Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Инфекциялық гепатит

Инфекциялық гепатит
Вирусты гепатит - бұл вирустардың ерекше тобымен жұғатын ауру. Ол бауырдың зақымдалуымен және сары аурумен көрінеді.
Инфекциялық гепатит вирусы 60 градусқа дейін қыздырғанда 2-4 сағат, хлорамин ерітіндісінде 2 сағаттай шыдайды. Ауада жөне топырақта ұзақ уақыт сақталады.
Таралу көзі - ауру адам. Қоздырғыштарының таралуы ішек аурулары сияқты су, тамақ өнімдері, заттар, кір қол және масалар арқылы жүреді. Гепатиттің көптеп таралуы су құбырларының ағындармен ластанған кезінде болуы мүмкін.
Инфекциялық гепатитпен барлық жастағы адамдар, көбінесе балалар ауырады, себебі олар жеке гигиена талаптарын орындамайды.
Инфекциялық гепатит кезінде бірінші орында бауыр жарақаттанады. Жүйке жүйесі де зардап шегеді. Ауру тері мен көздің ақуызының сарғаюымен, бауыр маңының ауруымен, кішкене температураның көтерілуімен, жалпы әлсіздікпен және енбекке қабілеттілігінің төмендеуімен көрінеді. Кейде жүрек айнуы, буын ауруы, жөтел және тұмау байқалуы мүмкін.
Барлық гепатиттерге ортақ белгі - кіші зәрдің қараюы. Гепатиттің ауыр өтуінің кейбір кезендерінде бауыр жасушалары, тіпті бауыр толығымен өледі. Бұл адамдар өліміне әкеледі.
Гепатит өткеннен кейінгі иммунитет әртүрлі - біреуінде күшті әрі ұзақ, екіншісінде әлсіз.
Инфекциялық гепатитті маманданған медицина қызметкерлері емханада емдейді. Емдеуден кейін ауру адам белгілі бір уақыт карантиннен өту керек - оларға қоршаған адамдармен қатынас жасауға тиым салынады.
Жазылған адам ерекше диета ұстау керек: майлы еттен, шошқа майынан, түтінге ысталған және майлы шұжықтан, ащы және түтінге ысталған балықтан, шоколад пен тәттіден бас тартуы керек. Диетаға сүтті, жемісті тағам, майлы емес сиыр етін, пісірілген балық, ботқа, макарон, вермишель, жидек және жеміс қайнатпаларын қосуға болады.
Инфекциялық гепатиттің алдын-алу үшін ең алдымен гигиена талаптарын нақты және қатаң сақтау керек. Ауру адамды үй ішінің басқа адамдарынан аластату кажет. Өзінің жеке ыдысы, орамалы, киім-кешегі және т.б. қажет заттары болу керек. Ауру бөлмесін дезинфекциялау қажет.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]