Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Алтай осы жерден басталады

– Катонқарағай ауданында 2007-2009 жылдар аралығында туризмді дамыту бағдарламасына сай “Катонқарағай бұғы паркі” шаруа қожалығында сметалық құны 240 миллион теңге болатын 250 орындық пантымен емдеу сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, – дейді аудан әкімі Серік Зинабекұлы. – Мұнда адамдар тұратын қонақ үй, емдеу корпустары, асхана, коттедждер, көтергіш жол, бассейн, теннис, гольф алаңы, жаттығатын залдар, басқа да мәдени-шаралар орталықтары бой көтермек. Қазір де бұл жерде туристер демалатын орындар бар. Бірақ алдағы уақытта заман талабына сай ғимараттар салу қажет. Бұғы паркінің директоры Нұрлан Тоқтаров мырза қолдан келген шаруаның барлығын атқарып жатыр.
“Рахман қайнары” шипажайында көктемде болудың сәті түсіп еді. “Бипек-авто” компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин мырза соңғы бірер жылдан бері мұнда ауқымды істер атқарып жатыр. Олар туристер мен емделушілер ғана емес, аудан тұрғындары үшін де қолайлы жағдай жасауда. Атап айтқанда, көрші Берел және Өрел ауылдарының жүзге тарта тұрғындары шипажайда еңбек етіп, ай сайын жалақыларын алып жатыр. Өрел ауылының тумасы Қайрат Ташенов – шипажайда атқарушы директор, оның айтуынша, алдағы уақытта жергілікті тұрғындар үшін басқа да қолайлы жағдай жасалынбақ.
Қаз-қатар орналасқан әдемі үйлер көркімен көз тартады. Іші-сырты әсем, санузел ішінде, ыстық, суық су келіп тұр. Рахман қайнарының суы құяң, жыныс органдары, жүрек қантамырлары, бел омыртқасы, басқа да сырқаттарға мың да бір ем. Қазір мұнда бірнеше еуропалық деңгейге сай ванналар іске қосылыпты.
– Ең бірінші проблема – жол. Жолдың нашарлығынан көптеген туристер аттың басын кері бұратыны белгілі. Үлкен Нарын мен Өрелге дейінгі 140 шақырымдық жолды Темірбек Исабаевтың жол салушылары сапалы салып берді. Ендігі мақсат – Өрелден Рахман қайнарына дейінгі жолды салып бітіру. Бұл жолдың маңыздылығын Елбасы қадап-қадап айтып кеткен. Қосымша қаржы бөлу мәселесі де шешіліп қалатын шығар. Ал облыс әкімі Ж.Кәрібжанов Рахман қайнарына дейінгі жолды салудың екі түрін ұсынып отыр. Біріншісі, қара жол, екіншісі асфальт төсеу. Жолға кем дегенде екі-үш миллиард теңге қаржы қажет. Келер жылдан бастап облыс әкімі жол салуды міндеттеп отыр, – дейді аудан әкімі Серік Зайнулдин.
А.Балушкиннің басшылығымен шипажай ауласын көріктендіруде біраз істер тындырылыпты. Бірнеше мың шаршы метрге плита төселіп, ванналарға дейінгі жол жөнделген. Алдағы уақытта мұнда тікұшақ қабылдайтын арнайы алаң салынбақ. Қазір тікұшақ қатынап тұр, бірақ оны халықаралық деңгейде салу міндеті тұр. Қысқасы, Рахман қайнарының екінші тынысы ашылғандай. Бұл күндері мұнда жүзге тарта адам емделіп жатыр. Олардың арасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен, тіпті алыс шетелдерден де саяхатшылар бар. Ал ұшақ немесе тікұшақ қатынасы іске қосылған соң туристердің қаптайтыны сөзсіз.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]