Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы

Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы

Қазақ халқының елдігі жолындағы күрес барысында, 17 ғ. 2 ж. бастап қазақ хандары Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөле түсті. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін орнатқаннан кейін ұлғайды. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекеті құрамына кіруі, оның шекарасын қазақ жерімен жақындатты. Ресей мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан елшілігінен басталды. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Құлмұхаммед жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен "достық пен ынтымақ" жасауға асықты. Өйткені Бұхара ханы Абдулламен уақытша бітім жасап, ноғайлармен арадағы қатынас шиеленісіп тұрған болатын. Елшілік мақсаты Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмұхамедті босату және Борис Годуновтан "отты қару" алу болатын. Орыс патшасы тек уәде берді.
16 ғасырдың соңында Ресей мен қазақ хандығының арасында елшіліктер алмасу күшейді. Мұның өзі Батыс Сібірді игеру, Түмен, Тобыл, Тараз қалаларының өсуі қазақ даласы арқылы Орта Азиямен сауданың күшеюіне байланысты еді. 17 ғ. басында Батыс Қазақстанда Орыс мемлекетімен шекаралас өңірлерде орыс қоныстары пайда болды.
Ресей мен Қазақ хандығының жақындасуы жоңғарлар шабуылынан да туындайды. Бұл кезде Қазақ хандығының Бұхара, Хиуамен қатынастары да ауыр болды. Еділ өзені бойындағы қалмақтар, башқұрттар тыным бермеді. Осындай күрделі мәселелерді Ресей арқылы шешуге болатын еді.
Қазақ даласы Ресейді Шығыс мемлекетерімен жалғайтын көпір іспетті еді. Ол арқылы Еуропа елдерімен, Шығыспен байланыс орнатуға болатын.
Петр 1 алдымен ол үшін Қазақстан мен Орта Азияны Ресейге қосу керек деп санады. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше эспедиция жіберілді. Солардың бірі 1718 жылы Семей қамалының, 1720 жылы И.М.Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін салды.
18 ғ. бас кезінде қазақ хандары Ресейге елші жіберді. 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілхайырдың Сейітқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастапан елшілігі келді. 1731 жылы 19 ақпанда Анна Әбілхайыр ханға грамота жіберді.Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде Кіші жүзге А.И.Тевкелеу бастапан елшілік келді. Олармен бірге Петроградқа жіберілген қазақ елшілері де келді. Сонымен 1731 жылы 10-қазанда болған қазақ құрылтайында Кіші жүздің Ресейге бодандығы туралы шешім қабылданды. Осыдан кейін 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелеупен келіссөз жүргізген Орта жүз ханы Сәмеке Ресейге қосылу туралы ұсыныс білдірді. Бірақ, бұл шарт тек 1734 жылдан кейін жүзеге асырыла бастады.
Ресей патшасының Кіші жүзді қол астына алғанын естіп, Ұлы жүз атынан Қодар би, Төле би, Бөлек батыр Аннаға хат жазып, Ұлы Жүзді де өз қол астына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Питерге хангелді батыр жеткізді.
1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы Жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы өтінішке қол қойды.
1734 жылы 10 маусымда Анна Ивановна Әбілхайырға Ор өзені сапасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салынатын жерге И.К.Кириллов пен И.И.Тевкелеуті жіберді.
Қазақ даласындағы өзендердің бойына бекініс қамалдар салынды. Сол тұста Жайық бойына 14 қамал салынды. 18 ғ. 50-ж-да Ертіс өзені жағасына Омбы, Железинск, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар салынды.
Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері бойындағы құнарлы жерлерінен айрылған оңтүстікке қарай ығысқан Орта жүз қазақтары Бұқара мен Ташкент маңына қоныстануға мәжбүр болды.
1740 жылы Орынбор экспедициясы бастығы генерал-лейтенант князь В.А.Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келді.19 тамыз бен 1 қыркүйек аралыпында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөкенбай, Есет батырлармен, кейінірек Орта Жүз ханы Әбілмәмбет және Абылай сұлтанмен келіссөз жүргізді. Оның барысында Кіші Жүз бен Орта Жүздің 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алайда осы шарттан кейін де Ресейге Кіші Жүздің біраз бөлігі, Орта Жүздің азы ғана қосылды. Ал солтүстік-шығыс және орталық Қазақстанның негізгі аймақтары Ресей құрамына тек 19 ғасырдың 20-40 жж., патшаның әскери-саяси күш көрсету нәтижесінде қосылды.
Қазақ даласында патша үкіметінің отарлау саясаты үш бағытта; 1) гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер құрылысын тездетіп салу және тұрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін құру жолымен, 2) саяси әкімшілік реформалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан әрі құру, басқарудың дистанциялық жұмыс түрін енгізу жолымен, 3) қазақ даласын өзіне қосу, ал Орта Азия мем-мен сауда- саттықты кеңейту жолымен жүргізілді.
Осымен қатар Ресей 19 ғ. 40-ж. Хиуа хандығына шабуыл жасады. Хиуа хандығы бұл кезде Мервті басып алып, өз билігін Атырау бойындағы түркімендердің бір бөлігіне, Үстірт пен Сыр қазақтарына жүргізіп тұрған болатын. Бірақ, В.А.Перовский басшылық еткен 1839-1840 жж. Хиуаға қарсы жорық сәтсіз аяқталды. Сонымен бірге бұл кезде Ауған, Иран, Қытайдың батысына, Бұқарада, хиуада, Қоқанда, Қазақстанның оңтүстігінде ағылшындар билігі әрекеті басталды. 1839 жылы ағылшындар ауғанстанға басып кірді.
хиуа мен Қоқан билігіндегі қазақтар үнемі көтерілді. 1821 жылы Тентектөре басқарған көтеріліске Түркістан, Шымкент, Әулиеата маңы қазақтары шықты. Көтерілісшілер Сайрам қаласын шабуылмен алды.
19 ғ. басында хиуа мен Қоқан хандары оңт. Қаз-н мен Қырғызстан ды бағындыруды ойлады. Ал оңтүстік қазақтары Ресейге қосылуға ұмтылды. Сөйтіп 1818 жылы Ұлы Жүз Ресеймен келіссөз жүргізді. 1819 ж. 18 қаңтарда Сүйін Абылайханов сұлтан өзіне қараған 55462 адаммен Ресейге адал болатыны туралы ант берді. 1824 жылы 1 Александр Ұлы Жүздің Жетісуда көшіп қонып жүрген 14 сұлтанын Ресейге бағыну туралы куәлікке қол қойды. 1830 ж. патша үкіметі Орта жүз облыстарының халқынан (25400 үй, 80481 ер адам) ант қабылдады. 1845-1847 жж. Ұлы жүз рулары (оңтүстікте көшіп жүрген, Қоқан хандығына бағынатындарынан басқалары) Ресейге қарады. Сөйтіп, 19 ғ. алғ. Жартысында, 1847 жылы Орта Жүз қазақтарының басым көпшілігі орысқа қарады да, Қаз-ң Ресеймен бірігу процесі аяқталуға жақындады.
Орта және Ұлы Жүздердің қосылған территорияларында Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь, Лепсі, Верный бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле өзенінң арғы бетіндегі (Заилиск) билігін нығайтуға арналған тірек пункттер болды. 20-40 жж. Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Аманқарағай округтерін құру аяқталды.Ұлы Жүздің қосылған аудандарын басқару үшін 1848 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын үлкен Орданың приставы лауазымы белгіленді.
Патша үкіметі отарлауды жүргізу үшін әскери бекіністер сала бастады.Оларды тұрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Орал, Ертіс өзендері бойына орналасты. Бекініс есебінде 1716 ж. Омбы қаласы, 1718 ж. Семей қаласы, 1720 ж. Өскемен қаласы, 1744 ж. Орынбор қаласы, 1752 ж. Петропавл қаласы салынды. Казак бекеттері салынды.
Әскери-әкімшілік отарлау 19 ғ. екінші жартысына дейін жалғасты. 1831 ж. Аягөз өзені жағасында Аягөз бекінісі салынды. 1847 ж.Қапал бекінісі іргетасы қаланды. 1854 ж. Алатау баурайында Верный әскери бекінісі салынды. 1855 ж. Лепсі, Үржар станицалары салынды. Жетісу өлкесінде 1847 жылмен 1867 жыл аралыпында казак-орыстар тұратын 14 станица салынды.
Отарлау саясаты барысында патша үкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Хан билігі орыс шеневнігі басқаратын уақытша кеңес қолына көшті. Орта Жүзде патша үкіметі 1815жылы Уәли хан билігін әлсіретуге тырысып, екінші хан етіп Бөкейді қойды. Орта Жүз хандары Бөкей 1817 ж., Уәлихан 1819 ж. қайтыс болған соң, патша үкіметі Орта Жүзді бірнеше әкімшілікке бөлді.

Сібір қырғыздары туралы жарғы

1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері М.Сперанскийдің басшылығымен "Сібір қырғыздары туралы жарғы", 1824 ж. "Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы" деген құжат негізінде патша өкіметі қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Ол заң бойынша Орта Жүз бен Кіші Жүз хандықтары жойылды. Кіші Жүзде (соңғы хан Шерғазы Айшуақов) хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік-саяси басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта Жүзде "аға сұлтан" деген басқарушы қызмет енгізілді. Орта Жүз жекеленген әкімшіліктерге бөлінді. Ол Омбы қаласының ішкі округтері деп саналды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болысқа бөлу негізіне рулық принцип алынды.
Ауыл старшындары қазақтардан сайланды. Полиция мен сот өкіметі округтық приказ басқарды, ал оны бұрын сұлтандардын үш жылға сайланған аға сұлтандар басқаратын. Онда патша әкімшілігі белгілеген екі орыс заседателі тағайындалды. Сонымен бірге қазақ зиялыларынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды. "Сібір қырғыздары туралы жарғы" бойынша осы кезге дейін жүргізіліп келген қазақ билерінің билік айту құқығын патшаның отаршылдық са

Скачать

Зарабатывайте вместе с нами!!!

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2014 | Time 0.0055 |