Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Бейнекарта компьютердің жадысында орналасқан бейнені түрлендіріп мониторға бейне сигнал ретінде жіберетін құрылғы

Бейнекарта компьютердің жадысында орналасқан бейнені түрлендіріп мониторға бейне сигнал ретінде жіберетін құрылғы.

Кәдімгі бейнекарта кенейтілім платасы болып табылады жане кенейтілім разъеміне қосылады, әмбебап немесе арнайы, бірақ жүйелік платаға орнатылғаныда болады.
Қазіргі кездегі бейнекарталар бейнені шығарып кана коймайды, оларда компьютердің орталық микропроцессоры ол есептерден жүктей отырып қосымша өңдеу жүргізуге мүмкіндік беретін орнатылған графикалық микропроцессор бар. Барлық қазiргi кездегі Nvidia және (ATi ) AMDтiң видеокарталары аппаратты деңгейдегi OpenGL қосымшаларын қолдайды.Соңғы кездері тенденцияның орнына графикалық емес есептердi шешу үшін арналған аппараттық процессордың орнына есептеуiш қабiлеттiлiктерiн қолдану орын алуда.

IBM PC графикалық адаптерлердiң алғашқыларының бiрi 1981 жылы (Monochrome Display Adapter ) MDA болды. Ол тек қана рұқсаттылығы 80×25 символды мәтіндік тәртіпте жұмыс істеді және бес атрибуттық мәтінді қолдады: кәдімгі, жарық, инверсті жане ауыспалы. Ол ешқандай графикалық немесе түстілік ақпаратты жібере алмайтын. Сонымен қатар әріптердің түсі қолданылатын монитордың моделіне байланысты болды. Олар ақ-қара, сары немесе жасыл түсті болды. 1982 жылы Hercules MDA адаптерінің әрі қарай дамыған түрі 720х348 нүктелі графикалық кеңейтілімі бар және екі графикалық парақты қамтамасыз ететін HGC (Hercules Graphics Controller — Геркулес граикалық адаптері) бейне адаптерін шығарды. Бірақ сонда да оның түстермен жұмыс істеу мүмкіндігі болмады.

Бірінші түсті бейнекарта болып IBM фирмасында шығарылған және келесі бейнекарталар стандарттарының негізі болған CGA (Color Graphics Adapter) бейнекартасы болды. Ол 40х25 және 80х25 кеңейтілімімен тексті режимде немесе 320х200 және 640х200 кейейтілімімен графикалық режимде жұмыс істей алды. Тексті режимде 256 символ атрибуты - 16 символ және 16 фон түстері бар. 320х200 кеңейтілімді графикалық режимде әр біреуінде 4 түсі бар 4 палитра болды. Үлкен кеңейтілімді режим 600х200 монохромды болды. Бұл картаның дамуынан EGA картасы пайда болды.
EGA (Enhanced Graphics Adapter) - 64 түсті палитра кеңейтілімі және аралықты буфері бар дамытылған графикалық адаптер. Кеңейтілім 640х350 дейін дамытылды. Нәтижесінде 80х43 матрицалыда символы 8х8 тексті режимі пайда болды. 80х25 режиміне 8х14 үлкен матрица қолданылды. Сонымен қатар бір уақытта 16 түсті қолдану мүмкіндігі болды, себебі түстілік палитра 64 түске дейін кеңейтілді. Графикалық режим сонымен қатар 640х350 кеңейтілімінде 64 түсті палитрадан 16 түсті пайдалануға мүмкіндік берді. CGA және MDA үйлесімдірілген.

IBM ps/2 бастап компьютерлердің алғашқы модельдерінде жаңа графикалық интерфейс MCGA (Multicolor Graphics Adapter — көп түсті графикалық адаптер) пайда болды. Текстілік рұқсаттылық 640х600 көтерілді. Ол 8х8 матрицасында 80х50 режимін , ал 80х25 режимінде 8х16 матрицасын қолдануға мүмкіндік берді. Түстер саны 262144 дейін көтерілді. Тексті режимдерде EGA үйлесімді болу үшін 64 түсті EGA түстілік кеңістігі MMGA түстілік кеңістігіне ауысуы орындалатын түстер кестесі енгізілді.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]