Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Франция

Франция
Францияның соғыстан кейінгі тарихи үш кезеңге бөлінді. Уақытша режим (1944-1946жж)-елдің азат етілгеннен кейін уақытша үкімет құрылып, жаңа конституция жасалып, экономиканың қалпына келтіру кезеңі. 1946 жылғы желтоқсанынан 1958 жылы күзіне дейінгі кезең Төртінші республика деп аталады.Ол дағдарыспен және 1958 жылы жаңа конституцияның негізінде Бесінші республиканың орнатылуымен аяқталды.
Уақытша режим.1944-1946 жж. Қарсыласу қозғалысы Франциядағы соғыстан кейінгі партиялық-саяси жүйенің қалыптасуы мен жаңа конституцияның сипатына өте үлкен әсер етті. Уақытша үкіметтің құрамына қарсыласуға қатысқан негізгі саяси партиялардың-коммунистік партияның, социалистік партияның, католиктік партия-Халықтық-республикалық қозғалыстың (ХРҚ) және басқалардың өкілдері енді. Үкіметті «Азат Франция» қозғалысының басшысы генерал де Голль басқарды.
Төртінші республика.1946-1958жж. Францияда парламенттік республика орнықты. 1946 ж. конституциясы 1789 ж.Адам және азамат құқықтары туралы декларацияда қойылған азаматтардың дәстүрлі құқықтары мен бостандықтарынан басқа еңбек етуге, демалуға, әлеуметтік қамсыздандыруға, білім алуға, сонымен бірге еңбекшілердің өндірісті басқаруға қатысуға, кәсіподақ және саяси әрекеттерге құқықтарын жариялады.
1947ж. мамырына дейін үкімет үш басты партиняның келісімі негізінде құрылып келді. 1947 ж. мамырында коммунистер үкіметтің ауызбіршілігін бұзды деген айыппен біріккен үкімет қатарынан шығарылады (олар Рено зауыты жұмысшыларының ереуілін қолдаған болатын). Сол уақыттан бастап Төртінші республика құлағанға дейін үкімет бірнеше партиялардың одақтасу негізінде құрылып келді. Көп партиялық режимнің тұрақсыздығының себептерінің бірі болды-12 жыл ішінде 15 үкімет ауысты. Республиканың жылдан жылға терңдеп келе жатқан дағдарысының екінші бір себебі-ол елдің билеуші топтарының 1946-1954жж. Вьетнамда,1954 жылдан Алжирде жүргізген отаршылдық соғыстары болды.
Экономиканың қалпына келтіру. 1948ж. өнеркәсіп өндірісі соғыстан бұрынғы деңгейге жетті. Жаңарту мен қайта құрудың бірінші жоспары (Монне жоспары) міндетті түрде болмағандығына қарамастан, француз экономикасын даму\ытуда маңызды рөл атқарды. Жан Монненің «Жаңару немесе құлдырау» деген сөзі оның жоспарлау жөніндегі бірінші бас комиссар лауазымындағы қызметтін сипаттап берді. Бірақ саяси тұрақсыздық, отаршылдық соғыстар, сыртқы саясат жолдары туралы мәселелер бойынша қоғамдағы алауыздық елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларын дәйектілікпен іске аысруға бөгет болды.
Әлеуметтік қақтығысулар. 50-жж. әлеуметтік қақтығусылар шиеленісе түсті. Жұмысшы қозғалысы бірнеше маңызды мәселелерді өз пайдасына шешті:ұжымдық келісімдер туралы заң қабылданды, жалақы артты, еңбекақының кепілдік берілген ең төменгі минимумы еңгізілді, ол орташа еңбекақының кепілдік берілген ең төменгі миимумы еңгізілді, ол орташа еңбекақының жартысына тең болды. Шаруалардың жаппай қозғалысы әділ сатыпалу бағаларын белгілеуді және салықтарды азайтуды талап етті. Ұсақ саудагерлер мен қолөнершілердің наразылығы дүкенші П.Пужад басқарған үкіметке қарсы қозғалысқа айналды.
Алжир дағдырысы. Шын мәнісінде Төртінші республиканың дағдарысы үздіксіз жүргізілген отыршылдық соғыстардаанық көрініс тапты. Қоғамдағы алауыздық, негізгі партиялардың қатарындағы келіспеушіліктер ультраотаршылдық пен жаңаотаршылдықты жақтаушылартарапынан шықты. 1958 жылы басында Алжирде жеңіске жетуге қабілетті «Күшті билік» орнатуды талап еткен
ультраотаршылдар тарапынан қастандық дайындалып жатты. Қастандық ұйымдастырушылар елде тәртіп орнатуға күші келеді деп генерал де Голльге беруді талап етті. 1 маусымда Ұлттық жиналыс де Голль үкіметіне сенім білдіріп, оған төтенші уәкілеттіліктер беріп, жаңа конституция жасауына келісті. Осыдан соң Ұлттық жиналыс өз қызметін тоқтатты. Төртінші республика кезеңі осылай бітті.
Бесінші республика. «Жеке билік» режимі. 1958-1969ж. Де Голль жасаған жаңа конституцияны 1958 жылы қыркүйекте өткен референдумға қатысқандардың 79%-ы мақұлдады. Оның негізінде екі турдан тұратын мажоритарлық жүйе бойынша Ұлттық жиналыстың сайлауы өткізілді. Сайлау қарсаңында де Голльдың жақтастары «Жаңа республиканы қорғау одағы» деген атпен жаңа саяси партия құрған болатын. Сайлауда олар



Скачать работу






Скачать работу

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2017 | Time 0.0021 |