Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

Нарық дегеніміз

Нарық қатынастарын зерттеуін экономикалық теория классикалық мектебі өкілдерінің еңбегінен іздегеніміз дұрыс. Оған Адам Смит пен Давид Рекардо жатады. Адам Смит рыноктык экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеген. Мемлекет «laissez faire» – «өзінше жүре берсін» саясатын жүргізгені абзал. Рыноктың өзі ұлы үйлестіруші саналады. Рыноктың тепе-теңдігі жай адам эгоизмінің негізінде жүзеге асады – пайдаға мүдделі және еркін бәсекенің болуы. Адам Смиттің ойынша, адам рынокта өз пайдасын көздей отырып, «қаперінде жоқ нәрсеге көрінбейтін қол арқылы мақсатқа бағытталады. Өзінің мүддесін көздей отырып, қоғам мүддесіне жиірек қызмет жасайды». Еркін рынокқа бар ниетінің артуының арқасында А. Смит либерализм мектебінің айтулы идеологы болды. (Liberalis – еркін деген латын сөзі.) К.Маркс экономикалық теорияда рынок тепе-тепеңдігі мәселесі үш деңгейде қараған: микродеңгей – көпсалалы шаруашылық деңгейін және қоғамдық шаруашылықтың ең жоғарғы, көп факторлы, ұдайы өндіріс дәрежесінің деңгейі. Мысалы, К.Маркс «Капиталдың» екінші томында рыноктык тепе-теңдіктің схемасын экономиканың әр түрлі аясындағы өндіріспен қорланудың өзара байланыстылығына қатысты қарастырған. К.Маркс схемасында ұдайы өндірістің екі бөлімшесі пайдаланылады. (І-өндіріс құрал-жабдығының ұдайы өндірісі, ІІ-тұтыну заттарының өндірісі) және өзара айырбастың болуы қарастырылады. Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс заңдары айқындалады және жиынтық қоғамның өнімінің өткерілу шарты көрсетілген. Жиынтық қоғамдық өнімнің өткерілуі І мен ІІ бөлімшелердің арасындағы және әр бөлімшенің өз ішіндегі пропорциясының сақталғанында ғана жүзеге асу мүмкіндігін К.Маркс ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемасында көрсеткен. Осы прапорцияның бұзылуы әр түрлі өндіріс аясының өзара байланысының бұзылуына әкеліп, артық өндіру дағдарысын тудырады. К.Маркстың ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемасындағы жалпы рыноктык тепе-теңдік швейцар экономисі Леон Вальрас (1834-1910жж.) осы тектес теориясына дөп келеді. Италия экономистері Вальфредо Паретто (1848-1923жж.) мен Энрико Баронне (1859-1924жж.) сияқты замандастары дер кезінде ол теорияны бағаламады. Шынын айтсақ, жалпы тепе-теңдікті талдау шаруашылықты жоспарлы жүргізу теориясының салдарын жасады.

Нарық дегеніміз – экономикалық категориядағы қатынастар

Социалистік лагердегі қоғамдық меншікті дамытудағы экономикалық қатынастардың кесапаты жеке адамдардың мүмкіншілігіне қатаң тыйым салу салдарындағы білімсіздік, ең кедей мемлекеттер қатарына қосып кетті. Ал қазіргі қоғамның түпкі даму мақсаты – сондағы әркімнің өзіндік қабілет мүмкіндігіне байланысты құқықтық қатынастарды құру. Қандай бір қатынастар болмасын, оның ішіндегі ең өзектісі егелік экономикалық қатынастар. Экономикалық қатынастар дегеніміз өзі ақша, тауар, қарыз, несие, құнды қағаздар, т.б. барлық категориялардың қатынастары. Тек экономикалық қатынастар арқылы әркім өзін және өзіндік, өзгенікі және өзге материалдық және рухани әлеуметтік байлықты жасай алады. Экономикалық категориялар қызметтерінің тәртібі мен мақсатының нәтижесінде жарату, болу, қайта болу, тұтыну, жинау заңдылығы орындалады. Сонымен нарық дегеніміз – әрбір экономикалық қатынастардың жүру келісімді бағасын өлшеу арқылы анықтау. Экономикалық қатынастардың орындалуы алдымен нарықтық бағаны есептеу, нарықтық бағаға келісу, нарықтық келісім бағасымен есептесу процестерінен өтеді. Ал бұл процестердің толық орындалуы үшін оның заңды және жеке тұлғалар арасындағы сұраныстар мен ұсыныстардан құралған екі жақтық құқықтығы болады. Сұраныстар мен ұсыныстары жоқ жердегі экономикалық қатынастардың жүру нарығы болмайды.
Қазақстан экономикасының түйіні – мұнай-газ кешені. Қазақстанның «Стратегия – 2030» бағдарламасында энергетикалық ресурстарға және оларды тиімді пайдалануға приоритеттік мән беріледі. Мұнай ұлттық экономиканың болашақтағы дамуын анықтайды және анықтап берді. Қабылданған стратегияға сай мұнай-газ секторы елдің экономикалық өсуінің негізі болып, жақын болашақтағы белсенді қызметіне ұйтқы болуы тиіс. 2000 жыл Республикада 1999 жылмен салыстырғанда 35,3 млн. тонна мұнай өндіріліп, 117,2℅ құраған. 2000 жылғы игерілген көмірсутектік ресурстарды тарату мынадай:
«Казахойл» ҰМК барлық өндірілген мұнай 5,9 млн тонна, соның ішінде (1999 жылмен салыстырса 107,4℅);
«Өзекмұнайгаз» АҚ – 3,6 (112,6) млн тонна;
«Казахойл-Ембі» ААҚ – 2,3 (100,1) млн тонна;
«Казахойл» ҰМК қатынасуымен, барлығы 11,4 (110,8) млн тонна, соның ішінде:
«Тенгизшевройл» ЖШС БК – 10,5 (109,5) млн т.
«Арман» ЖШС БК – 0,22 (96 млн т.)
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК – 0,2 (182,3) млн т.
Басқа да барлық мекемелер, барлығы – 18,0 (125,7) млн т.
Соның ішінде:
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 4,2 (103,3) млн т.
«Ақтөбемұнайгаз» АҚ – 2,6 (112,3) млн т.
«Қарашығанақ Петролиум Оперэейтинг КО» – 4,6 (137,9) млн т.
«Қаражамбасмұнай» АҚ – 0,9 (177,9) млн т.
«Харикейн – Құмкөлмұнай ЛТД» БК – 3,3 (130,9) млн т.
«Торғай-Петролиум» БК – 1,3 (129,0) млн т.
Осы мекемелер арқылы өндірілген мұнай газ ресурстарының көлемі – 33,7 млн т., ал қалған бөлігі 8 біріккен кәсіпорындар арқылы өндірілген. Порал, Қарақұдықмұнай, Эмбаведьойл, Матин, Казгермұнай, Светландойл, Сазанқұрақ, Қуатомлонмұнай, сонымен қатар ғылыми өндірістік орталық «Мұнай», «Анако», «Алмаз интернейшнл», «Трейдинг Компани», «ЖАҚ», «Тексака Норс Бузачи Генк» компаниялары арқылы аз ғана деңгейде мұнай өндіріледі.
Мұнай өндіруші саланың өзіне тән ерекшеліктері бар. Және олар экономикада ерекше белгелінеді. Ол мемлекеттің ғана емес, бүкіл елдің социалдық экономикалық және саяси көзқарастарының үлкен спектрін анықтайды. Сондықтан бұл экономикалық секторға талдау жасау өте маңызды. Қазақстанның ішкі өндірісі үш зауыттан құралады. Олар: ААҚ «МӨЗ Петро Қазақстан ойл Продактс», ААҚ «АНПЗ», ААҚ «ПНХЗ». Дизельді жағармай өндірісі газ өндіруші АҚ «Конденсат» кәсіпорынында дамыған. Ал республикаға негізінен ашық және қою түсті майлар, нефрас тобы және еріткіштер импортталады.
Мұнай өңдеуші зауыттардың үлкен қуаты 18,5 млн т. мұнай және олардың мемлекетті толығымен жанармаймен қамтамасыз етуде мүмкіндігі бар. 1991 жыл мен 2002 жыл мұнай өнімдерінің түсіп кету кезеңі болды. Бұл сала үшін ерекше тоқыраулы 1999, 2000 жылдар болды. Тек 2001 жылдан ғана бастап мұнай өнімдерін өңдеуде жоғары қарай қозғалыс басталды.
Ең үлкен көлем – шамамен 3,5 млн т. 2002 жылы ААҚ «НПЗ ПКОП» өндірілді, яғни өңдеу көлемі бойынша көшбасшылық тенденциясы Шымкент зауытында сақталды. 1998 жылы белгілеулер нәтижесінде 2002 жыл ПНХЗ мұнай өңдеуде 2 млн т.-ға дейін арттырды.
Павлодарда бөлек кезеңдерде 90% дейін өндіру потенциалы шикізаттың тапшылығынан қолданылмады. Шикізатты зауыттарға жеткізу мәселесі бірнеше себептерге байланысты болды. Олардың бірі ішкі және сыртқы нарықтағы энерго тасымалдаушылардың бағасының ажыруынан болды. Осының нәтижесінде көптеген компаниялар экспортқа көбірек мән берді. Дәл қазіргі уақытта мемлекетпен мұнай өңдеуші компаниялардың басшылары шикізатпен қамтамасыз етудегі мәселелерді шешуге бел байлады. Негізінен үкімет мұнай өңдеуші компанияларға шикізатты жергілікті зауыттарға жеткізу шарттарын қоюда. Соңғы жылдарда мұнай өңдеуші акционерлік компанияларда «ҚазМұнайГаз», ПНХЗ – ААҚ «Маңғыстаумұнайгаз», НПЗ ПКОП және «ПетроҚазақстанда» концентрация пайда болды. Ішкі өндірістің көлеміне қарағанда, тәуелсіздік жылдары тек төмен трендқа ие болған, мұнай өнімдерінің құн деңгейі осы уақытқа дейін жыл сайын жоғарылау тенденциясына бағытталды. Осы баға динамикасында қазақстандық мұнай өнімдерін өндірушілердің отандық МӨЗ мен байланысы байқалды. 1993 жылы мұнай өнімдерінің бағасының жоғарылауы тауарлық өнімнің көлемінің азаюына байланысты болды. Шығарылатын өнімнің 2001 жылдан өсуі баға деңгейі төмендеу тенденциясына ие болды. Нарықтағы жағдайға таяу және алыс шет ел импорттары әсер етеді. Бензин фракциясының кіргізуімен мұнай өнімдері импортының ерекшенуіне себепкер болды. Мұнай өнімдерінің импорттық құрылымы қазақстанның ішкі нарығында қою түсті мұнай өнімдерінің және отандық өндірісінің жоғары сапалы мұнай өнімдерінің дифецитінің пайда болуына алып келді.
Мазуттың импорты республикада жыл сайын азаюда, ал жоғары сапалы бензиннің импорты өте жоғары. Осылай республикаға кіргізілетін мұнай өнімдерінің ассортименттерімен байқап қарасақ, негізінен ашық және қою түсті майлар, нефрастар мен еріткіштер, жоғары сапалы бензин импортталды. Негізгі мұнай өнімдерін (бензин, дизельді жағармай, мазут) импортқа қоюшылар, бұл ресей зауыттары, сонымен қатар Өзбекстан және тағы да басқа ТМД елдерінің зауыттары, ал алыс шет елдерден негізінен импортқа матор майлары қойылады.
Мұнай өнімдерінің импорты ішкі өндіріс және сұраныспен тығыз байланысты. Ол ішкі өндірістің жетіспеушілігін қамтамасыздандырады. Осыған байланысты ерекшелеп кететін жайт, отандық МӨЗ нарықтың сұранысын толығымен қамтамасыз ете алады, сондықтан да ашық түсті мұнай өнімдерімен майлауға арналған майлардың ішкі өндірісте жоғарылауы мен кеңейуін бағыттау қажет



Скачать работу






Скачать работу

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2017 | Time 0.0022 |