Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Көкшетауға саяхат

Көкшетауға саяхат
Көкшетау- қала, тау, Солтүстiк Қазақстан обл. Қала аты Көкшетау атынан қойылған 1824ж. Негiзi қаланған.
Көптеген көлдерi бар және қарағай қалың өсетiн жер. Атаудың бiрiнщi сыңарындағы “ көк” сөзi – “аспан” және екiншi сыңарындағы ше- үстемелi теңеу мәндi қосынша. Атаудың толық мағынасы: “көкпенбек, әдемi, сұлу бөп көрiнiп тұратын тау”.Оның суретi мен келбет- кескiнi С. Сейфуллиннiң “Көкшетау” поэмасында тамаша берiлген.Биiктiгi 947 м-ге дейiн келедi.
Орысша “Синюха” деп аударғанмен, ресми түрде қазақ тiлiндегi тарихи Көкшетау аты берiк орын алған Е. Қойшыбаев атаудың мән- мағынасы туралы:”Көкшелi тау”, қазақтың осытауда жайлаған ( не қыстаған) ескiру тобының (Көкшенiң) атымен байланысты. Оның үстiне, қазақтың Көкшебай, Байкөкше антропонимдерiмен жақсы үндеседi ; деген үзiлдi – кесiлдi пiкiр айтады ( Е. Қойшыбаев. Қазақстанның жер-су атталы 1985,136 б) . Таудың Көкшетау аталуы жер табиғатына, оның сұлу төңiрегiнiң оның баурайының мәнгi жасыл, көгерiп, алыстан көкшiл бөп көрiнетiн, жасыл желең қарағай түсiне орай қойылғаны кiлеге болса да белгiлi.
Көкшетауда әдемi, сұлу табиғат. Мысалы: Бурабай
Бурабай- Көкшетаудаға эдемi көл. Суы тұщы және мөлдiр. Көлдiң ең терең жерiндегi жәндiктер мен балықтар айқын көрiнедi. Көлдiң айналасы- сыңсыған қарағайлы қайыңды орман. Көкшенiң әйгiлi шоқылары “Жұмбақтас”, “Оқжетпес” көлдi ерекше көрiктi етiп тұрады. Сол себептi де жұрт оны “Қазақстан Швейцариясы” деп те атайды. Көлде әр түрлi балықтар бар. Бурабай көлiнiң айналасында курорт, демалыс орындары орналасқан. Ол- таза ауасымен, қымезбен емдейтiн iрi курорт. Бурабай табиғатының көркемдiгi жөнiнен әлем курорттарының iшiнде ерекше орын алады.Қалада көптеген зәулiм үйлер, демалас орындары, жоғары оқу орындары бар. Көшелерi ұзын әрi кең. Көшелерiнiң екi бойын жағалай өскен үлкен ағаштар бар.Көкшетау, әсiресе, көктемде әдемi болып кетедi. Себебi жемiс ағаштары гүлдеп, бүкiл дала жпңарғандай болады. Қалада әсем сая бақтар мен көшелер, тарихи орындар өте көп.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.002 ]