Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Басқарудың ұйымдастыру – құқықтың формалары

Басқарудың ұйымдастыру – құқықтың формалары

1.1 Акционерлік қоғам және оны басқару
Акция – 1. Өз ұстаушысының (акционердің) акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дививденттер түрінде алуына, акционерлік қоғаммның істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін құқығын куәләндыратын бағалы қағаз акция деп танылады.
2. Акционерлік қоғам заңдарда белгіленген тәртіппен чектерде өздерінен ұстаушыларына, әдетте, акционерлік қоғамның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне қарамастан акциалардың нақты құнының белгіленген проценттерінде дивиденттер алуға кепілдік беретін, сондай – ақ оларға акционерлік қоғам таралғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін алуға басқа акционермен салыстырғанда басым құқық және осындай акциялар шығару шарттарында көзделген өзге құқықтар беретін артықшылықты акциялар шығаруға құқылы.
Артықшылықты акциялар өздерін ұстаушылырға, егер оның жарғысында өзгеше көздемесе, акционерлік қоғам істерін басқаруға қатысу құқығын бермейді.
3. Акционерлік қоғамдарға құрылтайшылдар жарғылық қорды қалыптастыруға және дивиденттер алуға қатыспайтын «алтын акция» енгізу мүмкін. «Алтын акция» иесінің жалпы жиналыстың, басқарма мен қадағалау кеңеңсінің жарғымен белгіленетін мәселелер жөніндегі шешімдеріне тыйым салуға ғана құқығы болады (Г.М. Осипова 141-142 бб.).
Акцияны шығару мына жағдайларға байланысты жүргізіледі:
– жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
– меншікті акцимандырғанда, яғни жұмыс ісвтеп тұрған кәсіпорынды акулонерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
– қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда.

Сөйтіп, шыарылған акцимардың бастапқы жиынтық құны қоғамның жарғылық копиталын құрайды. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал және компаниялардың портфейнде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компаниякез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке болады.
Акция бірнеше түрге жіктелуге (5-кесте). Бір жағынан, бір акционерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, карпорацияны басқаруға қатысуға құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция деп те - екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығарыла алады.

Акциялардың жіктелуі

Акция






Басқаға беру тәсілі бойынша




Басқаруға қатысу құқығы бойынша


Атаулы
Ұсынушы Жай Артықшылықты

а) Атаулы акция-иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркеуі тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
ә) Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты – жөні карпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі (225-227 бб.).
Корпорацияларға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысын, сонымен қатар қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға басқаруға қатынасу құқығы бойынша акциялар жай және артықшылықты болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің карпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабысып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар.
Жай акцияны меншіктенушілердің өкіметтліктері мыналар:
1 Директорлар кеңесін сайлауға дауыс беруге және сол кеңеске өзі сайлауға құқықты.
Директорлар корпорацияны басқаруды ұйымдастыруға, менеджерлерді жұмысқа қабылдауға және шығаруға, сыйлық белгілеуге жауап береді.Олар капитал құрамының өзгеруін қадағалап, корпорация табысын бөлумен де шұғылданады.
Директорлар кеңесінің басты мақсаты менеджерлердің өз міндетін орындауын қадағалау. Менеджерлердің міндетіне төмендегілер жатады:міндетіне бойсұну, яғни өзінің өкілдік шеңберіндеқызмет істеу, адал ниеттілік міндеті, карпорацияға адалдық міндеті. Ондай адалдық мүдделерді таластыруға, директорларға қарыз беруге, карпорацияның мүмкіндіктерін өз пайдасына қолдануға және онымен бәсекелесуге жол бермейді.
2 Дивиденд алу құқығы. Дивиденд мөлшері карпорацияның жылдық айналымына байланысты анықталады. Оны тоқсан сайын (әрбір үш ай сайын) төлеуі мүмкін. Дивидендтің бірнеше түрі бар:
– Қолма – қол төленетін дивиденттер. Бұл табысты бөлудің ең кең тараған түрі. Ол бір жай акцияға есептеліп төленеді;
– Мүліктік дивидентер. Табысты бөлуді мүліктік формасы акционердің қолындағы акция санына пропорционалды анықталады.
– Акция формасындағы дивиденттер.
Бұл қосымша акциялар акционерлер арасында акционерлердің қолындағы бұрыңғы акция санына пропорционалды бөлінеді.Дивиденд төлеудің бұл түрі компанияның өзін - өзі қорғап қалуын қамтамасыз етеді (228-235 бб.).
Қазақстан нарығында айналатын құнды қағаздардың негізі түрлерінің бірі – акциялар. Олар акционерлік қоғам мүлкіне қосылған салымды айғақтайды және ақционерлік қоғамды басқаруға қатысу мен дивидендтер түріндегі кірісті алуға құқық береді. Үлестік құнды қағаздар салынған қаражатты қайтаруға кепіл бермейді.
Акцияны құнды қағаздар ретінде айқындау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 139-бабында берілген. Бұл бапта былай делінеді: ұстаушының (акционердің) акционерлік қоғамның дивидендтер түріндегі пайдасымың бөлігін алуға, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және оны таратқаннан кейінгі қалған мүліктің бөлігіне құқығын растайтын құнды қағаз акция болып танылады.
Бұл анықтама акционерлік қоғаи акцияларынын мынадай негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:
1. Акциялар - акционерлік қоғам мүлкіне меншіктілік дәрежесі, акция шығару - қарыз (заем) емес (облигациялар, депозиттік және жинақ сертификаттары және т.б.), акцияның ақырғы өтеу мерзімі болмайды, ақция (классикалық жағдайда) - бұл өтелмейтін құнды қағаз (мәселен, облигацияға қарағанда).
2. Шектеулі жауапкершілік. Инвестор акцияға салғаннан артық ештеңе жоғалтпайды. Ол тұтастай алғанда акционерлік қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Акциялардың мынадай түрлерін айырады:
- атаулы, эмитент тізілімінде (реестрінде) тіркелген; қарапайым (жай) және артықшылықты;
- қорғаныстық - басқа акциялармен және т.б. салыстырғанда кіріс төлеуде жеткілікті тәуелсіз баянды, тұрақтылығын растаған еңтабысты акциялар.
Стратегиялық менеджменіте құнды қағаздар институтына (белгілі бір қоғамдық ережелерді қамтитын, құқық нормаларының жиынтығы) ерекше орын беріледі. Құнды қағаздар нарығына қатысты мемлекеттік саясатты өзірлегенде өзін-өзі реттеу үстем болатын принципке сүйенген жөн. Осыған байланысты мемлекеттік саясат аз болса да, жеткілікті болуы тиіс және сол ауқымдағы жеке кәсіпкерлікті көтермелеуді көздейді.
Құнды қағаздар нарығына мемлекеттік ықпал етудін мақсаттары мынадай:
- макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету;
- бәсекеге қабілетті орта үшін жағдай жасау;
- құнды қағаздар нарығы агенттерінің мүдделерін құқықтық және экономикалық қорғау.
Құнды қағаздар нарығында жұмыс істейтін қаржы институттарының іс-әрекетін реттейтін рөл мемлекетке беріледі. Оның рөлінің күшеюі мемлекеттік шығыстардың сандық өсуіне және экономика тынысын тікелей реттеуді айтарлықтай кеңейтуден көрінеді.
Экономиканың жай-күйіне байланысты қоғамның экономикалық өміріне араласу талап етілуі мүмкін. Мемлекетті ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық процестердің қалай өтіп жатқандығы бейжай қалдыра алмайды. Сондықтан ол нарықтық экономиканың маңызды элементтеріне басқарушышық ықпал жасайды.
Осы мемлекет аясында жұмыс істейтін кез келген шаруашылық жүргізуші жүйе сияқты нарықтың да жағымды және жағымсыз жақтары болады. Сондықтан, мемлекет экономикадағы нарықтық қиратушы салдарларына кедергі келтіретін шаруашылық жүргізудің тетігін жасауға тырысады.
Мемлекеттің экономикалы ролі іс-әрекеттің (функциялардың) нақты түрлерінің жиынтығы болып атқарылады. Оларды мынадай белгілері бойынша бөліп көрсетеді:
- іс-әрекеттің түрі (мақсаты);
- қолданылатын қаражаты (қаржыландыру көздері) бойынша;
- іс-әрекет ауқымы жөнінен (барлық экономика мемесе оның ауқымы, ұзак мерзімді, қысқа мерзімді) және т.б.
Іс-әрекеттің турлері (мақсаттары) бойынша оларды бөлу негізгі сипаттама болып табылады.
Құнды қағаздардың нарығы жұмыс істеу үшін мемлекет бірқатар бағыттар бойынша ықпал жасайды.
1. Нарықты құқықтық қамтамасыз ету, оның қызмет ету аясының негізгі ережелерін заңмен бекіту және оларды анық сақтауға болатын тетікті (механизмді) жасау.
2. Мемлекет нарықта экономикалық қарым-қатынастар субъектісі ретінде танылады. Дамыған елд



Скачать работу






Скачать работу

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2017 | Time 0.0022 |