Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ЕРЖАНОВ Манарбек

ЕРЖАНОВ Манарбек (8. 3. 1901, қазіргі Қарағанды обл., Ақтоғай ауд., — 14. 11. 1966, Алматы қ.) — әнші (тенор), актер, композитор, ҚазКСР-інің халық артисі (1938). Кедей шаруа отбасында туған. Таланты ерте ашылып, өз еліндегі домбырашы Күсенбайдан күй үйренген; ән салып, ауыл арасындағы айтыстарға қатысқан. 16-17 жасында-ақ Біржан сал, Ақан сері, Жарылғапберді, Естай, Шашубай әндерін айтып, ел аузына іліккен. 1928 ж. Қазақ драма театрының құрамына қабылданып, алғашқы актерлерінің бірі болды: осы театрда қойылған спектакльдерде ойнап, сан қырлы бейнелер жасады. 1931-32 ж. Риддердегі (Лениногор) жұмысшы жастар театрында қызмет етті. 1934 ж. Алматы муз. театрында (қазіргі Қазақтың мемл. академиялық опера және балет театры) Е. әнші-артист болып еңбек етті. И.В.Коцык-тың "Айман - Шолпан" муз. спектаклінде Жарас; Е.Г.Брусиловскийдің "ҚызЖібек", "ЕрТарғын" және "Жапбыр" операларында Шеге, Сақан, Елемес; А.Қ.Жұбанов пен Л.А.Хамидидің "Абайында" Әзім; М.Төлебаевтың "Біржан - Сарасында" Естай рольдері оның әншілік әрі артистік талантын танытып, даңқын кетерді. 1936 ж. 17-майда Үлкен театрда (Москва) қазақ әдебиеті мен енерінің онкүндігі "Қыз Жібек" операсымен ашылғанда Е. Шеге ролін ойнады. "Мына бір әнші қазақтың кең даласын Москваның сахна-сына алып келді-ау" деп, акад. Б.В.Асафьев Е-тың әншілік өнеріне тәнті болады. 1953 жылдан емірінің ақырына дейін ол Қазақ филармониясында әнші солист болып, халықтың ән жанрында кең орын алатын терме, желдірмеден бастап, кең танысты әндерге ("Ардақ", "Ағашаяқ", "Смет", "Топай көк", "Жанбота", "Балқадиша", "Аққайың", "Толыбай", "Хорлан", "Ақсиса" т. б.) дейін еркін орындады. 1930 жылдан бастап Е. композиторлық өнермен де шұғылданды. Оның "Жетісу", "Астанада", "Батыр жорығы", "Күсенбай", "Өрнек", "Шалқар көл", "Аққу көлі" күйлері, хорға арналған "Партизан жорығы", "28 гвардияшы-панфиловшылар", "Жастар тойы", "Жастар әні", "Бейбітшілік маршы" атты шығармалары, "Паровоз", "Амангелді", "Бақытжыры", "Қуанамын", "Қойшының әні", "Әнші Біржан", "Сайра бүлбұл" әндері қазақ музыкасында -зінің лайықты орнын алды. Ол Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]