Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Орта және кіші бизнес субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың салықтық аспектілері

Т. Рысқұлов атындағы «Қаржы және есеп» факультетінің
«Салық және салық салу» мамандандыруының

«Орта және кіші бизнес субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың салықтық аспектілері (мысалға Қазақстан Республикасы)»
тақырыбына жазылған диплом жұмысына
ПІКІР

Салықтар барлық елдерде олардың құрамына экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағыттына қарамастан ұлттық мемлекеттік кірістердің негіздері - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржысының тетігі, мемлекет кірістерін қалыптастырудың, төлеудің көзі болып табылады. Дегенмен бүгінгі күннің ең қауіпті салықтың күнін бұзушылығының нысаны - салық салудан жалтару, яғни бюджет алдындағы салықтың міндеттемелерді тиісті талаптар бойынша орындамау барысында заңды және жеке тұлғалар салық ауыртпалығын өз бетімен азайтуға немесе түсіруге жасалған әрекеті. Казіргі таңда салықтың бірнеше нысандары мен түрлері бар, мысалыға, тікелей салықтар, жанама салықтар, меншікке салынатын салықтар, нақты салықтар және басқа да салық түрлерін айтсақ болады
Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту барысында, яғни шағын бизнес субъектілеріне салық сала отырып, экономиканы дамыта отырып және бизнес субъектілерінен түсетін салықтық түсімдердің бюджет кірістеріндегі рөлі болып табылады.
Аталған тақырыптағы диплом жұмысы кіріспе мен қорытындыдан және үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде автор кәсіпкерлік қызметтің даму бағыттарына және де қызметті мемлекет тарапынан салықтық реттеу негіздеріне тоқталған. Екінші бөлімде бизнес субъектілеріне салық салуды есептеу мен төлеу принциптеріне және салық түсімдерінің бюджет кірістеріндегі орнына тоқталып өткен. Ал үшінші бөлімде шағын бизнес субъектілеріне салық салуды жетілдіру жолдарын қарастырған.
Жалпы жұмыс қойылған талаптарға сәйкес және Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы алдына қорғауға жіберіледі.

Ғылыми жетекші,
Аға оқытушы Базарбаев А.О.
Т. Рысқұлов атындағы «Қаржы және есеп» факультетінің
«Салық және салық салу» мамандандыруының
2 курс студенті Төлепбергенов Тайырдың
«Орта және кіші бизнес субъектілерінің дамуын мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың салықтық аспектілері
(мысалға Қазақстан Республикасы)»
тақырыбына жазылған диплом жұмысына
РЕЦЕНЗИЯ

Қазіргі кезде салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды өаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы, сонымен қатар салықтар экономикалық белсенділікті артырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы.
Салықтар барлық елдерде олардың құрамына экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағыттына қарамастан ұлттық мемлекеттік кірістердің негіздері - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржысының тетігі, мемлекет кірістерін қалыптастырудың, төлеудің көзі болып табылады.Салықтарды бюджетке түсірудің ішіндегі орта және шағын бизнес субъектілеріне салық салу бюджеттің негізгі қайнар көзі болып отыр.
Автордың диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту барысында, яғни шағын бизнес субъектілеріне салық сала отырып және экономиканы дамыта отырып, бизнес субъектілеріне салықты салу кезіндегі түсетін салықтық түсімдердің бюджет кірістеріндегі алатын рөлі болып отыр.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында салықтан жолтару мен салықтың құқық бұзушылардың экономикалық мазмұнын ашу барысында олардың жіктелуін, бүгінгі таңдағы көріністерін талдау арқылы салықтың кұқық бұзушыларға тосқауыл қою сонымен бірге шетелдік тәжірибесін зерттеу арқылы ондағы шараларды біздің еліміздің салықтың бақылауында қолдану.
Диплом жұмысының үш негізгі бөлімдерінде Қазақстан Республикасының шағын бизнес субъектілеріне салық салудың алғы шарттарына, олардың қалыптасу кезеңдеріне және кәсіпкерлік қызметті салықтық реттеу негіздеріне, олардан түсетін салықтық түсімдердің бюджет кіррістерін құрудағы рөліне, сонымен қатар орта және шағын бизнес субъектілеріне салық салуды жетілдіру жолдары қарастырылған.
Сонымен Төлепбергенов Тайырдың «» тақырыбында жазылған дипломдық жұмысы мазмұны жағынан талаптарға жауап береді және жақсы деген бағаға бағаланады.


Рецензент

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]