Sachok.KZ
Қазақша рефераттар
 Бас бет  Байланыс
Пойск  
загрузка...
қазақша реферат
Мұхтар Әуезов
Тұрар Рысқұлов
Қаракерей Қабанбай
Бөгенбай батыр
Шапырашты Наурызбай батыр
Шоқан Уәлиханов
Абай Құнанбаев
Жаңа қазақша рефераттар

«Өз тіліңді құрметте»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ АСПАП
ЖАСАУ КОЛЛЕДЖІ












Тақырыбы: «Өз тіліңді құрметте»












Алматы 2006
Өз тіліңді құрметте

Мақсаты: 1. Қазақ тілі өнерін шешендікпен тапқырлықты
қазақ тарихындағы салт-дәстүрлердегі тіл
шұрайын тану, үлгі алу.
2. Ана тілінің өміршеңдігін адам тіршілігіндегі
рөлін арттыру.
3. Студенттерге ана тілін құрметтеуге, өсіп-
өркендеуіне үлес қостыруға бағыттау.

Көрнекілігі: Плакатта жазылған нақыл сөздер, кітап
көрмесі, буклеттер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе.

«Халқын сүйген –салтын да сүйер» дегендей, мұндай мереке бір халықтың ұлттық байлығы. Сондықтан жас ұрпақтар қастерлей білсе, басқалар да мойындары қақ.
Тіл- әрбір ұлттың заңы, сезімнің, ойдың жанды көрінісі, халық тарихы, мәдениеттің даму жолы. Тіл- ұлттың игілігі және өзіне тән ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи тұрақты қауымдық ретінде қалыптасуы, жалпы алғанда тілдің дамуына және оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты.
С.Е. Малов біздің тіліміз жөнінде «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл- қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты» - десе,
В.В. Радлов «Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең болып, құбылып жатады» - деген екен. Тілді түсінетін, оның құнын танитын, білімді де, мәдениетті адамдар осылай бағалаған.
Салт-дәстурдің бойындағы қаны-сол халықтың ана тілі. Қансыз тіршілік жоқ. Демек ел боламын десең, есіңді жи. Әуелі- оң-солыңа жіті қарап, өзіңнің тіліңді де, дініңді де, жер-су байлығыңның да ешкімнен кем емес екенін байқа. Тіл құдірет, ана тілің- елдігіңнің айғағы. Қандай қиындықтан да жансебіл өлмей келе жатқан тіл. Ендеше, ана тілдің мерейін көтерейік, ағайын.
Ал,енді студенттердің ана тілі турулы дайындаған өлеңдерін тыңдап көрелік.

Ән: «Қазағым менің»

1- студент: Ерлік, елдік, қайрат, бақ- ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың,
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың.

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ,
Таза терең, өткір күшті кең тілім,
Тарап кеткен бабаларыңды бауырыңа,
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім!
М. Жұмабаев.

2- студент: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, тереңдігің,
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.



Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Қ. Мырзалиев.

3- студент: Ана тілі- біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып- қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безген ұл деп қараныз.

4- студент: Ақыл- ойын дананың,
Ана тілден аламын,
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.

Ана тілім- анам сынды аяулым,
Сенсіз жерде көш соңында қаламын.
Сенсіз жерде күнім көрдей қараңғы,
Сенсіз қалсам құруға да таяумын.
Т. Абдрахманова.

5- студент: Тілім барда қазағым бар, халқым бар.
Дәстүрім бар, ата жолы, сальым бар.
Кіршіксіз қардай сақтаңдар.
Қазақтың тілін ғаламат,
Ана тілім арым, иманым
Аманат саған, аманат.
М. Әлімбаев.

Хор: «Ана тілім» әні.

1-жүргізуші: 1989 жылы алғаш рет Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін халкымыздың арасында және өзге ұлт өкілдері арасында ана тілімізге күрт бетбұрыс облып, балаларды қазақша балабақшалар мен мектептпрге беру едәуір белең алғаны мәлім. Елбасы Н.Ә. Назарбаев келешек жастардікі деп, үлкен сенім артып отырған жаңа буын міне, осылар. Иә, қазақ тілі- мемлекеттік тіл. Ол Ата Заңда жазылған. Оны мойындап, мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту бір сөзбен айтқанда ғылым, білім, техника тілі дәрежесіне жеткізу бізге міндет, ұрпаққа парыз!

6- студент: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды журек түнтігін
Тіл туралы заңым енді күшіне
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

7- студент: Әр адамда өз анасынан басқа болу керек төрт ана:
Туған жері- түп қазығы, айбыны
Туған тілі- сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр, салт- санасы- тінегі
Тағдырына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әлі болса да
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.



2-жүргізуші: Өлеңі жыры фонтандай атқан,
Өнердің кілтін тапқан.
Ұл-қыздарға жол ашқан.
Көркем сөз салтын сайратқан.

Абай ауылы: «Тілім менің», Шәкәрім ауылы: «мен қазақпын».

1-жүргізуші: Сахналық көрініс: «Шешендік әлемінде».

І-топ. «От ауызды, орақ тілді ақылы асып туған билер өнері». Қазыбек бидің шешендігі.

ІІ-топ. «Туғаны жоқ тура бидің өнері». Төле бидің шешендігі.

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар.
Жақсы ән мен тәтті күй деп,
Абай атамыз жырлағандай, кезекті халық әніне береміз.

1-жүргізуші: Ән салса, айтса таң қаларсың
Ән сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың
Осындай ән туғызған қазағымды
Қалайша тар пейіл деп айта аларсың
деп, кезекті екі ауыл әншілеріне береміз.

2-жүргізуші: Ал, енді студенттер өзіміздің қазақ тілін, яғни ана тілімізді қалай құрметтейтінімізді, бағалайтынымызды аңғарту үшін өздеріміздің ой-пікірлерімізді ортаға салайық.


Света: Иә, қазақ халқының ана тілі –қазақ тілі. Біз қазақ тілін байытуымыз керек. Халық тілінің мазмұнын байытқан- Абай Құнанбаев. Абай қазақ тілін мәдениеттің биік сатысына шығарып кеткен. Әдеби тіл- бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасы.

Бағылан: Қазақ халқының атақты жазушысы М. Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп өсиет текен. Егер өзіміздің ана тіліміз, яғни қазақ тілін біз қадірлемесек, басқа ұлт өкілдері тіпті біздің кім екенімізді білмейді де, сыйламайды деп ойлаймын.

Рауан: Мен- қазақпын. Ана тілім- анамның ақ сүтімен бойыма жайылған ақылым, ойым, санам, қолвмдағы қаруым, бетімдегі айбарым сияқты өмір серігім. Бірақ мен үшін де басқа ұлттардың тілі де жат емес. Әрине, қайсы ұлтпен болса да өз тілінде сөйлесіп, түсініскенге не жетсін. Соның бәрінен өзімнің ана тілімдей әдемі де, әсем де, кең мағыналы, жатық, сыпайы тіл жоқ сияқты.

Қорытынды: Айта берсек тіл құдіреті өте күшті. Тіл киелі, қасиетті дейміз. Сондықтан ана тілімізді қадірлеп, сүюіміз керек екен.



Скачать работу






Скачать работу

Создание сайта - студия Riskk
Sachok.kz © 2017 | Time 0.0020 |