Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Ұйқы- демалыстың бір түрі

Ұйқы- демалыстың бір түрі.

Сұрақ: Не үшін ұйықтау керек?
Көпшіліктің ойынша ұйқы- ағзаны тынықтырып, дем алдыру үшін қажет. Бірақ біздің миымыз түнде де тынымсыз жұмыс жасай береді. Ол күндіз бойы алған ақпараттарды өңдеп, оларды маңызды және маңызды еместерге жіктейді. Маңызды емес нәрсені ұмытып, есте тек маңызды заттарды сақтап қалу керек. Ұйқы кезінде адамның сезімдері мен уайымдары мидың өңдеу жұмысына кедергі болмайды. Таңертеңгі уақытта түске тек саналы ойлар ғана енеді.
Сұрақ: Қанша уақыт ұйықтау керек?
Адамдардың көпшілігі ұйқыны босқа уақыт өткізу деп санап, өздерінің аз ұйықтағысы келетіндіктерін түсіндіреді. Ал кейбіреулері керісінше ұзағырақ ұйықтағанды ұнатады, себебі аз ұйықтаса ұйқысы қанбай, дел сал өздерін нашар сезінеді.
Жасөспірім балалар тәулігіне 8,5 сағат қана ұйықтаулары керек. Егер белгілі бір себептермен олардың ұйқысы 1,3-1,5 сағатқа қысқарса, олар міндетті түрде адамның күйіне өз әсерін тигізеді. Түнгі ұйқының 7,2-7,4 сағатқа созылуы ағзаға жеткіліксіз, ал ұзақ мерзімдік 6,5 сағаттан кем ұйқы денсаулықты да бұзуы мүмкін. Бірақ әрбір адамның өзін жақсы сезіну үшін ұйқыға жұмсайтын уақыты ағза ерекшелігіне қарай әр түрлі болады.Сонымен қатар, ұйқы ұзақтығы адамның көңіл-күйіне , жұмыс түріне, шаршауы, ауруы мен шалдығуына байланысты өзгеруі мүмкін.
Ұйқыға керекті уақыт бөле отырып, оны тым қатты қысқартуға болмайды. Әдетте, адамдардың барлығы түнде ұйықтайды, ал кейде адамның күндіз де ұйқысы келеді.



Сұрақ: Ұйқы қану үшін не істеу керек?
Сіз ұйықтайтын бөлме тыныш болып, өзге адамдар шулап, темекі тартпау керек. Теледидарды немесе үнтаспаны қосып ұйықтауға болмайды. Жарық сөндірулі, төсегіңіз ыңғайлы болуы керек. Гигиеналық тазалық қатаң сақталған жөн. Жазда аулада, балконда немесе үйде жерге жатқан дұрыс. Қыста ұйықтайтын бөлме міндетті түрде желдетілуі тиіс. Түнгі ұйқының кезінде бөлменің терезесі ашық болуы керек, ұйықтар алдында тамаққа қатты тоюға, көп су ішуге болмайды. Жылы су құйынып, жуынып, тісті шайып, аяқты жуу да ағзаға өте пайдалы.
Сұрақ: Түсті қалай қабылдау керек?
Түс- ұйқының бір бөлігі. Түс көрмеу бұл да қалыпты, дұрыс құбылыс. Көбіне жағымсыз түстерді адам дұрыс жатпаса, тойып тамақ ішсе жиі көреді. Міндетті түрде ұйқыға жақсы көңіл күймен жату керек.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]