Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

ХРИСТИАНДЫҚ

ХРИСТИАНДЫҚ
 
Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. “Христос” сөзі грек тілінен алынған, мессия, құтқарушы деп аударылады. Көне Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады.  Бұл дін біздің дәуіріміздің І ғасырында Помпей шапқыншылығынан кейін Рим империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды. Палестинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі – Самария тұрғындарының этностық құрамы әртүрлі еді. Бұл жерлерге қоныс аударғандар мұнда өз мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді.
Вавилон, парсы, македон басқыншылығын (б.д.б. VІ-ІІ ғғ.) және жат елдік Птоломейлер мен Селеквидтер әулеттерінің билігін бастан кешірген палестиналық еврейлер аз уақытқа саяси тәуелсіздікке қол жеткізеді. Б.д.б. 140 жылдан бастап тәуелсіз Иудеяны маккавей (хасмоней) әулетінің алғашқы священник-патшалары билейді. Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар тұрғындарға иудей дінін қабылдатуға белсенді атсалысады. Б.д.б 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны жаулап алады, сөйтіп, Сирия провинциясына қосылған Иудея Рим империясының бір бөлігіне айналды. Иудея мен Самария өзін-өзі басқарудың соңғы белгілерінен айырылды. Енді билік толығымен Рим тағайындаған билеушінің қолына шоғырланды. Бас абыз басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен тұрған кеңес – Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің толық бақылауына өтті.
Саяси тәуелсіздіктен айырылуды Палестина тұрғындарының бір бөлігі қасірет ретінде қабылдады. Халық арасында әкелер өсиетін, діни рәсімдер мен тыйым салуларды бұзғаны үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы пікірлер кең таралды. Бұл еврейлердің діни-ұлттық топтары – хасидейлер (ізгі иудейлер)  мен фарисейлер (жіктелгендер) ұстанымдарының нығаюына көп ықпал етті. Фарисейлер иудаизмнің тазалығы үшін, жат жерліктердің ықпалына қарсы күресіп, дәстүрлі тіршілік нормаларын сақтауға шақырды. Бұл Жаңа Өсиет мәтіндерінде көрініс тапты. Әлеуметтік құрамы бойынша фарисейлер қала тұрғындарының орта таптарынан (саудагерлер мен қолөнершілерден, синагога оқытушыларынан) тұрды.
Жергілікті дәстүрлермен, киелі діни орындармен санаспаған жатжерліктер билігіне деген наразылық, Римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуынан туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің тереңдеуі, ішкі қайшылықтар, сенімсіздік пен селқостық, болашақтың бұлыңғырлығы сезімі мен мистикалық сарыуайым сарындарын туындатты. Біздің дәуіріміздің І ғасырында Палестинада көп кешікпей құтқарушының, мессияның (машиах) “құдай белгісі бардың” келетінін және оның иудей халқын құтқарып, “иудей патшасы” болатындығын уағыздаушылар қаптап кетті. Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні де аш-жалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмады, Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермеді. Христиан діні құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талпынды. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдай ақиқатын тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялады. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идеялық күшке айналды.
Христиан дінін ұстанушылар бұл дінді адамдар ойлап тапқан жоқ, ол адамзатқа құдайдың жіберген діні дейді. Бірақ діни ілімдердің салыстырмалы тарихы христиан дінінің пайда болуына діни, философиялық, этикалық ықпалдардың болғанын айғақтайды.
Христианшылдық иудаизмнің, митраизмнің, көне шығыс діндерінің философиялық көзқарастарының тұжырымдамалық идеяларын игеріп, қайта қарастырды. Осының бәрі жаңа дінді байытып, нығайтты, оны ұлттық-этностық мәдениеттерге қарсы тұруға дәрменді мәдени-интеллектуалдық күшке, бұқаралық қозғалысқа айналдырды. Христианшылдықтың бұрынғы діни-мәдени мұраны игеруі жаңа ілімнің жалпыға танылуына мүмкіндік берді.
Христиан ілімінің қалыптасуына Филон Александрийскийдің (б.д.б. 25-б.д. 50 жж.) неоплатонизмі мен римдік ойшыл Сенеканың этикалық көзқарастары ерекше әсер етті. Филон библиялық дәстүрге аян алуда танылатын және жаратушы сөзі ретінде түсінілетін Логос ұғымы мен эллинистік дәстүрде ғарыш қозғалысын бағыттайтын ішкі заң ретіндегі Логосты біріктірді. Филон Логосты мәнді пайымдауға мүмкіндік беретін Қасиетті сөз ретінде қарастырды. Филонның адамдардың туа біткен күнәһарлығы, мойынсұну, мәннің дүние бастауы ретіндегі ілімдері, Құдайға жақындау құралы – экстаз, жоғарғы Логос және Құдай ұлы болып табылатын логостар (періштелер) туралы идеялары, рухани бастаулардың иерархиялығы туралы түсініктері христиандық көзқарастардың идеялық алғышарттары болып табылады және бұл идеялар мен түсініктер христиандықтың қалыптасуына зор ықпал етті. Христианшылдықтың ізгілікке жету туралы адамгершілік ілімі Луцей Анней Сенека көзқарастарына өте ұқсас. Сенека кез келген адам үшін бастысы құдайылық қажеттілікті түсіну арқылы рухани бостандыққа жету деп санады.
Бастапқы христиандық қауымның құрамы негізінен қоғамның төменгі таптары – құлдар, ерік алғандар, қайыршылар және тағы басқалардан тұрды. Алайда ІІ-ІІІ ғасырлардың соңына қарай қауымдарда сенаторлық және әскери атағы бар адамдардың саны артты.
Христиандық қозғалысқа ақсүйектер мен білімді адамдардың тартылуы оның әлеуметтік мазмұнын өзгертті. Жоғары тап өкілдері қауымда жетекші орындарға ие болды, мүлік жұмсау мен діни рәсімдерді атқаруға басшылық етті. Сол себепті олар теңсіздікті жою, қалыптасқан тәртіпке қарсы шығу идеяларын христиандықтан ығыстыруға тырысты.
Римде императорға адалдық культі кең таралған еді. Император мүсінінің алдында құрбандық шалудан бас тарту саяси күмәнділіктің белгісі саналатын. Христиандар бұл рәсімді ұстанудан бас тартқандықтан, императорлар Траян (53-117), Марк Аврелий (121-180), Семтимия Север (146-221), Валериан (193-260 жж. шамасы), Диоклетиан (245-316) және т.б. кезінде қатты қуғынға ұшырады. Азап шеккендер культі  христианшылдықтың таралуына және христиандардың бірігуіне ықпал етті. Көптеген христиандар қуғынан шөл далаларға қашты. Бұл осы уақыттарда христиан монахтығының пайда болуына ықпал етті. 
Қауымның әлеуметтік құрамының өзгеруі олардың әлеуметтік эволюциясын да анықтады. Бұрынғы демократиялық үрдістерден бас тарту күшейе түсті. Шіркеу мен қауым басшылары императорлық билікпен жақындасуға ұмтылды, ал императорлық билік өз тарапынан империяны бір дін аясында топтастыруға мүдделі еді. Ұлттық діндерді біртіндеп, атап айтқанда, рим дінін әлемдік дінге айналдыру сәтсіз аяқталды. Империя халқының бәріне түсінікті ортақ нәрсе қажет болды. Император Константин 312 жылы христиан дінінің мемлекеттік дінге айналуына бастау болған Милан шешімін қабылдады. Ал 325 жылы толыққанды билікке қол жеткізген Константин Рим империясының аумағында христиандықтың шектеусіз таралуын және оның басқа діндермен теңдігін қамтамасыз етті.
Христиан ілімі Қасиетті Жазу – Библия мен Қасиетті Аңызға – шіркеу әкейлерінің айтқандарына, соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда, ерте христиандықта бұл негіздер болған жоқ. Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер – “игі хабарлар” арқылы таралды.
Алғашқы ғасырларда әртүрлі қауымдарда әртүрлі евангелиялар, жеке адамдардың істері туралы жазбалар пайда болды. Сол уақыттарда белгілі болған жазулар: Петр, Андрей, Варфоломей, Лука, Иоанн евангелиялары, аталған Матвейден келген евангелиялардың әртүрлі нұсқалары еді. Сонымен қатар топтардың атауымен аталып, сол топтарда қадір тұтылған евангелиялар да, мысалы, назорейлер, эбиониттер, еврейлер евангелиялары да пайда болды. Бұдан басқа Петр Апокалипсисі, Павелдің лаодикейліктерге, александриялықтарға арнаған хабарлары, оның Сенекамен алысқан хаттары, Петр уағыздары, 12 апостолдар ілімі (“Дидахе”), Герма “Пастрі” сияқты аян алу жанрына жататын кітаптар да  кездеседі.
Христиандар арасындағы кикілжіңнің себебін түсінгісі келген император Константин епископтардан қасиетті кітаптар тізімін жасауды талап етті, сөйтіп канонды жасақтау ісін тездетті. Константиннің мақсаты бір орталықтан басқарылатын империяға сәйкес келетін бір орталықтан басқарылатын ортақ ілім негізінде шіркеулерді біріктіру болды. Константин қайтыс болғаннан кейін 363 жылы болған Лаодикей соборы канондалған христиандық шығармалардың тізімін белгіледі. Алайда, Жаңа Өсиет құрамына енген кітаптар тізімі 429 жылы Карфаган соборында бекітілді. Жаңа Өсиет құрамына 4 Інжіл, апостолдардың 21 өсиеті және Иоанның Апокалипсисі кірді. Бұлардың барлығы христиандар үшін киелі кітаптар болып саналады. Ал қалғандарын шіркеулік дәстүр апокрифтік (жалған) шығармалар қатарына жатқызады.
Христиандық догматтардың бір де біреуі аяқталған күйде пайда болғ



Скачать работу






Скачать работу

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2017 | Time 0.0021 |