Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қажетті қимыл- қозғалыстың жетіспеушілігі организмді белгілі өзгерістерге ұшыратады

Гипокинезия

Қажетті қимыл- қозғалыстың жетіспеушілігі организмді белгілі өзгерістерге ұшыратады. Алғашқыда үйреніп, дағдылану басталады, қимыл-қозғалыс жетіспеушілік жағдайы ұзақ уақыт сақталса – паталогияның алдындағы жағдайға ұшыратады. Өкінішке орай, балалар ұжымдарында табиғи бақылаулар жүргізу өте шектеулі, бірақ олар эксперименттік зерттеулерді кеңінен қолдану арқылы бекітілді.
Гипокинезияның мектеп оқушыларының дене еңбегі жүктемесіне қан тамыры жүйесінің үйреніп, дағдылануын нашарлататыны, өкпенің тіршілік сыйымдылығын, бұлшық ет күшін төмендететіні, артық салмақ қосуына жағдай жасайтыны дәлелденген. Гипокинезия жағдайындағы баланың организмінің қарсыласу мүмкіндігі азайғандықтан, бақылаудағы топқа қарағанда, аурушаңдық екі есе көп кездесетіндігі және гипокинезиямен қан тамырлары аурулары арасында тығыз байланыс бар екені анықталды.
Балаларда гипокинезияның өте ауыр түрі кездеспейді, бірақ ол анық паталогия алдындағы, яғни болашақтағы нақты паталогиялар басталуы үшін қауіпті фактор болып табылады. Балалардың оқуға, еңбекке, спорттық іс-әрекетке деген қабілеті төмендейді.
Денені шынықтыру адамның күш жігер қабілетін дамытып, денсаулығын жақсартады. Денені шынықтыруға дене тәрбиесі, арнаулы ғылыми білім, спорттағы табыстар жүйесі енеді. Денені шынықтыру еңбек пен тұрмыс гигиенасы, демалыс және еңбектің дұрыс режимін, сонымен бірге денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін күн мен ауаны және суды тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиды.
Денені шынықтырудағы мазмұны мен қолдану әдістері қоғамдық қатынастардың өзгеруіне тікелей байланысты. Республикамызда көптеген дене шынықтыру орындары бар. Экономикалық жағдайымыз жақсара түсуіне байланысты дене шынықтыру орындары жылдан-жылға көбейе түсуі сөзсіз. Өйткені спортқа деген құмарлық өте көп. Осыған орай Қазақстан Республикасы мектептерінде валеология пәні міндетті түрде жүргізіле бастады. Дене шынықтыру валеология ғылымының ең бір көрнекті саласының бірі.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.003 ]