Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қазақстан Республикасының дипломатиясы

Қазақстан Республикасының дипломатиясы.

Заман ағымы жылдамдады. Әрбір жолы Қазақстан өткен тарихи жолды ой елегінен өткізген сайын әлгідей пайымдауға қайта оралуға тура келді. Бес жыл бұрын осылай болып еді, қазір де дәл солай – еліміз, міне, тәуелсіздігінің он жылдығын тойлап өтті.
Бұл жылдар, Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолында Президент Н.Н.Ә ересер күш-жігер жұмсаған кезең еді.Қазақстан әлемдік саяси және экономикалық қоғамдастықтан өзіне лайықты орын алмаса, халықаралық міндеттемелеріне толық жауапкершілікпен қарайтын мемлекет ретінде еліміз халықаралық құқықтық беделдің субъектісі ретінде танылмаса жоғарыда аталған тарихи маңызды мақсатқа қол жеткізу мүмкін болмас еді.Сондықтан тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігінің шаңырағын көтеруде және оны нығайтуда сыртқа саясат төтенше маңызды рөл ойнайды.
Мынадай маңызды жағдайды есте ұстаған да жөн: қираған кеңестік империяның орнында туындаған жаңа мемлекеттер үшін бұрынғы жүйеден экономиканы басқарудың белгілі бір дағдылары мұраға қалғанымен, дербес түрде сырқы саясатты жүргізу мүлдем тың жол еді. Бері қойғанның өзінде сыртқы саясаттан бір ерекшелігі экономикада кейбір дәстүрлер мен тәжірибе және тиісінше кадрлар сақталып қалды.Халықаралық қатынастарды айтатын болсақ, белгілі бір себептермен бұл сала бұрынғы кеңестік мемлекеттер үшін мүлде жаңа дүние болды: дәстүр де, тәжірибе де, ең бастысы мамандар да болған жоқ. Осындай күрделі жағдаймен Қазақстан бетпе-бет келді. Отандық дипломатияның іргетасын қалау тақыр жерден басталды.
Аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орынды иеленген Қазақстан сияқты ірі еуразиялық мемлекет өзінің сыртқы саясатын қалай жолға қояды және қандай жетекші бағыттарға басымдық береді, сондай-ақ оның көршілес елдермен ғана емес,жалпы әлемдік қоғамдастықпен қарым-қатынастары қалайша қалыптасады-мұның бәрі көптеген мемлекеттер мен зерттеу орталықтарының мұқият назарында болды. Мұндай ынта-ықыласты аумағымызда ядролық қарудың болуы да қоздыра түсті, өйткені белгілі бір қржылық күш-жігер мен басқарудың оңтайлы тәсілі жағдайында жаппай қырып-жоятын қару түрлері қолымызда болатын.
Қазақстан мен Ресей азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібімен қабылдап, азаматтық алу сияқты күрделі проблеманы да реттеді. Қазқстанның қосарланған азаматтық практикасынан бас тартатын бұрынғы ұстанымда қалғанын атап көрсету керек.
Ресеймен тату көршілік, достық жәнетұрақты қарым-қатынастың Қазақстан үшін зор маңызы бар. Астана Мәскеумен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі Сондықтан Ресейлік бағыт Қазақстанның сыртқы саясатының бірінші кезекте басымдық берілетін санатына жатқызады. Біздің еліміздің басшылығы осы ынтымақтастықты нығайту үшін, оны ұзақ мерзімді, тұрақты даму жолына қою үшін көп шаруаны тындыруда. Біздің елімізбен өзара қарым-қатынасты нығайтуға Мәскеудің айрықша мүдделік танытып отыруының принципті маңызы бар. Қазақстанның табиғи одақтас әрі әріпес болып табылатындығын,екі жақты ұмтылыс білдірмейінше белсенді ынтымақтастық мүмкін емес екендігін Ресей де түсініп отыр.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]