Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Кәсіптік іс-тәжірибенің мазмұны

Кәсіптік іс-тәжірибенің мазмұны


Мен Торубаев Ғ. Ж. жазғы кәсіптік іс-тәжірибемді «Copy Land» компьтерлік қызмет көрсету орталығында 24-ші маусым мен 2-ші қыркүйек аралығында өткіздім. Кәсіптік іс-тәжірибені бұл компьтерлік қызмет көрсету орталығы өткізу үшін біріншіден міндетті түрде техникалық қауіпсіздік ережесін білу қажет болды. Сондықтан алғаш компьтерлік қызмет көрсету орталығына барған күні техника қауіпсіздік ережесі өткізілді. Сол сабақ өткізіліп болғаннан соң компьтерлік қызмет көрсету орталығына кіруге рұқсат берілді. Онда да тек компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөліміне ғана кіруге мүмкіндік болды.
24-25.07.06. Техника қауіпсіздік шараларымен танысу. Жалпы бұл күні бізге орталықтың техника қауіпсіздік ережелерінің барлық саласымен таныстырды. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:
1. Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір студент қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.
2. Электрлік тоқпен зақымдалған студентке әрбір студент бірінші көмек көрсете білу керек
• Электр тоғымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
• Егер демалысы тоқтап қалған болса , онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек.Ол минутына 16-18 рет бір қалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек.
3. Студенттер ЭЕМ сым өткізгіштеріне рұқсатсыз тимеу керек.
4. Суланған қол , ылғал киіммен ЭЕМ-мен жұмыс істеуге болмайды.
5. Зақымдалған сым дұрыс істемей тұрған есептеуіш техникасының құралдарымен жұмыс істеуге болмайды.
6. ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысында қолайсыз иіс, дыбыс немесе түтінделген сым байқалған болса ЭЕМ-ді өшіріп мұғалімге хабарлау керек.
7. ЭЕМ-ді іске қосып ескерусіз қалдыруға бөлме ішінде жүріп жолдастарының назарын аударуға болмайды.
8. ЭЕМ-нің үстіне кітап, дәптер , киімдер тағы басқа заттарды қоюға болмайды.
9. ЭЕМ-мен жұмыс істеп жатқанда сырттан кірген кісілерге тұрудың қажеті жоқ.
10. ЭЕМ бөлмесіне рұқсатсыз кіруге болмайды.
26-27.07.06. Компьтерлік қызмет көрсету орталығындағы компьютерлермен байланысы бар жұмыс орындарымен танысу. Бұл өндіріс орнында компьютермен байланысы бар бөлімдер саны өте көп емес, кадрлар бөлімінде компьютермен жұмыс істейді, арнайы компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімі бар, ксерокөшірме орталығы бар, т.б. Біздің өндірістік іс-тәжірибемізді өткізген бөліміміз компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімі. Бұл бөлімде төрт компьютер орны берілген және алты қызметкер жұмыс істейді. Компьютерлер соңғы технология бойынша жұмыс істейді. Әрқайсысы соңғы моделдегі компьютерлер және жаңа бағдарламалық тілдермен жабдықталған.
28.07.06-.1.08.06. Өндіріс орнының бас қызметкерлерімен, тарихымен және экономикалық, техникалық қамтамасыздандыру шараларымен танысу. Бүгінгі таңда компьтерлік қызмет көрсету орталығы қуатты әрі қазіргі заман талаптарына сай құрылған орталық.
Біздің барған бөлім бұл компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімі, бұл бөлімнің бас қызметкері Досжанов Марат бас программист қызметін атқарады. Өндірістің өзінің кітапханасы бар, бізге оның көптеген көмегі тиді. Сонымен бірге бізге басшылық қылған үш қызметкер болды, олар- Рысқұлов Қуаныш, Байменов Ғалымжан т.б. Рысқұлов Қуаныш компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімінің бас маманы. Сол бөлімнің ішіне кіретін мамандардың барлығы Досжанов Мараттың қарамағына кіреді.
02-4.08.06. Компьютердің мінездемелерімен және Internet желісімен танысу. Бөлімдегі қолданылатын компьютердің барлығы да соңғы үлгідегі компьютерлер, қолданылатын бағдарламалардың санында шек жоқ. Internet желісімен жұмыс істеу уақыты да , мүмкіндігі де өз қалауыңша.

05-08.08.06. Өндіріс орнында қолданылатын бағдарламалармен жұмыс жасау. Қолданылатын бағдарламалардың саны шексіз деп айтып кеттім, егер оларды айтып кетер болсақ, олар - DirX , Outlook Express, Windows Messenger, Nero, Corel Graphics Suite, Microsoft FrontPage, Delphi, Visual basic секілді бағдарламалар. Алғашқы қолданған бағдарлама Borland Delphi бағдарламалық тілі болды.

09–12.08.09. Негізі көбінесе Microsoft Word-пен, болмаса Microsoft Excel бағдарламаларымен жұмыс жасадым. Сонымен қатар өзімнің өзіндік жұмысыма байланысты Delphi - бағдарламасында жұмыстар атқардым.
Түрлі шаруашылықтарда, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғары оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:
• Факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімі не қызметкерлер жөнінде басқа мәліметтер;
• емтихан ведомостары;
• студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер;
• түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (тегі, аты жөні, білімі, адресі, үй телефоны, т.б.).
Мұндай мәліметтерді сақтау және өңдеу көп тараған әдісі – оларды берілгендер қоры түрінде дайындау. Берілгендер қоры – құрылымы арнайы тәсіл бойынша берілген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл негізінен кесте түрінде дайындалады. Кестелерді дайындау, жылдам түрде олардан қажетті жазулар тобын таңдау (шартты қанағаттандыратын сұраныс құру), оларды сақтау, жазуларды редакциялау, жолдарды алып тастау, кестені басып шығару сияқты орындалатын іс-әрекеттер – күрделі жұмыстар.
13-21.08.06. Интернетте жұмыс жасау. Интернет ішінен керекті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып өту керек.
Internet ішінен керекті мәліметті іздеп табуға WORLD WIDE WEB (WWW не WEB), яғни “ дүниежүзілік өрмек “ информация іздеп бүкіл дүние жүзіне “электрондық саяхат” жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әртүрлі информация алуға болатын ең кең таралған жүйе ретінде, WWW есептеледі. Интернеттің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.
Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше арқылы іздеу жүргізіледі. Өзімізге қажетті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып қарап шығасыз. Бірақ қажет болса кейін оралуыңыз да қиын емес.
WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Гиперсілтеме деген не деген сұраққа жауап беретін болсақ. Егер сіз Windows жүйесімен көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Micintosh компьютерінің Hiper Hard файылын көрсеңіз, сол гиперсілтеме мысал бола алады.
Интернетке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі , университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі , кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және тағы басқа цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.
Интернет информация магистралына өте ұқсас, институт , мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін интернеттегі жүйенің номерін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі желі нүктесінен байланысып , өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да , айта берсек , соңғы оқиғалар көрсететіндей , ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.

21.08.06.- 29.08.06. Microsoft Exel программалық терезесімен жұмыс жасау. Exel кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрде берілген мәліметтер арқылы эксперементтер жүргізу т.б мүмкіндіктер беретін Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.
Exel электрондық кестесі жазылған әр бір файл, бірнеше беттерден тұратын байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты жылдам іздеп табу мүмкіндігін беретін кітап болып саналыды.
31.08-03.09.06. Microsoft Word бағдарламасын пайдаланып, отчет жазу. Компьютерлік технология жағынан көмек көрсету бөлімінде бізге практиканттарға әрқайсысымызға бір компьютер орнынан берілді. Файлдар мен бумалар тізбегін экранға шығару бағдарламасын жасап болғаннан кейін осы жасаған бағдарламамыз жөнінде отчет жаздық. Отчет жазуда Microsoft Word бағдарламасын қолдандық. Microsoft Word бағдарламасында негізі кез келген тексттерді, құжаттарды теруге болады. Сонымен бірге математикалық формулалары бар тексттерді де жазуға болады. Біздің бөлімде бағдарламалардың барлығы соңғы үлгідегі бағдарламалар деп айтып кеткенмін, бөлімдегі қолданылатын Microsoft Word бағдарламасы 2003-ші жылғы, яғни Microsoft Word 2003 бағдарламасымен жұмыс жасадым.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]