Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Диареяны алдын алу

Диареяны алдын алу


Диареяның себептері әртүрлі болғанмен олардың ең көп тарағаны инфекция мен нашар тамақтану. Жеке тазалық ережесін қатаң сақтау және дұрыс тамақтану көп жағдайда диареяны болдырмайды. Сонымен қатар көп сұйық және тамақ ішіп, дұрыс емдеу диареядан болатын өлімді барынша азайтады.
Нашар тамақтанатын балалардың іші жиі өтеді және содан жиі өледі. Қалай болғанда да диареяның басты себепшісі – тоя тамақ ішпеу. Тоя тамақ ішпеген кезде оған диарея қосылса, организм одан сайын нашарлай түседі.Тоя тамақ ішпеу диареяны туғызады, диарея тоя тамақ ішпеуді туғызады. Бұл байланыстан екі нәрсенің бір-біріне себепші болатынын көреміз. Сондықтан дұрыс тамақтану диареяны алдын алу үшін де, оны емдеу үшін де өте маңызды.
Организмнің әртүрлі ауруларға, диареяны қоса қарсылық ету қабілетін күшейтетін тамақ түрлерін ішу керек.
Диареяны алдын алу жақсы тамақтануға да, тазалықты, жеке гигиена мен санитария ережелерін сақтауға да байланысты.
Сәбидің диареяны алдын алу жөніндегі кейбір маңызды ұсыныстар мыналар:
• Баланы шиша арқылы тамақтандырмай, дұрысы емізген. Алғашқы 4-6 айда тек емшек сүтін ғана беріңіз. Емшек сүті сәби организмінің диареяға қарсы қарсылық ету қабілетін күшейтеді. Емшек емізу мүмкін болмаған жағдайда тамақты шыныаяққа құйып, қасықпен беріңіз. Ешқашанда баланы тамақтандыруға шөлмекті пайдаланбаңыз, өйткені оны таза ұстау қиын.
• Сәбиге дағдыланбаған жаңа тамақ, сондай-ақ қатқыл тамақ берсеңіз, оны алдын ала жақсылап езіп, емшек сүтімен араластырыңыз да аз-аздан беріңіз. Сәби жаңа тағамды сіңіруге үйрену қажет, егер оны бірден көп берсе, одан диарея болуы мүмкін. Емізуді бірден тоқтатпаңыз. Бала еміп жүрген кезде, аз-аздан қосымша тамақ бере бастаңыз.
• Сәбиді таза жерде, таза ұстаңыз. Баланың аузына лас нәрсенің түспеуін қадағалаңыз.
• Аса қажет болмаса, балаға дәрі бермеңіз.

Скачать работу







Скачать работу
Sachok.kz © [ 0.001 ]