Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Акционерлік қоғам

Акционерлік қоғам
Акционерлік қоғам құрылтайшылары қоғам құру туралы шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Қоғам құрылтайшысы бір ғана адам бола алады. Қоғам оның құрылтайшыларының жиналысы шешімімен құрылады. Қоғам 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңындағы тәртіппен бұрынғы заңды тұлғаның қайта ұйымдастыруымен құрылуы мүмкін.
Бірінші құрылтайшылар жиналысында құрылтайшылардың атқаратын жұмыстары мыналар:
Қоғам мекемесі туралы шешім қабылдап, қоғам құрудағы атқарылатын қызметтерді анықтайды;
Құрылтайшылық келісім-шарт жасайды;
Құрылтайшылардың беретін акциялардың алдын ала төлемін бекітеді;
Жарияланған акциялардың, оның ішінде құрылтайшылар төлеміне енетін акцияларды бекітеді;
Акциялар шығаруға мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;
Қоғам тіркеушісін таңдайды;
Қоғам атынан мемлекеттік тіркеуге қол қою үшін өкілетті тұлғаны таңдайды;
ҚР заңнамасына сәйкес қоғам құрылтайшыларының жарғылық капитал төлемінің мүліктік бағасын анықтайтын тұлғаны таңдайды;
Қоғамның қаржылық-шаруашылығын жүргізетін және қызығушылығын үшінші тұлға алдында қоғам органдарын оқытуға дейін көрсететін тұлғаны таңдайды;
Қоғам жарғысын бекітеді.
Акцияны орналастырмас бұрын бірнеше құрылтайшылар жиналысы өткізу керек. Осыған орай шешімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін барлық жақ құрылтайшыларының қатысуымен жүзеге асырылады. Бірінші құрылтайшылар жиналысында әр құрылтайшы бір дауықа ие бола алады. Келесі құрылтайшылар жиналысында да егер ол туралы құрылтайшылар келісім-шартында көрсетілмесе, әр құрылтайшы бір ғана дауысқа ие. Құрылтайшылар жиналысының шешімі барлық құрылтайшылар қол қойған хаттамамен бекітіледі.
Құрылтайшылық келісім-шарт
Жазбаша түрде бекітіледі
Құрылтайшылар мен оның өкілдіктерінің қолдары қойылады
Нотариуспен куәландырылады
Қоғам жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі хұқықтық статусын анықтайтын құжат болып табылады.
Жарғы мазмұны мынадай боуға тиіс:
Қоғамның толық және қысқартылған атауы;
Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;
Акционерлердің хұқықтары туралы, қоғамның жоғары дәрежелі акциясын куәландыратын хұқық көлемін қоса алғанда мәлімет;
Қоғам органдарының компетенциясы мен білім тәртібі;
Қоғам органдары қызметінің ұйымдасу тәртібі мыналармен қоса: жиналыс тәртібі, акционерлердің жалпы отырысының тәртібі және қоғамның әріптестік отырысы тәртібі;
Қоғам органдарының шешімінің тәртібі, соның ішінде көпшілік дауыспен білікті болып қабылданатын шешім сұрақтары тәртібі;
Қоғам қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген ақпарат беру тәртібі;
акционерлер мен міндетті тұлғалардың қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы ақпарат тәртібі;
егер қоғам коммерциялық емес ұйым болса, қоғамның коммерциялық емес екенін көрсету, дивиденттердің төленбегені туралы, дауыс беру шарасы және басқа да ҚР Заңы мен заңнамалық актілермен бекітілген талаптар;
қоғам қызметін тоқтату шарасы;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен Заңына сәйкес басқа да жағдайлар.
Жарғылық капитал
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың номиналды бағасымен төлеген акция қаражатымен қалыптасып және Қазақстан Республикасы валютасымен көрініс табады.
Қоғамның жарғылық капиталы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда бекітілген талаптармен жүзеге асады.
Акциялардың алдын ала төлемі олардың мемлекеттік тіркелуінен кейін отыз күн ішінде жарғылық капиталдың ең аз мөлшерімен құрылтайшылар арқылы төленеді. Қоғамның жарғылық капиталының өсуі қоғамның жарияланған акцияларының орналасуына байланысты. Қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшері 50 000 еселік айлық есептік көрсеткішке тең. Бұл ҚР Сәйкес қаржы жылдағы республикалық бюджет туралы заңымен бекітілген.
Акциялар
Қоғам жай және ерекше акциялар шығаруға хұқылы.
Есіңізде болсын!
Акция бөлінбейді. Егер акция бірнеше тұлға иелігіне жататын болса, олардың барлығы бір акционер болып акциямен кәуланға хұқықты пайдалана алады.
Қазақстан Республикасы Заңнамалық актілермен мыналарға шектеу қойылуы мүмкін:
Қоғам акцияларымен келісім жасау;
Бір акционер иелегіндегі қоғамның акцияларының ең жоғары саны;
Бір акционерге берілген қоғам акциясы бойынша ең жоғары дауыс саны.
Қоғам басқа да құнды қағаздар шығаруға хұқылы. Оны шығарудың тәртібі мен талабы, ұсыну мен алып тастау ҚР заңнамасымен бекітіледі.

Акционерлік қоғам - Скачать !!!

Зарабатывайте вместе с нами!!!

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2014 | Time 0.0218 |