Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ЖИЕНҚУЛОВА Шара

ЖИЕНҚУЛОВА Шара (шын аты - Гүлшара) Баймолдақызы (18.8.1912, қазіргі Алма-ты қ., - 1991, сонда) - биші, педагог, ҚазКСР-інің халық артисі (1938). 1929-30 ж. Қаз-ПИ-дің (қазіргі Алматы мемл. ун-тінің) тарих ф-тінде оқыды. Тұңғыш ойнаған ролі - Б.Ж.Майлиннің "Майдан" спектакліңцегі Пүліш. Бұдан кейін Еңлік, Қарагөз (М.О.Әуезовтің "Еңлік Кебегі" мен "Қарагөзінде"), Ольга (В.М.Киршонның "Астығында") т. б. рольде ойнады. 1934ж. Қазақтың муз. драма театрына (қазіргі Қазақтың мемл. академиялық опера және балет театры) ауысты. Мұнда Әуезов пен И.В.Коцыктың "Айман -Шолпан" атты муз. драмасында, ЕТ.Брусиловскийдің "Қыз Жібек", "Жалбыр" мен "Ер Тарғын" операсында ұлттық билерді орындап, В.В.Великановтың "Қалқаман - Мамыр" балетінде Мамырдың партиясын биледі. Ж. киноға алғаш түскен актриса ретінде де танымал болды; 1938 ж. "Амангелді" фильмінде Балымның ролін орындады. 1940 ж. балетмейстер Л.А.Жуковпен бірлесіп И.Н.Надировтың "Көктем" балетін (Қазақтың мемл. академиялық опера және балет театры) қойды. 1940-62 ж. Қазақтың мемл. филармониясында қызмет етіп, 1962-66 ж. Қазақтың мемл. ән-би ансамблін басқарды. 1966-75 ж. Алматы хореогр. уч-щесінің директоры болып, пед. қызметпен де айналысты, Шәкірттері: Қ.Қарабалинова, Н.Е.Тапалова, Г.І.Талпақова, Б.Ж.Байжұманова т. б. Ж. қойған билер ("Балбырауын", "Мау-сымжан" т. б.) қазақ халқының тұрмыс-салтын, қолөнері еңбегін көрсететін ұлт ойындарындағы би элементтеріне негізделген. 1936 және 1958 ж, Москва қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]