Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

БАСТАЛҒАН ЖЫЛҒА ЖОСПАР КӨП

БАСТАЛҒАН ЖЫЛҒА ЖОСПАР КӨП
“Жасыл ел” – 2005 жылы құрылып, республика деңгейінде маңызды жұмыстар атқарып келе жатқан ұйымдардың бірі. Қазіргі таңда аталмыш ұйым қызметінің сұранысына қарай, еліміздегі саны көп жұмыс орындарының бірі болып табылады. Соңғы деректерге қарағанда, былтырғы жылдың өзінде “Жасыл ел” жасақтарының жұмысына 32 мыңнан астам студенттер мен жұмыссыз жастар тартылып, олар 600 миллион теңгенің көлемінде жұмыс игеріпті. Бұл айтарлықтай нәтиже.
“Жасыл ел” еңбек жасақтарының биылғы жылға жоспары қандай болады? Бұл жөнінде жақында біз оның жетекшісі Мұхтар Манкеевпен әңгімелескен едік.
– “Жасыл ел” еңбек жасақтарының биылғы жылға жоспары көп. Бұл жерде басты мақсатымыз –жұмысшылардың санын көбейтіп, елімізді көгалдандыру ісінде ауқымды шаралар өткізу. Қазіргі кезде “Жасыл ел” жасақтарына орналасқысы келетін жастар аз емес. Олардың көбі студенттер мен мектеп оқушылары. Былтырғы жылдың үшінші еңбек маусымында “Жасыл ел” бағдарламасының жұмысына 32 мыңнан астам адам тартылды, енді біз биылғы жылы жұмысшылар санын бұдан да көбейткіміз келеді. Жалпы, былтыр айтарлықтай жұмыстар атқардық, жасақтарымыз еліміздің 19 мың гектар жерінде 11 миллионнан астам көшеттер отырғызып, 600 миллион теңгенің жұмысын игерді. Осы жұмыстардың бәріне республиканың 2 миллионнан астам тұрғыны тартылды.
“Жасыл ел” – Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысымен республика аумағын көгалдандыру мақсатында құрылған еңбек жасақтары. Сондықтан оның жауапкершілігі көп, бұл жағдайды осы жұмысқа жауапты барлық адамдар жақсы түсініп отыр.
– Мұхтар, жаңа өзің “Жасыл ел” жасақтары бағдарлама негізінде құрылған ұйым деп айтып өттің ғой. Енді осы ұйым мен бағдарлама жөнінде айтып берсең.
– Біздің ұйым Елбасы Н.Назарбаевтың 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауынан кейін бір айдан соң құрылған болатын. Әуелі ұйым емес, “Жасыл ел” бағдарламасы жасалды. Содан кейін соны жүзеге асыратын жасақтар құрылды.
Енді “Жасыл ел” бағдарламасының мақсатын өздеріңіз жақсы білесіздер, ол елімізді көгалдандырып, студенттер мен мектеп оқушыларын демалыс кезінде жұмыспен қамтамасыз ету үшін жасалды. Бағдарламаның жұмысы 2005-2007 жылға арналған. Биылғы жыл оның соңғы жылы. Ал енді ұйым жөнінде айтсам… білесіз бе, оны көп адамдар жастар ұйымы дейді. Шын мәнінде олай емес. “Жасыл ел” – жалпыхалықтық ұйым, ол белгілі бір топтың емес, мемлекеттің жұмысын істейді. Қазір штабқа барлық жастағы адамдар тартылған. Олардың арасында студенттер мен мектеп оқушылары, ауыл жастары, жұмыссыз жүргендер де бар. Балалар үйі мен интернаттан шыққан жастар да жоқ емес. Жалпы, біз “Жасыл елге” жұмысқа қабылдағанда ең әуелі адамның отбасының жағдайына қараймыз, егер тұрмысы төмен отбасынан шыққан немесе әке-шешесі жоқ жастар болса, біз оларды жұмысқа бірден қабылдаймыз. Ал басқалары конкурс арқылы қабылданады.
– Мұхтар, жаңа әңгіме басында “Жасыл ел” бағдарламасына қанша адамның тартылғанын айттың ғой, енді олар қандай жұмыстар атқарғанын атап өтсең.
– “Жасыл ел” бағдарламасының негізгі қызметі – студент жастардың күшімен еліміздің барлық аймақтарын көгалдандыру және өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау, оларды тиімді пайдалану болса, біздің штабтың жұмысы елімізді көгалдандырумен қатар, жастарды сауықтыру және жұмыспен қамтамасыз ету, еліміздегі барлық жастар ұйымдарының арақатынасын жасқарту болып табылады. Өткен жылы біз мынадай жұмыстар атқардық. Біріншіден, өртенген ормандарды тазалау, оны қалпына келтіру жұмыстарын жүргіздік, еліміздің орман қорын ұлғайтып, қорғау бағытында бірқатар іс-шаралар өткіздік. Екіншіден, кең байтақ даламыздың шөлейтті жерлеріне сексеуіл көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын атқардық. Үшіншіден, республикалық және облыстық деңгейдегі темір жолдар мен автокөлік жолдарының жиектеріне жас ағаштар отырғызып, өсіп тұрған жасыл желектерді қалпына келтірдік. Сонымен қатар, “Жасыл ел” жасақтары қоғамдағы әлеуметтік жағдайы төмен жандардың мүдделерін ескеріп, жетім балалар үйіне айтарлықтай көмек жасады, қамқорлыққа алынған қарттар үйі мен сәбилер үйі маңындағы аймақтарда көгалдандыру мен тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа, балалар үйінде спорттық жарыстар, концерттік бағдарламалар, қызықты ойындар ұйымдастырып, балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында мамандардың қатысуымен тренингтер өткізді. Бұл жұмыстардың бәріне 2 миллионнан астам адам тартылды, ол – еліміздің әрбір 8-ші азаматы.
Жалпы айтқанда, 2006 жыл “Жасыл ел” үшін табысты жыл болды. Былтыр, жоғарыда атап өткенімдей, республика бойынша 32 мың студент пен жұмыссыз жас еңбекпен қамтамасыз етілді. Бұл – жоспарлағаннан 2,5 есе көп. Осының нәтижесінде “Жасыл ел” жасақтары Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы таспалы және қарағайлы ормандардың өртенген жерлерін тазалап, Маңғыстау, Қызылорда және Атырау облыстарындағы шөлейтті жерлердегі құмды бөгеттермен күресіп, бақтар, саябақтар, аулалар мен көпшіліктің демалыс орындарындағы абаттандыру мен күтім жұмыстарын жасап, кең көлемдегі сенбіліктер өткізді. Осы жұмыстардың бәрі Білім және ғылым министрлігі мен облыс және жергілікті билік органдарының қолдауымен жүргізілді. Жалпы, “Жасыл ел” жасақтарының жұмысын министр Бірғаным Әйтімова мен облыс басшылары қызу қолдап келеді.
– Жақында республиканың барлық аймақтарын аралап, облыс басшыларымен арнайы кездесу өткізіп келдің. Бұл кездесулерде облыс басшыларымен қандай мәселелер талқыланды?
– Кездесулер қазан және желтоқсан айларында өтті. Онда облыс басшыларымен “Жасыл ел” жасақтарының биылғы жылға арналған жоспары талқыланды. Атап айтқанда, онда біз “Жасыл елдің” жергілікті жерлерде жұмыс көлемі қандай болады, облыстық бюджеттен біздің жұмысқа қаншама деңгейде қаржы бөлінеді, жұмыс берушілер кімдер болады және “Жасыл ел” сарбаздарының жалақылары қандай болады деген мәселелерді сөз еттік. Кездесулер нәтижесінде облыс басшылары біздің барлық өтініштерімізді ескеретіндерін және биылғы жылы айтарлықтай көмектесетіндіктерін жеткізді. Сөйтіп, әр облыс орташа есеппен “Жасыл ел” жасақтарына 10-12 миллион теңге бөлетін болды. Бұл бізге бағдарламаны жүзеге асыруға және жастардың жалақысын уақытында төлеуге үлкен көмек болатыны сөзсіз.

Ел басының "Жасыл ел" бағдарламасы аясында бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан техникалық унверситетінде студенттік құрылыс отрядтары жасақталып, өздері атқаратын жұмыстарына аттандырылды. Биыл бұл құрылыс отрядтары 500 -ден астам студенттен құралды. Олар тек ақша тауып қана қоймай "өз замандастарымызбен аралас-құралас еңбектеніп, жаз мезгілін көңілді өткіземіз" деп білек сыбануда.
Президенттің "Жасыл ел" бағдарламасы аясында бүгін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ - да студенттік құрылыс отрядтары жасақталып, өздері атқаратын жұмыстарына сай топ - топқа бөлініп аттандырылды. Биыл бұл құрылыс отрядтары 500 - ден астам студенттен құралды. Олар тек ақша тауып қана қоймай, өз замандастарымызбен аралас - құралас жұмыстанып, жаз мезгілін көңілді өткіземіз деп білек сыбануда.
Жаз маусымы кезінде құрылысшы атанып, еңбек етуге құлшыныс білдірген жастар жүздеп саналады екен. Олар мұнысын тек ақша табу үшін ғана емес, өздерінің құрдас - замандастарымен араласып, өмірдің қыры мен сырын ұққысы келгендігімен түсіндіреді. Бүгінде 500 - ден астам студент құрылысшы, көгалдандырушылар мен механизаторлардың жұмысшы топтарына қабылданып, 4 - шілдеден бастап, жұмысқа кіріспек. Ал студенттердің басын қосқан Жәңгір хан атындағы аграрлы техникалық университет ректоры оларға сәт сапар тіледі.

((СИНХРОН ХР 00:00:00
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Қазыбай Бозымов ТИТР: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры сәт сапар сендерге жас достар!)) 25 студент өз мамандықтары бойынша бөрлі ауданындағы орман шаруашылығына аттанды. Олар өздеріне берілген шағын аймақты күтіп - баптамақ. ал 12 бойжеткен "Зеленстройға" алынған. Студенттердің енді бір бөлігі университетте қалдырылмақ. Қалғандары Киров атындағы орталық мәдени саябақты гүлдендіріп, өз қамқорлығына алатын болады.
((СИНХРОН ХР 00:00:20 СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Мұхтар Манкеев
ТИТР: "Жасыл ел" облыстық штабының бастығы біздер осында қалатын боламыз. Өйткені ...)) Университеттегі агротехсервис факультеттері студенттерінен механикаландырылған отряд жасақталыпты. Олардың тек өзге қалаларда жұмыс жасап қана қоймай, өзгелелерден көбірек ақша табуға да мүмкіндігі бар.
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕ КЕЛЕШЕКТЕ 150 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ АҒАШ ЕГІЛЕТІН БОЛАДЫ - ПРЕЗИДЕНТ
АСТАНА. 25-мамыр. Kazakhstan Today. Астана қаласының төңірегінде келешекте 150 мың гектар жерге ағаш егілетін болады. Бүгін Елордасының маңындағы "Жасыл аймақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты "Аққайың" орман тұқымбағын аралап көргеннен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
"Қаланы көгалдандыру мен айналасына ағаш егу Елордасын салу жобасының бір ажырамас бөлігі. 1997-жылы Ақмола ел астанасы деп жарияланғаннан бері мен қаланы көгалдандыруға баса назар аударып келемін",- деді мемлекет басшысы.
Соңғы 5-6 жылдың ішінде қала төңіре



Скачать работу






Скачать работу

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2017 | Time 0.0020 |