Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Алматы әлемдегі табиғаты таза, сұлу қалаға айналу керек

1.Негізгі бөлім
1.1.Алматы әлемдегі табиғаты таза, сұлу қалаға айналу керек.

Алматы сияқты 1,5 миллион тұрғыны бар еліміздегі ең ірі мегаполистің экологиясын қорғаудың оңай еместігі кім-кімге де белгілі. Бұл үшін Алматы қаласының 1999-2015 жылдарға арналған «Таза ауа-жанға дауа» кешенді бағдарламасы қабылданған болатын. Осы бағдарламаны жүзеге асыру, оңтүстік астананың экологиялық ахуалын жақсарту үшін біздің қалалық басқарма көп жұмыстар атқарып отыр. Негізгі міндетіміз экологиялық ахуалды жақсарту жоспарының атқарылуына мемлекеттік бақылау жасау болып табылады. Атап айтар болсақ, 1999-2015 жылдарға арналған «Таза ауа-жанға дауа» бағдарламасын жүзеге асыруда ұйымдастыру мен мониторинг жүргіземіз. Басқарманың ақпарат, мониторинг және жобаны дайындау бөлімі бағдарламаның жүзеге асырылуын қадағалап, апта сайын қалалық әкімшілікке есеп бері отырады. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға тек өткен жылы ғана 442 миллион тенге бөлінді, бұл 1999 жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Мұның ішінде атмосфералық ауаны қорғауға 70.3, қалдықтарды көмуге 11.5, су ресурстарын сақтауға 16.2, жасыл жилек қорын жанартуға 114.7 миллион тенге жұмсалды.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев үнемі біздің алдымызға экологияны қорғау туралы жаңа міндеттер қойып келеді. Президенттің бірде-бір сөйлеген сөзінде экология мәселесін назардан тыс қоймайды. Елбасының биылғы халыққа арналған Жолдауында арнайы «Жасыл ел » бағдарламасы бар. «Бір ағаш кессен-екі ағаш ек!» дегенді Елбасы үнемі қайталап отырады. Қала әкімі И. Тасмағамбетов те қала экологиясына басым бағыт беріп, үнемі басты назарда ұстайды. Өйткені орналасу ерекшелігіне байланысты әсем Алматымыз бүгінгі таңда еліміздегі ауасы лас қалалардың қатарына қосылып отыр. Бұл күндері саны 250 милионан асатын автокөлік, жылу қазандықтары, өндіріс орындары мен кәсіпорындардың қаланы көк түтінмен тұншықтырып отырғанның жасыра алмаймыз. Оның үстіне қала тау баурайындағы ойпат, тіпті шұнқыр жерге орналасқан. Біздің көптеген экологиялық проблемаларымыз Киев қаласымен бірдей. Бірақ онда арқырай аққан Днепр өзені бар. Осы өзен қаланы көмкерген көк түтінді тазартып отырады. Ал бізде шағын-шағын өзеншелер болмаса Днепр сияқты құдыретті өзен жоқ. Есесіне қала ауасын басында мәнгі қар жатқан Алатау тазартып отырады. Бірақ соңғы жылдары қаланың жоғарғы жағынан көп қабатты үйлер көптен салынып, таза ауа бұрынғыдан да азая түсті. Сондықтан қала әкімі Әл-Фараби даңғылынан жоғары көп қабатты үйлер салуды тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл өте дұрыс шешім болды.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]