Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Болашақ маман тұлғасының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдары

Болашақ маман тұлғасының ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдары
Ұ.Б. Төлешова
(Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы)

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында Республикадағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және оқытушы іс-әрекетін жаңашыл тұрғыдан ұйымдастыруды талап етеді.
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз бала тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Ғылыми революциялық жаңалықтардың ашылуы, оның соңынан ғылыми техникалық прогресс әлемдік алаңға жаңа мәселелері алып келді. Ақпарат пен білімнің жетілдірілуі техникалық дамуына және өндірістің әр түрлі технологиясын іске асыруға мүмкіндік туғызды. Техника, технология, өндірістің дамуы мен оларды адамзаттың қарқынды қолдануы экологиялық аппатқа әкелудің шегінде тұр. Адамзаттың негізгі тапсырмасы болып өзінің сапасын жетілдіру “адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда ” басты мақсат адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқынды дамуы болашақ мамандардың талғамының өсуі, электронды кітап, интернет және компьютер құралдарының кең көлемде қолданылуы мен т.б ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инноватциялық жаңашылдыққа көшуге болашақ мамандардың іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады.
Ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әрбір болашақ маман өз ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.
Аталып отырған мәселе негізінде көптеген мәліметтерді сараптай келе, бұл жағдайда болашақ оқытушы мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру процесі зерттелуде.
Тоқталып өтер болсақ, педагогикалық ғылымда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында А.П. Ершов, А.А. Кузнецов, Д.Ш. Матрос т.б. ғалымдар қарастырса, отандықтардан Х.К. Жанпейісова, Ж.А. Қарайов, Б.А. Қойшыбаев айналысса, электронды-педагогикалық оқулықтар мен жүйелерді жасауда Г.К. Нұрғалиева, М.К. Қойкелдиев, М.Х. Балтабаев, Г.Б. Ахметова т.б. ғалымдарымыз зерттесе, оқу процесі мен ұйымдастыру құрылымына жаңа ақпараттық технологияларды комплекстеуді интеграциялау арқылы енгізу мәселесімен Б.Б. Бөрібаев, Д.М. Джусубалиева, Е.Г. Гаевская және т.б. ғалымдар зерделеп өзіндік тұжырымдама жасаған.
Отандық және әлемдік ғалымдардың еңбектерін сараптай келе ақпараттық құралдарды үш топқа бөліп қарастыруға болады.
• Техникалық- (компьютер, интернет, электронды оқулық, видио-аудио құралдар және т.б.).
• Мерзімдік басылымдар- ( газет, журналдар т.б.).
• Ғылыми еңбектер- (монографиялар, әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешені және сызбалар мен кестелер т.б.). жатқызуға болады.
Болашақ маманның еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құндылықпен қарау, өзіндік белсенділігін көрсете білу, дербестік, алдағы жұмысының кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау және іс құжаттарын сауатты жасай білуі. Болашақ маман тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің бірі халық шаруашылығында электрониканы, радиотехниканы, компьютерлерді, автоматтарды т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан мектепте оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуындағы бағыттар – бұл әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде білім мен қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізгі принципі оны өмірмен байланыстыру, былайша айтқанда, халық шаруашылығы оның салалары, мамандықтар туралы түсінігін еңбекпен ұштастыру. Болашақ маман тұлғасын қалыптасытруда олардың бейімділігін, қабілетін психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет. Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алған жөн:
• білім деңгейі;
• адамның жеке қасиеттерін, қабілетін, мүмкіншілігін дамыту
бейімділігінің арнайы қабілеттерінің динамикасына көңіл аудару –деп бөлуге болады. Мамандығын анақтауда жан-жақты зерттеу, оған кеңес беру арқылы көмек көрсету. Бұл бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында үнемі бағыт-бағдар беріп отыруды қажет етеді. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуында кәсіптік іріктеудің мақсаты – мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның еркешеліктерін, мамандыққа қоятын талаптарды да жете білген жөн. Осығын байланысты күні бұрын профессиограмма жасалады. Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу), мұндай мәліметтер жеке адамның белгілі мамандыққа жарамдығы педагог, психолог, физиолог және медиктердің көмегімен анықталады. Мысалы, мұғалім мамандығына жеке адамның жарамдылығын анықтау үшін оның басқа қабілеттерімен бірге көру, есту мүшелерін және сөйлеу, психологиялық жағдайы, тіл табыса білуі, есепке алу басты талаптардың бірі болып саналады.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік
және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп,
жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің ертеңін дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабарлар болуы керек.
Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейіндегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қаблетінің негізгі шарты болып табылады. Нарық бәсекесіне түсе алатын адами және кәсіби құндылық қасиеттерімен қатар ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңның кезек күттірмес мәселелерінің бірі екенін ұмытпаған абзал.



Скачать работу






Скачать работу

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2017 | Time 0.0020 |