірілуін) көздейтін ұтымды құқықтық механизмге , яғни салықтық , сондай-ақ бюджеттік-құқықтық реттеу әдістерінің өркениетті тиімділігіне тікелей байланысты болады .
Осы орайда , Қазақстан Республикасы бюджеттік құрылысы саласының нормативтік құқықтық арқауы бюджеттік заң актілері массивінің тұрақты дамытылып, ұлғаюы , сондай-ақ олардың жүйелендіріп , тиісінше кодификациялануы 2004 жылғы сәуірдің 24 –де қабылданған тұңғыш Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (2005 жылғы қаңтардың 1-де қолданысқа енгізілді) қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық (қаржылық) өмірінен орын алуына себеп болғанын айта кетуіміз қажет.
Аталған кодекстің 46-бабының 1-тармағында республикалық бюджетке тұрақты түсетін салықтық түсімдер ретінде:
1. корпорациялық табыс салығы;
2. қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
4. газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға акциздер;
5. үстеме пайдаға салынатын салық;
6. экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы;
7. бонустар;
8. роялти;
9. Қазақстан Республикасының жасалған келісім –шарттар бойыша өнімді бөлу жөніндегі үлесі;
10. жергілікті маңызы бар мемлекеттік ақылы автомбиль жолдары арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алынатын алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым;
11. телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектірін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым;
12. теңіз,өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
13. дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
14. азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
15. радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
16. қлааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төленетін төлем;
17. радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төленетін төлем;
18. республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем және т.б төленетін төлемдер.
Республикада қазір қолданыстағы салық механизімінде бюджет жүйесі ұтымды қызмет ете алмайды , ал салықтар болса мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі ретінде оның табыс бөлігін қамтамасыз ететіні барлығымызға белгілі . Республикадағы өндіріс көлемінің ұлғаюы , жалпы ішкі өнімнің өсімі , мемлекеттік бюджетке түсетін табыстар деңгейінің жоғарылауы тікелей қаржы ресурстарын пайдаланатын кәсіпорындармен қатар , жеке тұлғалардың қызметін ынталандыратын тұтқаларды таңдауға байланысты .

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]