Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Адамдардың тұтынысын қанағаттандыру Мақсаттар

Маркетингтің әлеуметтік негіздері :
Адамдардың тұтынысын қанағаттандыру
Мақсаттар
Маркетингтің тұтынушыларға күнделікті тигізетін
Маркетинг біздің әрсайсымыздың әрбір күнгі өмірлік мүддемізге әсерін тигізуде.Біз «Сирс» радиосағаты Барбара Стрейзанд әніне қосылған кезде оянамыз,одан «Юнайтед Эйрлайнс» әуекомпаниясының Гавай аралындағы демалыс туралы жарнамалық ролігінің кезегі келді.Ваннада «Колгейт» пастасымен тіс тазаймыз, «Жиллет» алмасымен қырынамыз,ауызды «Люстерин» антисептигімен тазартамыз, шашымызға «Ревлон» лагын жағумен қатар, тағы басқа көптеген әлемнің әр тарапында жасалған туалет керек-жарақтарын,құрал аспсптарын пайдаланамыз. «Кельвин Клейн» джинсін және «Басс»бәтінкесін киеміз.Ас үйде бір стақан «Минит-Мейл»апельсин нәрімен сусындаймыз,тарелкеге «Кел-лог» қытырлайтын күрішін салып,оған «Берден» сүтін құямыз.Енді бірде екі қасық «Домино» құм шекері салынған «Максвел-хаус»кофесін ішеміз, «Сара Ли»тоқашын жейміз.Біздер Калифорнияда өсірілген апельсинді,Бразилиядан әкелінген кофені, Канада ағаштарынан дайындалған газетті сатып аламыз, ал алыс Австриядағы жаңалықтарды радио арқылы естиміз.Поштаны қарап ,онда метрополитенмұражайының сауда каталогін , «Пруденшиал» қамсыздандыруу компаниясының сауда өкілінің әртүрлі қызмет көрсету ұсыныс хатын және өзімізге сүйкімді маркалы тауарларды сатып аларда,ақшаны үнемдеуге мүмкіншілік беретін купондарды табамыз.Біз үйден шығып , «Нейман Маркус», «Лорд энд Тейлор», «Сирс»әмбебап дүкендері және еденінен төбесіне дейін тауарға толы жүздеген дүкендері бар «Нортбрук Корт» сауда орталығына барамыз.Одан кейін біз «Наутилус» физкультура –денсаулық түзету орталығында жаттығымыз, «Видал Сассун» салонында шаш алдырамыз, «Томас кук» саяхат бюросы қызметкерлерінің көмегімен Кариб теңізіне сапарға шығуды жоспарлаймыз.Осының бәрі маркетинг жүйесі арқылы мүмкін болып отыр және де біз тараптан ең аз күш-жігер жұмсаумен.Ол бізден бұрын өткендердің аңсаған өмірін ақиқатқа айналдырды.
Маркетинг дегеніміз не?
«Маркетинг» деген түсініктің ар жағында не жатыр?Көпшілік маркетингті тауар өткізумен және ынталандырумен теңестіреді.
Келісімді жай беруден айыра білу керек.Жәй беруде А жағы Б жағынан Икс затын бергені үшін алмастырып ештеңе алмайды.Жәй беруге сыйлықтар,субсидиялар, қайырымдылық акциялары жатады және олар алмастырудың бір түрі болып саналады.Әрине,сыйлық беру де өзіне деген мейірімді сенімшілік тудыру,айыптылық сезімінен құтылу не қарсылас жақты өзіне міндетті ету сияқты қайсыбір пайданы көздейді.Кәсіпкерқайырылымдық жинаушылар, яғни әртүрлі қорларға қайырымдылық жинаушыкәсіпкерлер сыйлық берушілердің түп мінездеріндегі «мырзалықты» мүдделерін жақсы түсінетін,олардың іздеген пайдаларын қамтамасыз етуге табысады.Егер сыйлық берушілерді қмытатын болса не оларға құрметтеушілік көрсетілмесе, қор тез арада өзін қолдаушылардан айрылады.Соның нәтижесінде кәсіпкер нарық қайраткерлерді соңғы кездерде маркетинг тұжырымдамасын кеңейтіп, оның өрісіне келсім кезіндегі арақатынасты зерттеумен қатар жәй беру кезіндегі мінез- құлықты да талдауға мән беруде.
Жай беруді іске асырарда нарық қайраткері ұсыныстардың әрқайсысына жауапты реакция болдыруға тырысады. Бұл реакция «сатып алудағы» не «коммерциялық» алмастырудағы реакциямен бірдей емес . Саяси кандидат сайлаушылардың дауысын алғысы келеді,шіркеу дінге сенушілердің санын, қоғамдық күштер тобы «идеяны қабылдаушылар санын өсіргісі келеді.
Маркетинг қайсыбір затқа,қызметке не идеяға мақсатты аудиторияның жауапты реакциясын болдыру үшін пайдаланылатын әрекеттерден құралады.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]